салмақты. Ежелден адамзат баласы ұрпағының тәрбиесіне ерекше ден қойған.
тағдырын тәрбие шешеді, тәрбие құралы сөз" – дейді. Ұлы Абайдың артына
Өзінің қара сөзіндегі "Мен ..." деген сөзінің бүгінгі тәрбие үдерісіндегі де
етуді талап етеді. 12 жылдық білім беру стандартында құзыреттілік туралы
әмбебап тәсілдерін меңгеруді көрінетін білім нәтижесі" [1]. Бұл анықтама
педагогикаға үстемдік етуіне жол бермеу үшін тәрбиенің жаңа әлеуметтік-
мен өзін-өзі бақылау тәсілдерін меңгерген кәсіби шебер болуы керек. Қазіргі
485
беріліп отыруына орай, адамгершілікке тәрбиелеу мен рухани жағынан
қалыптасуына барлық тәрбие үдерісінің өзегі болып отыр [2]. Рухани-
адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке
тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен
келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды
болжайды. Тәрбие жетекшісінің қажырлы еңбегімен қоса терең білімі,
іскерлілігі, ақылдылығы жаңашыл ізденістері шешуші роль атқармақ.
Елбасымыз өзінің халыққа Жолдауында "... Біз қазақ халқының сан ғасырлық
дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық
және мәдениетаралық келісімді біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын
қамтамасыз етеміз" - дейді [3]. Әлемдік білім кеңестігіне кіру үшін оның алғы
шарттары жасалуда. Құзырлылыққа бағытталған, ұлттық құндылықтар
негізінде білім, тәрбие бере отырып, тұлға қалыптастыру, дарын көзін ашу
сынды мәселелер тәрбие жетекшісінің жұмысын жаңа арнаға бұруда.
Ұлылардың өмірі мен тағылымы арқылы ұрпағын тәрбиелеу – қазақ халқында
ежелден келе жатқан үдеріс. Абай тағылымы білімнің де, тәрбиенің де қайнар
бұлағы екені түсінікті. Ол "Адамды сүй, алланың хикметін сез, не қызық бар
өмірде одан басқа", "Адамзаттың бәрін сүй" – деп ақыл айта отырып
адамгершілікке тәрбиелейді. "Руханият" әдістемелік бірлестігінде Абай
тағылымы арқылы жүргізілетін тәрбие жұмыстары да осы өзекті мәселелерден
туындайды. Әдістемелік бірлестіктегі тәрбие жұмысының түйінді тақырыбы:
«Тәрбие үдерісінде ұлттық құндылықтар мен Абай тағылымы негізінде зияткер
тұлға қалыптастыру».
Ендеше, балалардың адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық сезімдерін
қалыптастыру, өнер-білімге деген ынтасын арттыру, адам табиғат, қоғам
туралы білімдерін байыту сияқты аса маңызды міндеттерді шешу үшін Абай
мұралары таптырмайтын азық. Абай өмірінен берілетін алғашқы мәлеметтер;
Абайдың өмір сүрген заманы, балалық шағы әкесі Құнанбай, әжесі, аналары
туралы мәлеметтермен толықтырылып, ұлы дананың жиі қонақтары, дарын
иелері ақын-жыршылар туралы, ел өмірі, ел тұрмысы жайлы әңгімелермен
ұштастырылуда. Жеке тұлғаны дамыту бағытындағы тәрбие жұмыстары
алысты болжаған терең ойдың, үлкен сарынның ақыны Абай мұраларын
зерделеп, келер ұрпақтың жан-дүниесін Абай сөзімен тәрбиелеу арқылы жүзеге
асырылуда. Біздің мектептегі кафедрада жасалынып жатқан бұл жұмыстар
Абай өмірі мен туыстары, заманы туралы әңгіме, арқылы оқылған өлеңдері
мәнерлеп оқу, Абай өмірінен көріністер көрсету, Абай өлеңдерін орындау, қара
сөздерін білу, "Абай оқулары" сайысына қатысулары арқылы жүзеге асады. Қай
мемлекеттің де негізгі тірегі – білімді де білікті, іскер де белсенді адамдар.
Сондықтан, қоғам талабына сай ол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастарды
Абай тағылымымен тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. XXI-ғасыр
білім мен ғылымның ғасыры.Сол себебті, қоғамның ұрпақ алдындағы міндеті –
жастардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуында орта жасау мен
тұжырымдамасы қалыптасқаны ұрпақ тәрбиелеуде "Мен Қазақстандық
бүлдіршін азаматтардың бойында өмір бойы адамға деген сүйіспеншілік пен
486
қайырымдылық болғанын қалаймын" деген С.А.Назарбаеваның ұранды сөзін
Абай тағылылымымен ұштастыра келе; "Ел түзеуді бала тәрбиелеуден бастау
керек" – дегім келеді.
Библиографиялық сілтемелер
1. 12-жылдық оқыту мәселелері. Қазақстан Республикасында жалпы орта
білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары. Астана, 2006.19 б.
2. Білімдегі жаңалықтар. Ақпаратты-әдістемелік жұмысы. Қазақстан
Республикасында
үздіксіз
білім
беру
жүйесіндегі
тәрбие
тұжырымдамасы. №1(29), 2010 жыл, 16 б.
3. Н.Назарбаев "Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан" атты халыққа Жолдауы.
4. Г.Қыпшақбаева "Баланың мінезіндегі өзгерістер". Астана, 2010 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: