ұсынамын. Оқушылар бұл ойында бірден 3 әрекет жасайды. Біріншіден, сөзді
288
3 – сурет
3.Бұл суреттегі ойынды, яғни «Рифма немесе Ұйқасын тап» бастауыш
сыныптарда тақырыптық жаңа сөздерді тексеру, бекіту немесе өткен сөздерді
тексеру немесе қайталау мақсатында қолданамын. Бұл ойын түрі өте қызықты
және ұйққас табу үшін бала ойланадығ ізденеді, миға шабуыл жасайды.
4.Келесі ойынды да бастауыш сыныптар мен 5 сыныптар үшін
қолданамын. Ол ойын «Guess the melody», яғни «Әнді тап» деп аталады.
Тақырыптық әндер жатталады, айтылады, сол әннің басын қосамын, ары қарай
олар жалғастыру керек. Осы ойын арқылы оқушылардың тыңдалым, айтылым
әрекеттерін дамытуға болады.
4 – сурет
5.Бастауыш сыныптар мен 5 сыныптарға арналған сабақ ортасында өтетін
сергіту сәттерін қимыл – қозғалыс ойынына жатқызуға болады. Бұл сәтті 5
cыныптарда«A trip to the childhood» деп аламын. Оқушыларға бұл кезең
ұнайды, себебі олар біраз денелерін қозғалтып, созылып, айналып, секіреді.
Бұндай ойындарды видеоның көмегінсіз де, көмегімен де жасаймыз. Сергіту
сәттерін егер видеоның көмегімен жасасақ ол өте қызықты және пайдалы.
Себебі тақтадын не істеу керектігі көрсетіледі, айтылатын сөздер жазылып
шығып тұрады. Ал оқушылар визуалды көрнекіліктерді естерінде тез және ұзақ
сақтайды. Келесі сабақта қайталау барысында видеоның көмегінсіз де жасай
алады. Мысалы, «Finger Family», «The Goodbye Song», «Go and Stop», «Big and
little», «Bang-Bang», «Musical chair», «Magic bag», «Twist a pin», «Tennis», «Play
snowballs», т.б.
6.
Достарыңызбен бөлісу: