Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет168/250
Дата09.05.2022
өлшемі8,45 Mb.
#33743
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   250
Байланысты:
Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы ро

Жұлдыз Раджанқызы Раджанова  

«Зырян қаласының №9орты мектебі»КММ 

Қазақстан, Зырян 

 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРІН ДАМЫТУДА 

МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ПЕН АКТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ 

ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІ 

 

Қазіргі  білім  беру  үрдісінде  математикалық  сауаттылық  пен  АКТ 



технологияларын  қолдану  ең  өзекті  мәселе  ретінде  қаралып  отыр. 

Оқушылардың  математикалық  функционалдық  сауаттылықтарын  арттырудың 

жолдары  мен  әдіс–тәсілдері  кеңінен  қарастырылуда.  Сауаттылықты 

қалыптастыру құзіреттіліктерін деңгейлеп жүргізудің тиімділіктері тәжірибеде 

қолданылуда.  АКТ  технологиясын  математика  сабақтарында  қолдану 

оқушылардың математикалық ұғымдарын дамытуға барынша әсер етеді. 

 

Түйін сөздер: Тұлға дайындау,  логикалық ой, математикалық құзіреттілік 

ұғымы. 



480 

 

 



 

 Қазіргі  заман  талабына  сай  оқушылардың  ақпараттық  құзыреттіліктерін 

дамытуда  математикалық  сауаттылықты  және  АКТ-  технологияларын  дамыту 

әдістерін  басты  назарда  ұстау  керек.  Оқытудың  озық  ақпараттық  – 

инновациялық  технологиялар  әдістерінің  тиімді  жағын  пайдаланып, 

математикалық білім жүйесін дамытып, сапалы білім беру көзделуі шарт.  

 

Математикалық  сауаттылықтың  мақсаты  бүгінгі  күн  талабына  сай,  жан-



жақты  дамыған,  белсенді,  өмірге  талпынысы,  тұрақты  қызығушылығы  бар, 

алған  білімді  іс  -  әрекетте  еркін  қолдану  дағдысы  қалыптасқан  тұлға 

дайындау. Ол үшін: 

 

 Математика 



пәнінен  сауаттылықты  қалыптастыру  мен  АКТ  - 

технологияларын 

дамытудың 

негізгі 


міндеттеріне 

тоқталайық: 

 

1)  Математика  –барлық  ғылымдардың  логикалық  негізгі  –  күре  тамыры 



ретінде  қарастырылады;  яғни,  теорияны  білу  оны  логикамен  ұштастыру; 

 

2)  Математика,  ең  алдымен  оқушылардың  дұрыс  ойлау  мәдениетін 



қалыптастырады,  дамытады  және  оны  шыңдай  түседі;  Ақпараттық 

мәдениеттілігін,  сауаттылығын,  алгоритмдік  ойлауын  қалыптастырады; 

 

3)  Интеллектуалды  тұлғалық  және  эмоциялық  -  жігерлік  сапаларын, 



қабылдау түрлерін және есте сақтауын дамытады; Әлемде болып жатқан түрлі 

құбылыстарды, жаңалықтарды дұрыс қабылдап, түсінуге көмектеседі;  

 

4)  Математиканың  болашақ  тұлғаны  моральдық,  эстетикалық  және 



этикалық 

тұрғыдан 

да 

тәрбиелейді; 



Оқушыны 

азаматтыққа 

және 

дүниетанығыштыққа баулиды. 



 

 Кез-келген  мектеп жасына  дейінгі баланың  танып-білуге, оқуға  қатысты 

қызығушылығының  өте  жоғары  болатыны  белгілі.  Ал  психологтардың  айтуы 

бойынша,  баланың  негізгі  логикалық  ойлауы  5-11  жаста  қалыптасады  екен. 

Сондықтан  балаларды  ақпараттық  қоғамда  өмір  сүруге  дайындау  үшін 

бастауыш  сыныптан  -  ақ  оларды  логикалық  ойлауға,  талдау  жасай  білуге, 

ақпараттық технологиялардың негізіне, ақпараттық сауаттылық пен мәдениетке 

тәрбиелеу қажет. 

Сондай-ақ  негізгі  білім  бағдарламасы  мазмұнының  міндетті  минимумы 

«Логика  және  алгоритм  бағыты»  және  де  «Компьютер  және  ақпараттық 

технологиялар  бағыты»  деген  мазмұндық  бағытта  берілген.  Осы  минимумға 

орай  қазіргі  кезде  оқытудың  әдістерін  күн  сайын  жаңарып  отыруына 

қарамастан  АКТ  -  технологияларын  оқытудың  мақсатын  төмендегідей  түрде 

сараптауға болады: 

- компьютерлік сауат ашудың бастау негізі; 

- ойды логикалық түрде дамыту; 

- алгоритмдік білімді жетілдіру мен мақсатты шешудегі жүйелілік; 

- компьютерді үйренудің оңай жолдарын іздеу. 

Математикалық  сауаттылық  –  күнделікті  өмірдегі  математиканың  рөлін 

анықтау  және  түсіну;  сандық  ақпараттарды  оқу,  түсіндіріп  беру  және  талдай 

білу,  негізделген  математикалық  пайымдаулар  айту  және  математиканы 

практикалық және танымдық проблемаларды шешуде пайдалану. 




481 

 

Математикалық  сауаттылықты  қалыптастыру  нәтижесі  болатын 



құзыреттілікті деңгейлерге бөлуге болады: 

1.  Бірінші  деңгей  (еске  түсіру  деңгейі)  –  таныс  жағдайда  белгілі  фактілерді, 

үйреншікті  тәсілдерді  қолдану,  математикалық  объектілер  мен  қасиеттерді 

танып  білу,  үйреншікті  рәсімдерді  орындау,  белгілі  алгоритмдер  мен 

техникалық  дағдыларды  қолдану,  үйреншікті,  таныс  өрнектер  және 

формулалармен жұмыс істеу, есептеулерді тікелей орындау; 

 

2. Екінші деңгей (байланыстарды орнату деңгейі) әдеттегідей болмаса да, 



бірақ  оқушыларға  таныс  немесе  ең  аз  дәрежеде  ғана  белгілінің  шегінен  тыс, 

есепті 


шешу 

бойынша 


репродукциялық 

әрекеттерден 

құрылады. 

Математиканың  қай  бөлімінің  материалын  және  қандай  таныс  әдістерді 

қолдану  керек  екенін  есептің  мазмұны  еске  түсіреді.  Әдетте  бұл  есептерде, 

есепте  суреттелген  жағдайды  әр  түрлі  түсінулер  арасында  байланыстар 

орнатуды  немесе  есептің  шартындағы  берілгендер  арасында  байланыс 

орнатуды 

ұсынатын, 

есептің 


шешуін 

түсіндіруге 

талаптар 

көп. 


 

3.Үшінші  деңгей  (пайымдаулар  деңгейі)  өткен  деңгейдің  дамуы  ретінде 

құрылады.  Бұл  деңгейдің  есептерін  шешу  үшін,  математикалық  құралдарды 

таңдауда  белгілі  интуиция,  пайымдау  және  шығармашылық,  математика 

курсының  әр  түрлі  бөлімдерінен  білімдерді  интегралдау,  іс-әрекет  алгоритмін 

өз  бетінше  жасау  талап  етіледі.  Тапсырмалар  әдеттегідей  берілгенді  көп 

қамтиды,  көбіне  оқушылардан  шыққан  нәтижені  талдап  қорыту,  түсіндіру 

немесе негіздеу заңдылықтарын талап етеді.  

Оқушылардың  математикалық  сауаттылығын  табысты  ету  үшін,  тиімді 

әдіс жұмыс жүйесін құру қажет:   

1)  әртүрлі  оқу  пәндерінің  тақырыптық  материалдарынан  тапсырма 

даярлау  керек,  оның  дұрыс  орындалуы  білім  мазмұнының  кіріктірілуін  талап 

етеді; 

2) әртүрлі ақпарат дайындау қажет; 

3) шығармашылық, логикалық тапсырмаларды сабақта және сабақтан тыс 

іс-шараларда қолдануды арттыру керек.  

4) есепті шығаруда тиімді жағын көруге баулу. 

5)  математикалық  сайыс  сабақ,  пән  кештері,  апталықтарды 

математиканың даму тарихымен байланыстыру. 

6)  ақпараттық  оқыту  технологиясын  математика  сабақтарында 

интерактивтік  тақтаны  қолдану.  Интерактивті  тақта  арқылы  оқушылар  жаңа 

материалдарды  арнаулы  бағдарламалар  көмегімен  мүмкіндігінше  меңгерумен  

қатар функционалдық сауаттылығы да артады 

 

Математикалық  сауаттылық  дұрыс  сөйлеу  қабілетін  математика 



сабақтарында  оқушылардың  келесі  қабілеттері  мен  бейімділіктерін  шыңдай 

түсуді меңзейді: 

1)  Тақырыптағы,  текстегі  басты  ойды  бөліп  көрсете  білу  және  оған 

жоспар құра білуге; 

2) Материалды қисынды, мағыналық топтай, талдай білуге; 

3)  Математикалық  терминологияларды  түсіне,  қолдана  және  негіздей 




482 

 

білуде; 



4) Ұғымдардың, түсініктердің өзге ұғымдар жүйесіндегі орнын және 

түсініктер иерархиясы тұрғысында білуде; 

5) Ауызша және жазбаша математикалық сауатты сөйлеуді меңгеру. 

Математикалық  сауаттылық  пен  АКТ  -  технологиялары  дүниетанымды 

қалыптастыруда,  математикалық  модельдеу  идеяларын  ұсынады  және 

математикалық  сауаттылық  пен  АКТ  -  технологияларын  жалпы  меңгеруде 

математикалық  білім  мен  біліктіліктің  алар  орны  ерекше.  Математикалық 

сауаттылық  математикалық  сөйлеу  және  жазу  мәдениетіне  қоршаған  ортаны 

және  олардың  заңдылықтарын  баяндау,  оны  оқып  үйренудің  оқушылардың 

дүниенің  ғылыми  бейнесін  меңгерудегі  басты  құралы  ретінде  ерекше  көңіл 

бөлу  қажет.  Математикалық  сауаттылық  оқушылардың  математикалық  тексті 

оқуына,  жазуына  және  қайта  айтып  беруіне,  жазылғандар  мен  айтылғандарды 

түсіне  білуіне  ең  төмен  талап  ретінде  қарау  қажет.  Сонымен  математикалық 

біліктіліктердің  негізгі  құрамдас,  толыққанды  тіршілік  жасауға  қажеттілік 

ретінде оны арнай, бағдарлы түрде дамытып, қалыптастыру керек. 

Математикалық  сауаттылық  пен  АКТ  –  технологиялары  оқушылардың 

құзыреттілігін  дамытуда  дұрыс  сөйлеу  қабілетін  математика  сабақтарында 

оқушылардың келесі  қабілеттері  мен бейімділіктерін  шыңдай  түсуді  меңзейді: 

          1)  Тақырыптағы,  текстегі  басты  ойды  бөліп  көрсете  білу  және  оған 

жоспар құра білуге; 

2) Материалды қисынды, мағыналық топтай, талдай білуге; 

3)  Математикалық  терминологияларды  түсіне,  қолдана  және  негіздей 

білуде; 

4) Ұғымдардың, түсініктердің өзге ұғымдар жүйесіндегі орнын және 

түсініктер иерархиясы тұрғысында білуде; 

5)  Ауызша  және  жазбаша  математикалық  сауатты  сөйлеуді  меңгеру, 

математикалық символдар мен белгілеулерді дұрыс қолдана білуге. 

Математикалық  сауаттылықтың  дамуы  оқушының  жалпы  сөйлеу 

мәдениетін 

дамытып, 

қазіргі 

қоғамда 


тұлғаның 

ұтымды 


сөйлеу 

коммуникацияларын  қалыптастырады.  Осыған  қоса,  көп  жылғы  іс-тәжірибе 

көрсеткендей,  математикалық  білімнің  меңгерілуі  мен  үйретілуі,  оқытылуы 

дәрежесі  жоғары  болған  сайын,  оның  бастауыш  сыныптағы  оқушылардың 

бойында адамгершілік қасиетті қалыптастырады. 

Математика  пәнін,  АКТ  -  технологияларын  игеру  барысында 

оқушыларды  математика  ұғымдарын  оқумен  бірге  өзінің  ойын  жеткізе  білуге, 

оқыған  математикалық  ұғымдарды  дұрыс  тани  біліп,  қолдана  алуға  баулудың 

маңызды  айрықша  екендігі  белгілі.  Математикалық  ұғымдарды  біліп  қана 

қоймай,  оның  қолдану  ерекшеліктерін  ұғуға,  оларды  іс  -  тәжірибеде  қолдана 

алуға үйрету қажеттігі туындайды. 

Математикалық ұғымдарды оқытуда, келесі мәселелерге көңіл бөлу қажет: 

а) математиканы, қарапайым ұғымдарды мектепте оқытуда теориялық 

жақтарын  таныстырумен  бірге,  іс  -  тәжірибеде  қолдана  алу  бағытында 

жұмыс 

жүргізу; 




483 

 

          ә) математикалық ұғымдарды үйретуді олардың жас ерекшеліктеріне 



байланысты  күнделендіріп,  алған  білімді  тұрмыс  -  тіршілікте  қолдана 

білуге үйрету; 

б)  математикалық  ұғымдарды  қалыптастыруды  сабақта,  сыныптан  тыс 

жұмыстарда жүргізу. 

Математикалық ұғым – мәнді белгілері көрсетілген пән, құбылыс туралы 

логикалық  өрнектелеген  ой.  Пәндік  ұғымдарды  игеру  оқытудың  негізін 

құрайды. Математикалық ұғым – ақиқат нәрсенің жалпы және елеулі белгілерін 

ғана бейнелеумен бірге түрлер мен қатынастардың көрінісі білдіреді. Егер олар 

болмысты шын бейнелейтін болса, онда ол үнемі дұрыс болады. Ұғым мазмұны 

–  нәрселердің  ұғым  қамтитын  елеулі  белгілерінің  жиынтығы.Ұғым  көлемі  – 

нәрселердің  осы  ұғымды  тарату  жиынтығы.  Мысалы:  «Үшбұрыш»  ұғымының 

мазмұны  үш  қабырға,  үш  төбе  және  үш  бұрыш,  ал  көлемі  «барлық  мүмкін 

болатын  үшбұрыштардың»  жиыны.  Математикалық  ұғымдарды  қарастыра 

отырып,  олардың  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  математикалық  сауаттылық 

ұғымдарды дұрыс ажырата білулерімен тығыз байланысты.  

Ережелер  мен  үлгілерді  және  берілген  алгоритмдерді  математикалық 

материалда қолдану біліктігін; 

1.

 



қоршаған  ортада  болып  жатқан  әртүрлі  жағдайларда  және  аралас 

пәндерде математикалық  білімін,  біліктігін,  есептеу,  өлшеу  және  графиктік 

дағдыларын; 

2. ауызша  және  жазбаша  есептеулерді  тиімді  пайдалана  отырып, 

практикалық есептеу техникасын; 

3. математикаға  тән  ойлау  стилін,  оның  абстрактылығын,  дәлелденуін, 

қатаңдығын;  

4. дәлелдемелі  пайымдау  жүргізу,  логикалық  негізделген  қорытындылар 

жасау біліктігін;  

5. математикалық мәтінмен жұмыс жасау (талдау, қажетті ақпаратты алу), 

математикалық  терминология  мен  символдарды  қолдана  отырып,  өз  ойын 

ауызша және жазбаша түрде анық және нақты түсіндіру біліктігін; 

Қорытындылай  келе,  оқушылардың  математикалық  сауаттылығын 

қалыптастыруға  бағытталған  білім  мазмұнын  игерген  оқушылардың  білімдері 

мен біліктері өмірлік жағдаяттарда қолдана білуді, әртүрлі ақпарат көздерімен 

жұмыс істей білуді және алынған ақпараттарды сыни тұрғыдан бағалай білуді, 

өзінің  болжамдарын  ұсыну  және  зерттеулер  жүргізу,  өзінің  ойын  негіздей 

білуді;  іскерлігі  мен  дағдыларын  адами  іс-әрекеттердің  әртүрлі  салаларында, 

сондай-ақ  тұлға  аралық  қарым-қатынас  пен  әлеуметтік  қатынастарда  өмірлік 

міндеттерді 

шешу 

үшін 


пайдалануды 

қамтамасыз 

етеді. 

 

Библиографиялық сілтемелер 



1.Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-

2016  жылдарға  арналған  ұлттық  іс-қимыл  жоспары  /Қазақстан 

Республикасы Үкіметінің 2012 ж. 25.06 №832 Қаулысымен бекітілген. 



484 

 

2.  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020 



жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы /Қазақстан Республикасы 

Президентінің 2010ж.07.12. №1118 Жарлығымен бекітілген. 

3. БҰҰ «Білім бәріне ортақ» атты бағдарламасы, 2001. – Б.5-9. 

4. Жұмағұлов Б.Т. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің дамуы 

//12 жылдық білім беру = 12-летнее образование. – 2010. – №10. – Б.7-10. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет