А.М.Картаева, М.М.Абдрахманова
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ
№ 1 қазақ орта мектебі
Қазақстан, Өскемен
ҚАНИПА БІТІБАЕВАНЫҢ АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ОҚЫТУ
ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ
САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Мақалада қазіргі білім беру жүйесіндегі оқушылардың функционалдық
сауаттылығын
арттыру
мәселесі
қарастырылады.
Функционалдық
сауаттылықты табысты етудің тиімді жолы ретінде белгілі жаңашыл ұстаз,
шебер әдіскер Қанипа Бітібаеваның Абай шығармашылығын оқыту
технологиясы жөнінде сөз болады.
Басты сөздер: функционалдық сауаттылық, құзіреттілік, инновациялық
технология, әдебиетті оқыту, поэзия, әдіс-тәсілдер.
271
Әлемдік тәжірибе негізінде елімізде мемлекеттік білім стандартын
жасауға кірісті. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
бастамасымен өмірге келген функционалдық сауаттылықтың мақсаты –
оқушылардың білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету. Сонымен қатар, ол
орта білім жүйесінің парадигмасын түбегейлі өзгертудің негізі болып
табылады.
Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасында жалпы білім беретін мектептерде зияткерлік,
дене және рухани тұрғысынан дамыған ел азаматын қалыптастыру, оның
өзгермелі әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы
қажеттіліктерін қанағаттандыру деп айқын көрсетілген [1].
Болашақ азамат өз ұлтының асыл мұрасымен сусындау арқылы туған
халқының тарихымен, мәдениетімен жете танысып, білімін кеңейтеді. Қазақ
тілінің грамматикасын терең меңгерген оқушы, қоғамның кез келген саласында
қиналмай жұмыс істеп, өзінің функционалды сауаттылығын көрсете алады. Бұл
тұлғаның кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтауына мүмкіндік береді. Оқушылардың
бойында шығармашылық және инновациялық қызметке деген қажеттілікті
қалыптастыруға ықпал етеді.
Бүгінгі таңда мұғалімнің ең басты міндеті де дайын білімді, дағдыларды
меңгеріп, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін,
біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін, рухани бай, жан-жақты дамыған
құзіретті тұлғаны қалыптастыру болып отыр.
Қазақ
әдебиетін
оқытудың
өзекті
мәселесі
мектепте
Абай
шығармашылығын оқытуды тұңғыш рет арнайы жазып, ақын мұрасын
шәкірттерінің жүрегіне бойлатып, рухани нәрін санасына сіңіріп келе жатқан
әйгілі ұстаз Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева өзінің көп жылғы ұстаздық еңбегі
мен тәжірибесінде Абайды жас өскіндерге жеткізу, сұлулығы мен тереңдігіне
үңілту, қауыштыруды, рухани жан дүниелеріне бойлатуды алдына мақсат етеді.
Ұстаздың сөзіне жүгінсек: «Абай поэзиясының сұлулығынан бойымызға нәр
алып, жан дүниемізді тазартып, сұлу жанды жас ұрпақ тәрбиелеу – адами да,
ұстаздық та борыш», - дейді [2].
Абай шығармашылығын оқытуға арналған әдіскер ұстаз Қ.Бітібаеваның 4
еңбегі бар. Белгілі әдіскер ғалым Ә.М.Дайырова «Мектепте Абай
шығармашылығын оқытуды арнайы қарастырған әзірге бізге белгілі бірден-бір
еңбек – Қ.Бітібаеваның оқу құралдары. Қ.Бітібаеваның бұл зерттеуі оқушыны
Абаймен қауышу қуанышына кенелтіп, мұғалімге үлкен көмекке келетін
пайдалы да зәру еңбек екендігі сөзсіз», - деп бағалайды [3].
Ары қарай ғалым: «Қ.Бітібаеваның бұл зерттеуі оқушыны Абаймен
қауышу қуанышына кенелтіп, мұғалімге үлкен көмекке келетін пайдалы да зәру
еңбек екендігі сөзсіз», - деген пікір айтады. Шынында да ұстаз Абай
шығармашылығын жаңаша оқытудың жүйесін, үлгісін береді. Ол үшін Кеңестік
кезеңдегі ақын шығармашылығын оқытудағы кемшіліктерге әділ пікір
білдіреді. Саясат құрсауында Абайды тап күрескері етіп, оны «әлеуметшіл
272
Абай» дәрежесінде ғана оқытылуын сөз ете отырып, автор оның саяси-
әлеуметтік лирикасын ғана емес, ұлы дана мұрасын толық, жан-жақты оқыту
проблемасын қозғайды. «Абай поэзиясын тақырып-тақырыпқа бөлшектемей,
тұтастай қарастыру» мәселесін көтереді [2]. Әсіресе автордың Абай
поэзиясының алтын арқауы – Адам, оған деген махаббат екеніне тоқтала
отырып, Толық Адам проблемасы айналасында ізденуді алдыға тартады. Ақын
поэзиясындағы баға жетпес үш асыл қазына: Алланы сүю, Алла махаббатпен
жаратқан Адамды сүю, хақ жолы деп әділетті сүю, яғни осы үш сүю
айналасында оқыту керектігін зерттеуінің басты ұстанымы етеді. Сондай-ақ
автор Абайдай әлемдік алыптың мұраларын оқытуда оқулықтағы беріліп
жүрген өлеңдерінің аздық ететінін, оны таныту үшін төменгі сыныптан бастап
жаңа бағдарлама жасау керектігін ұсынады.
Ұстаз 5-8 сынып арасындағы ақын шығармашылығын оқытудың
бағдарламасын бере отырып, оны танытудың тың технологиясын, жолдарын
саралап көрсетеді. Еңбектің сүбелі бір маңызы – бұрын оқуға ұсынылмаған
ақын өлеңдеріне назар аударуы әр сыныпқа кемінде 6-7 өлең (қарасөзі бар)
шығармаларды бере отырып, оны оқытудың тиімді жолдарын, поэтикалық
талдау үлгілерін беруі. Әр өлеңнің негізінде жатқан ең негізгі, түйінді дәндерін
(даралап, саралап оқыту технологиясы негізінде) саралап ала отырып, оны
меңгертудің инновациялық жолдарын нақты көрсетеді. Әр өлеңге берілетін
көмек-нұсқаулар проблемалық, дамыта оқытуға негізделген талдау сұрақтары
да ғылыми түрде сөз болады.
Қазіргі білім беруде дарын тәрбиелеу, жан-жақты дамыған дара тұлға
қалыптастыру басты мақсат болса, осы мақсаттарға жетудің бір жолы –
іздендіру бағытындағы шығармашылық жұмыстар болып табылады. Еңбекте
шығармашылық жұмыстардың әр түрлі жүйесі берілген.
1. Танымды іздендіруші, өз беттерімен орындайтын тапсырмалар.
2. Ғылыми материалдармен іздендіруге бағытталған жұмыстар жүйесі
(реферат, рецензия т.б.).
3. Поэтикалық талдау түрлері: салыстырмалы жұмыстар, ақын
проблематикасы, кейіпкерлерге микро-мінездеме, дәйексөзді талдау, топтық,
жұптық, жұмыстар түрлері, интервью-сұхбат, реплика-диалог, т.б.
Талдау түрлері тікелей ұстаздың өзіне ғана тән, өз ізденісінің жемісі екені
түсінікті. Бір тақырыптың өзіне бірнеше шығармашылық жұмыстар жүйесінің
жасалуы – тың мәселе. Ал жазба жұмыстарының инновациялық түрлері де
еңбекте кеңінен орын алған. Мысалы, шығарма-толғау, шығарма-сезім, сыр-
толғау, жыр-толғау, жыр-толғау, ой-толғаулар - барлығы да шығармашылық
жұмыстардың тиімді түрлері.
Еңбекте көркем мәтінді оқудың үш түрі ұсынылады.
1. Сыныпта оқып талдауға арналған;
2. Сыныптан тыс оқып, талдауға бағытталған;
3. Өз беттерімен, өз қалауларымен оқып, талдауға арналған.
«Абай шығармашылығын оқыту» атты іргелі еңбегінде автор
«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» тақырыбымен 5 сыныптан бастап 8
273
сыныпқа дейін Абай шығармашылығынан оқылатын шығармалардың
тақырыбын ұсынады. Төменгі сыныптарда лирикалық шығармаларды
оқытудың өзіндік күрделілігін айта келіп, оқытудың әдіс-тәсілдерін береді.
Соның ішінде, 5 сыныптағы Абайдың Әбіш туралы өлеңдерін оқытудың кейбір
тиімді жақтарын атайды. Әбіш туралы абайтанушы ғалымдар еңбектерінен
шолу жасалады, «Абай жолы» эпопеясының «Қарашығын», «Қапада»
тарауларындағы Әбішке сипаттама беріліп, салыстырылады. Әбіштің бейнесін
шәкірттерге үлгі ете отырып, білімділік, тәрбиелік жағынан оның маңызды
екенін түсіндіреді. Әке мен бала проблемасы айналасында оқушыларға пікір
талас ұйымдастырады. Оқушыларды Әбішке дәйектемелі шағын мінездеме
беруге баулиды. Оған талдаудың мынадай үлгісін береді:
Тақырып (оқушы өзі қойған) Әбішті бейнелейтін сөздер
Әбішке шағын мінездеме
«Жасқа жас, ойға кәрі едің»
«Тұла бойың ұят, ар»
Тәуекелге нар
Ерлікке де нар
Талапты
Арлы, намысты,
талапты, батыл, ер,
тәуекелшіл, жалтақ емес.
5-8 сыныптарда Абай шығармаларын оқытудың тиімді әдістемесіне ұстаз
мынадай мақсатты көздейді. Өтілетін жаңа сабаққа байланысты мәтінді алдын
ала оқыту арқылы көркем шығарманы қалай қабылдағанын білу, өз беттерімен
көркем мәтінді талдау дағдыларын қалыптастыру; білімді өз еңбектері,
ізденістерімен алу машықтарын жетілдіру керектігін айтады. Осы мақсатына
орай ұстаз сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, түсініктемені оқу әдістемесін
ұсынады. Талдау кезінде мұғалім үнемі оқушыны қозғап, ой тастап, өзімен
бірге еңбектендіріп, олардың пікірлерін назарға алып отырып қадағалайды.
Жұптық жұмыс пен шағын пікір талас ұйымдастырылуы үшін проблемалық
сұрақтар береді.
1) Ақын өлеңді кімдерге арнап айтады? («Бір естіге», «өзіне», «бір әрі
мың наданға»)
2) «Неше түрлі жан», «даладағы аңдар кімдер?» Ақын неге оларды
осындай ауыр сөзбен сынайды?
Әдіскер ұстаз оқушыларды ойлантып қана қоймайды, оларды ақын
сезіміне, сонымен бірге өздерінің сезімдерін бақылауға арналған практикалық
жұмыс түрін береді. Мысалы:
Шумақтар
Ақын сезімі
Оқушы сезімі
І
Өкініш, қайғы
Өлімді ойлау, ақынды ойлау, тебіреніс
ІІ
Амалсыздық, ойлы мұң, үміт,
болжам
Мұң, жан ашу, қобалжу
ІІІ
Амалсыздық,
ашына
сөйлеу,
күйіну
Түсіну, ақын рухымен сырласу, ренжу
ІҮ
Өкініш, мұң шағу, үміт
Ойлы мұң, көне алмау, керісінше,
жаны ашу
Ү
Өкініш, сыр ашу, сырласу
Кіналау (қоғамды), күрсініс
ҮІ
Күйіну, аяушылық күту, өсиетті
өкініш, сырласу
Есіркеу, аяу
ҮІІ
Болжау, тоқтау, сенім
Аяныш, тебіреніс
274
Бұндай жұмыстар лирикалық шығармаларды сезіммен талдауға үйретеді.
Оқушыларды адам сезімі мен жанын түсінуге баулиды.
Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға шығармашылық жұмыстар беруді
ұйғарады. Яғни ол жұмыстарға ұстаз көмек-карточкалардың «Болашаққа хат»,
«Арыз» атты үлгілерін дайындайды.
Абайдың поэмаларын, қарасөздерін оқытуда тиімді оңтайлы тәсілдер
арқылы оқушылардың түсінігіне сай берілгенін көруге болады. Қарасөздерді
оқытуда ұстаз мәнерлеп оқу, түсініктемелі оқу, сарамандық жұмыстарды
пайдалануды жөн көреді. Ақынның әр қарасөзін оқытуда оқушыларға берілетін
білім мазмұнымен таныстырады, оған талдаудың үлгісін кестелер арқылы
көрсетеді. Пікірлесу сұрақтары мен оқушылардың білім-білік дағдыларын
жетілдіру бағытындағы жұмыстар мен талаптарға көп көңіл бөледі.
Сонымен қорыта келгенде, Абай шығармашылығын оқушыларға жан-
жақты тереңдетіп оқытуда бұл еңбектің ғылыми әрі әдістемелік жағынан
маңызы зор. Себебі адамзаттың Абайдай ірі тұлғасының шығармашылығын
жасөспірімдерге оқытып меңгертудің жан-жақты жолдарын іздеп, оның түйінді
дәнін тауып оқушылардың бойына дарытып, адамдық қасиеттерге баулыған
инновациялық технологияның талаптарына сай нағыз гуманистік тұрғыдан
жазылған ғылыми әдістемелік еңбек демекпіз.
Қанипа Омарғалиқызының қай еңбегі болсын ұстаздардың бағдар
шамындай. Сол себептен болар, ұстаздың еңбектеріне деген сұраныс та ерекше.
Библиографиялық сілтемелер
1. ҚР Білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы.
2. Бітібаева Қ. Абай шығармашылығын оқыту–Алматы:Мектеп,2003–232б
3. Дайырова Ә.М. Абай тағлымы. Халықаралық ғылыми-практикалық
конференция материалдары. – Алматы, 1995.
4. Бітібаева Қ. Мектепте Абай шығармашылығын оқыту. – Өскемен:
Полиграфия, 1994.
Достарыңызбен бөлісу: |