Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста


МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ-ОҚУШЫНЫҢ



Pdf көрінісі
бет65/68
Дата01.01.2017
өлшемі8,45 Mb.
#944
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68

 

МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ-ОҚУШЫНЫҢ 

ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫ 

 

  

«Қазақстан-2050»  ұзақ  мерзімді  Стратегиясында  білім  беру  саласы 



маңызды  басым  бағыттарының  бірі  болып  танылды.  Елбасы  Қазақстан 

Республикасын  әлемдегі  бәсекеге  қабілетті  30  елдің  қатарына  қосуды 

міндеттеді.  Бұл  міндетті  жүзеге  асыруда  білім  беру  жүйесін  жетілдіру 


628 

 

айтарлықтай  рөл  атқарады,  ал  білім  беруді  жетілдіруде  біліктілікті  арттыру 



жүйесі маңызды міндеттерді орындауда. 

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға 

арналған  мемлекеттік  бағдарламасында  оқушылардың  функционалдық 

сауаттылығын дамытудың жалпы бағдары «Жалпы білім беретін мектептерінде 

зияткерлік,  дене  және  рухани  тұрғысынан  дамыған  азаматын  қалыптастыру, 

оның физикалық құбылмалы әлемге әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін 

білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру» - деп көрсетілген [1]. 

Ал,  бұл  қажеттіліктерді  қанағаттандыру  мақсатында  оқушылардың 

функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған 

Ұлттық  іс-қимыл  жоспар  қабылданды,  бұл  білім  сапасын  жетілдірудің  негізгі 

бағдары ретінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту 

іс-қимылдарының  мақсаттылығын,  біртұтастығы  мен  жүйелілігін  қамтамасыз 

етуге  және  TIMSS  халықаралық  зерттеуінде  10-15  орындарға  қол  жеткізуге 

арналған [2]. 

Сонымен  қатар  бұл  құжаттарда  қазақстандық  жалпы  білім  беретін 

мектептердің  PISA,  TIMSS  және  PIRLS  халықаралық  салыстырмалы 

зерттеулердің  нәтижелерін  жақсарту қажеттілігі көрсетілген. 

2015  жылы  республиканың  жалпы  білім  беретін  мектептерінің  4  сынып 

оқушыларының  математика  және  жаратылыстану-ғылыми  сауаттылығын 

бағалайтын  TIMSS  халықаралық  зерттеуі  және  алғаш  рет  2016  жылы  мәтінді 

оқу және түсіну сапасын зерттеуге арналған  PIRLS  оқу сауттылығы өткізіледі. 

Халықаралық  салыстырмалы  зерттеулердің  нәтижелерін  жақсарту  қажеттілігі 

экономикалық  ынтымақтастық  және  даму  ұйымдары  мен  білім  беру 

жетістіктерін  бағалаудың  Халықаралық  ассоциациясымен  ұйымдастырылған 

Қазақстан  оқушыларының  TIMSS–2007,  TIMSS–2011,  PISA-2009,  PISA-2012 

нәтижелеріне  сәйкес  туындап  отыр.  Осы  зерттеулерге  қатысу  нәтижесі 

функционалдық сауаттылықтың қажетті деңгейде қалыптаспағанын көрсетті. 

Қазақстандық  бастауыш  сынып  оқушылары  қатысқан  2011  жылығы  TIMSS 

(жаратылыстану  және  математика    бағыты)  халықаралық  зерттеулерінің 

нәтижелері 2007 жылығы  көрсеткен  көрсеткіштен айтарлықтай  төмендеген. 

TIMSS–2007, 

TIMSS–2011 

халықаралық  салыстырмалы  зерттеулердегі 

математикалық  білім  сапасының  мониторинг  қорытындысы  бойынша  тест 

тапсырмаларын  орындау  501  балды  құрады,  бұл  әлемдік  деңгей  бойынша 

ортадан  жоғары,  бірақ  бұл  өткен  циклдың  нәтижесінен  төмен  көрсеткіш: 

жоғарғы  деңгейдегі  тапсырмалар  29%,  орта  деңгейді-62%,  төменгі  деңгейді  - 

88%-ы  орындай  алған,  ал  жаратылыстану-ғылымдарының  сауаттылығын 

анықтауға арналған деңгейлік тапсырмаларды орындаған оқушылардың нәтиже 

көрсеткіштері:  ілгері  деңгей-2007  жылы  10%,  2011  жылы  7%-3  %-ға,  жоғары 

деңгей  - 2007 жылы 44%, 2011 жылы 28 %-16 %-ға, орта деңгей  - 2007 жылы 

79%, 2011 жылы 58 %-21 %-ға, төменгі деңгей-2007 жылы 95%, 2011 жылы 84 

% - 11 %-ға төмендеген [7]. 

Бұл ілгері және жоғары деңгейлердегі нәтижелердің төмендеуі бастауыш 

сынып  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыруда  оқу 


629 

 

пәндеріндегі білім мазмұнына өмірлік жағдаяттар, тұлғааралық қарым-қатынас 



пен әлеуметтік қатынастардың  кіріктірілуі мен сабақтастығының жоқтығынан, 

ал  оны  іске  асыруда  мұғалімдердің    кәсіби  құзыреттіліктерінің  аздығына  да 

байланысты. 

 

Қазіргі  уақытта  «Жаратылыстану»  білім  саласы  пәндерінің  Қазақстан 



мектептерінде  оқытылуы  заманауи  талаптардан  кенже  қалғанын  және  осыған 

орай  бүкіл  білім  жүйесінде  кешенді  шаралар  қабылдау  қажеттігін  көрсетіп 

отыр.  Кейбір  фактілермен  қатар  оқушылардың  жаратылыстану  ғылымы 

бойынша  білім  деңгейлерінің  жеткіліксіздігі  пән  мазмұнының  тым 

теорияландырылып  берілуімен,  оқытудың  тәжірибелік  өмірлік  сұраныстары-

мен және одан әрі кәсіби әрекеттерімен байланыстың әлсіздігімен негізделеді.  

Оқыту 

үдерісінде 



оқушылардың 

функционалдық 

сауаттылығын 

(жаратылыстану,  математика,  оқу  және  жазу,  тағы  басқа)  қалыптастыруда,  ең 

бастысы,  оқушыларды  ғылыми  біліммен  қаруландыру  міндеті  аса  маңызды. 

Осы  орайда  оқытудың  ғылымилығы  ұстанымы  жетекші  рөл  атқарады.  Бұл 

ұстаным  бойынша  оқушыларға  берілетін  білім  мазмұнының  қазіргі  даму 

деңгейіне  сәйкестігі,  оларға  заттар  мен  құбылыстардың  заңдылықтарын 

ұғындыру  және  олардың  арасындағы  себеп-салдарлық  байланысты  ашу 

ескеріледі.  Бастауыш  мектепте  кез-келген  пәнді  оқытуда  оқушылардың 

қарапайым  ғылыми  зерттеу  дағдыларын  қалыптастыру,  заттар  мен 

құбылыстардың  негізгі  және  жанама  белгілерін  ажырату,  қоршаған  әлемде 

және табиғатта болып жатқан құбылыстарды түсіну, салыстыру, талдау, жіктеу, 

жүйелеу,  жалпылау  білік,  дағдыларын  меңгерту  мақсаттары  көзделгенде  ғана 

оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға болады. 

 

Оқушыларды ғылыми біліммен қаруландыруды көздесек, оның жүйелілігі 



мен  сабақтастығы,  бірізділігі  де  ескерілуі  міндетті.  Бұл  орайда,  дидактика 

оқытудың  жүйелілігі  мен  бірізділігі  ұстанымын  жүзеге  асырылады.  Аталған 

ұстаным оқытудың ғылымилығы ұстанымымен тығыз байланыста жүреді. 

 

Оқытудың  жүйелілігі  мен  сабақтастығын,  бірізділігін  қамтамасыз  ету 



үшін әрбір пән бойынша берілетін білімнің мазмұны мен көлемін анықтағанда 

ұғымдық-ақпараттық  материалдардың  белгілі  бір  жүйемен  берілуін, 

сабақтастығын,  біртіндеп  тереңдетілуін  және  кеңейтілуін,  сондай-ақ 

оқушылардың  білімді  меңгеру  әрекеті  белгілі  бір  сатымен  (мысалы: 

ынталандыру, алғаш көру – байқау, қабылдау - түсіну, ұғым құру, есте сақтау, 

қорытынды  шығару  немесе  тұжырым  жасау,  тағы  басқа)  іске  асырылуын 

ескеріп отыру керек. 

 

Оқушылардың 



функционалдық 

сауаттылығын 

(жаратылыстану, 

математика және оқу, тағы басқа) қалыптастыруда басты рөл атқаратын, басты 

орында  тұратын  ұстаным-теория  мен  практиканың  байланыста  болуы 

ұстанымы.  Оның  мәні-оқушыларға  теориялық  білім  беріп  қана  қоймай,  сол 

білім, білік, дағдыларын күнделікті жаңарып, өзгеріп жатқан өмірде, кез келген 

жағдаятта емін-еркін қолдана білуін қамтамасыз ету. Ол үшін күнделікті оқыту 

үдерісінде  әрбір  пәннен  берілетін  теориялық  білімді  өмірдегі  жағдайлармен 

байланыстырып, практикалық жағына бағыттап отыру керек.  



630 

 

 



Сондықтан теория мен практиканың байланыста болуын қамтамасыз ету 

үшін әрбір пән бойынша берілетін білімнің мазмұны мен көлемін анықтағанда 

теориялық  қағидалардың,  заңдылықтар  мен  ережелердің,  яғни  ұғымдық-

ақпараттық  материалдардың  бала  өмірінде  кездесетін  түрлі  проблемалық 

мәселелерді  шешуге  көмегі  тиетіндей,  бала  оны  қолдана  алатындай 

практикалық  маңызы  ескерілуі  тиіс.  Сондай-ақ оқушылардың оқу  материалын 

тек  жаттап  қана  алмай,  оның  мән-мағынасын  терең  түсінуін  қамтамасыз  ету 

міндетті болып саналады. 

 

Бастауыш  сынып  оқушыларының  жаратылыстану  ғылымындағы 



сауаттылығын  қалыптастыруда  ерекше  орын  алатын  ұстанымдардың  бірі- 

кiрiктiру  ұстанымы.  Бұл  ұстанымның  мәні-ғылыми  жаратылыстанулық  бiлiм 

мен  адам  әрекетiнiң  түрлерi  және  қоғам  туралы  ұғымдар  кiрiктiрiлiп 

бiртұтастықта берiлуi. Яғни, адам, табиғат, қоғам бөлек қаралмай, адамның iс-

әрекетi үнемi табиғи ортада, қоғамда (отбасында, мектепте, қоғамда, табиғатта, 

тағы  басқа)  бiр-бiрiмен  байланыста  қарастырылады.  Заттар,  нысандар, 

құбылыстар  туралы  мағлұматтар  беру  кезiнде  де  адам  әрекетi  солармен 

бiрлiкте, байланыста беріледі.  

 

Жаратылыстану  саласы  бойынша  бiлiм,  білік,  дағды  қалыптастыру 



бастауыш мектепте «Дүниетану» пәні арқылы жүзеге асырылады. «Дүниетану» 

пәнінде  кiрiктiру  ұстанымы  «адам-табиғат-қоғам»  ретiнде  ғана  емес,  «адам- 

заттар»,  «адам-қоғам»,  «адам-табиғат  әлемі»,  «адам-адамдар»,  «адам-отбасы», 

«адам-оның  шығармашылық  әрекеттерi»,  «адам-туған  елінің  тарихы»,  тағы 

басқа  арқылы  да  жүзеге  асады.  «Дүниетану»  пәнін  оқыту  үдерісі  кiрiктiру 

ұстанымына  негізделсе,  бастауыш  сынып  оқушысы  «адам-табиғат-қоғам» 

жүйесіндегі  өзара  байланысты  ұғынады,  экологиялық  мәдениеттің  қарапайым 

білік,  дағдыларын  игереді,  өзінің  табиғаттағы  әлеуметтік  өмірдегі,  қоғамдық 

ортадағы  орнын  түсініп,  жеке  тұлға  ретінде  өзін-өзі,  өзінің  мүмкіндіктері  мен 

қабілеттерін  сезінетін  болады.  Психологиялық  зерттеулерде  анықталғандай, 

балаларға  берілетін  білімнің  көлемі  мен  мазмұны  олардың  өмірден  жинаған 

тәжірибесіне,  таным  деңгейіне  және  психикалық  тұрғыдан  дамуына 

лайықталуы тиіс. Сондай-ақ олардың сұраныстары мен қабілеттері де ескерілуі 

керек. Өйткені бала ақпараттар ағынынан өзіне қажеттісін әрі түсініктісін ғана 

қабылдай алады [4]. 

Функционалдық  сауаттылық  бастауыш  сыныптың  әр  пәнінің  негізінде 

қалыптасады. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және оның 

қалыптасуына 

мүмкіндік 

беретін 


мұғалімшығармашылық 

сипаттағы 

тапсырмаларды (зерттеу жұмыстары, логикалық, тәжірбиеге бағытталған) және 

инновациялық педагогикалық технологияларды тиімді, әрі әрбір баланың жеке 

қабілетіне қалайқолдана алуы өте маңызды.  

Функционалды  сауатты  адам  қоғамның  құндылықтарына  сәйкес, 

қоғамдық ақуалдың қалыптасқан мүдделеріне қарай әрекет етеді. Бүгінгі күнге 

қажетті  мамандықты  таңдап  дұрыс  шешім  қабылдап,  заманауи  ақпараттық 

технологиялардың  тілін  біліп  кез  келген  әлеуметтік  ортаға  бейімделеді.  Осы 

тұрғыда  функционалды  сауатты  адамның  негізгі  белгілерін  тұжырымдауға 



631 

 

болады:  қоғамдық  ортада  өмір  сүре  білетін,  тіл  табыса  білетін,  белгілі  бір 



сапалық қасиеттері бар, жалпы негізгі және пәндік құзыреттіліктерді меңгерген 

адам болып саналады [7]. 

Библиографиялық сілтемелер 

1. Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020 

жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.-Астана,2010.-57 б. 

2. Мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту 

жөніндегі  2012  -2016  жылдарға  арналған  ұлттық  іс-қимыл  жоспары 

[Электрондық 

ресурс]. 

URL: 



http:// 

ppi.kz/index.php?id=777&lang=ru&option =com_content&view=article 

3. Орта  білім  берудің  (бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  орта  білім  беру)  

мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандарты[Электрондық  ресурс].  -  URL: 

http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=31248110 

4.

 



Қазақстан  Республикасындағы  бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  орта 

білім  берудің  оқу  бағдарламалары  [Электрондық  ресурс].  -  URL: 

http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1200008170 

5. Қазақстандағы    орта    білім    беру:    бүгіні    мен    болашағы.  

Салыстырмалы-талдамалыққұрал.  –  Астана:  Ы.Алтынсарин  атындағы  

Ұлттық  білім академиясы, 2013. -104 б.  

6. Қазақстанның  жалпы  білім  беретін  мектептердің  4  және  8  сынып 

оқушыларының  оқу  жетістіктерін  бағалаудың  ғылыми  зерттеу 

нәтижелері. Ұлттық есеп. - Астана: ҰББСО, 2013. - 237 б. 

7. Нұрахметов  Н.Н.  Нәтижелі  білім  беру  үшін  функционалдық 

сауаттылықтар 

жүйесін 


қалыптастыру 

мәселесі 

//Қазақстан 

Республикасы  химия  және  биология  мұғалімдерінің  съезінің 

материалдары. - Өскемен: 2012 (28-29 маусым). -Б.21-23. 

 

 



Назигуль Мугалымовна Шоматова 

«Зырян қаласының мектеп-лицейі» 

коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі 

Зырян қаласы, Шығыс Қазақстан облысы 

 

ОРЫС ТІЛДІ МЕКТЕПТЕРІНІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТАРЫН 

ДАМЫТУ 

 

Баяндамада  орыс  тілді  мектептердегі  қазақ  тілі  сабақтарында 

оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамытудың  өз  тәжірибемдегі 

қолданылып  жүрген  жаңа  тәсілдер  мен  әдістер  туралы  айтылған.  Мұнда 

оқушылардың  сөйлесім  әрекетінің  түрлерін  (айтылым,  жазылым,  тыңдалым, 

оқылым,  тілдесім)  меңгерту  жолдары;  алған  білімдерін  өмірде  қолдана  алуға 

үйрету  тәсілдері;  мемлекеттік  тілде  ауызша,  жазбаша  қарым-қатынас  жасауға 

дағдылануы; 

әлеуметтік 

талаптарына 

сай 

келу 


үшін 

ақпараттық 



632 

 

технологияларды  қолдануы;  өз-өзіне  сыни  қарау,  өз-өзін  бағалау,  өзгелерді 



бағалау дағдыларын дамытуы арқылы  өзгермелі өмірге бейімделуіне үйренуіне 

жасалған әдіс-тәсілдерім туралы тәжірибемнен ұсынып отырмын.   

 

 «Білім  беру  тек  қана  оқытумен  ғана  шектелмей,  оны  керiсiнше, 

әлеуметтiк адаптация процесіне бейiмдеу қажет».                        

Н. Ә. Назарбаев. 

 

  

Функционалдық 

сауаттылық 

дегеніміз 

не?  

Функционалдық  сауаттылық  дегеніміз-адамдардың  әлеуметтік,  мәдени,  саяси 



және  экономикалық  қызметтерге  белсене  араласуы,  яғни  бүгінгі  жаһандану 

дәуіріндегі  заман  ағымына,  жасына  қарамай  ілесіп  отыруы,  адамның  маман-

дығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы.   

  

Функционалдық  сауаттылықты  дамытудың  жалпы  бағдары  2011-2020 



жылының мемлекеттік бағдарламасында айқын көрсетілген.   

  Қазақ  тілі  пәнінен  оқушының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту 

мәселесіне 

мынандай 

тұжырымдарманы 

ұсынамын:    

1. Оқушыларды  бірінші  сабақтан  бастап  сөйлесім  әрекетінің  түрлерін 

(айтылым,  жазылым,  тыңдалым,  оқылым,  тілдесім)  меңгерте  білу  

2. Оқушылардың  алған  білімдерін  өмірде,  кез-келген  жағдайда,  әлеуметтік 

ортада 


қолдана 

алуға 


үйрету;  

3. Мемлекеттік 

тілде 

ауызша, 


жазбаша 

қарым-қатынас 

жасау;  

4. Әлеуметтік 

талаптарына  сай 

келу 


үшін  оқушының 

ақпараттық 

технологияларды  қолдану  және  проблемалардың  шешімін  таба  алуға  үйрету;  

5. Оқушылардың 

өзгермелі 

өмірге 


бейімделуіне 

үйрету;  

6. Оқушылардың 

жеке 


бас 

қабілеттерін 

дамытуы;  

7. Оқушылардың 

әлеуметтік-мәдени 

дағдыларын 

дамытуы;  

8. Қазақ  халқының  салт  –дәстүрі,  мәдениеті,  тарихын  түсіну  және  құрметтеге 

баулу.  

 Мұғалім  оқушының  бойына  әлеуметтік  ортаға  бейімделуіне,  алған 

білімін  практикалық  жағдайда  тиімді  пайдалана  алатындай  негізгі 

құзыреттіліктерді сіңіруі керек. 

    «Қалай  оқу  керектігін  үйрету»  бағдарламасының  жеті  модулі 

оқушылардың  функционалдық  сауаттылықтарын  дамытуға    қолайлы  тәсілдер 

деп санаймын.  

Диалогтық  оқыту  бойынша    оқушылардың    функционалдық 

сауаттылықтарын дамыту 

Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын 

көрсетті.  Мерсер  мен  Литлтон  (2007)  өз  еңбектерінде  диалог  сабақта 

оқшылардың  қызығушылығын  арттырумен  қатар  олардың  оқу  деңгейінің 

өсуіне үлес қосатынын атап көрсетеді [1].  

Орыс тілді мектептердегі қазақ тілі сабақтарында Барнстың «Сыныпта тіл 

қаншалықты қолданылса, оқушылардың білім алуына соншалықты әсер етеді»,-

деген пікірін басшылыққа алдым [2].  Қазақ тілі сабақтарында диалогтық оқыту 



633 

 

арқылы оқушы оқу сауаттылығын дамыту үшін  «Жеңіл-қиын сұрақтар» тәсілді 



қолдандым.  Оқушылардың  сұрақтарға  жауап  берудегі  байланыстыра  сөйлеу 

дағдыларын  бақылау  арқылы  олардың  сұрақтарды  құрастыра  білу,  оларға 

жауап  бере  білу  техникасын  тексердім.

 

Деңгейлі    сұрақтар  арқылы  оқушылар 



білімдерін  көрсетуге,  өзара    диалогқа  түсуге,  сұрақтарды  дұрыс  құрау,  ойды 

жүйелеп  жеткізуге  үйренеді.  «Жеңіл-қиын»  сұрақтар  тәсілін  оқушылардың 

топта  орналасуына,  күтілетін  жауаптардың  әртүрлілігіне    бағыттап, 

сұрақтардың  мөлшерін,  құрылымын  оқушының  білім  деңгейіне,  жас 

ерекшелігіне бағыттап   құруға болатындығын байқадым.

 

                          



Диалогтық  оқыту  арқылы  оқушының  оқу  сауаттылығын  дамытуға  

«Парасат  картасын»  толтыру  арқылы  қол  жеткізуге  болады  [4].    Бұл  тәсіл 

оқушылардың  ізденімпаздықтарын,  өз  бетімен  жұмыс  жасау  дағдысын,  топ 

ішіндегі  еркін  диалогтың  мазмұнын  дұрыс  құра  білуіне  үйретеді.  Оқушылар 

картаны  құру  барысында  бұрынғы  білімдерін  тереңдете  отырып,  өздіктерінен 

жаңа  ұғымдарды  таба  білді.  Тақырып  бойынша  біртіндеп  ойды  тереңдетуге 

үйренеді. Табылған жаңа сөздер арқылы табиғат туралы ауқымды материалды 

модельдеуді, оны пайдаланып байланыстыра сөйлеуді үйренеді.  

 

 Оқушы жаңа заман талабына сай өзіндік пікірі қалыптасқан, өзіндік ойын 



жеткізе  алатын,  өз  пікірін  дәлелдей  алатын  тұлға  болып  қалыптасуда  «Даулы 

сұрақ»  тәсілін  қолдануға  болады.  Оқушыларға  «Табиғатсыз  ауыл  болады  - 

болмайды» деген сұрақ бойынша пікірді қорғауды тапсырдым.   Оқушылардың 

«болады»  деген  пікір  бойынша  белсенділіктері  жоғары  болды.      Бұл  тәсілді  

топтық, жұптық тәсілмен ұйымдастыруға болады.   

«Диалог  және  шығармашылық»  тәсілінде  оқушылар  тақырып  бойынша 

өзіндік  идеяларын  қорғауға,  диалогтық  үлгіде  қорғауға  үйренеді.      Оқушылар  

тақырып бойынша топтың қалауымен жобаның тақырыбын таңдауға мүмкіндік 

алды.      Тапсырманы  орындау  барысында  өзара  сұрақтар  қойып,  соның 

жауаптарын өздері тауып отырады. Топтар «Демалыс күнгі мәзір», «Демалыста 

атқарылатын 

жұмыстар», 

«Демалыстағы 

саяхаттың 

бағдарламасы» 

тақырыптарында шағын жобалар қорғады. Жоба қорғау  диалог үлгісінде өтеді. 

Қолданылған    тәсіл  -  оқушының  оқу,  сөйлесу  сауаттылығын  арттырып, 

өздігінен сабақта белсенділік көрсетуіне, қызыға орындауына тиімді тәсіл.    



Оқушыларды  сыни  тұрғыдан  ойлауға  жұмылдыру  арқылы  оқу 

сауаттылықтарын дамыту 

 Қазіргі  жастар  дайын  ақпаратпен  жұмыс  істеуге  дағдыланған. 

Өздіктерінен ойлау, өзіндік пікірін ортаға салуға тілдік қорлары аз. Орыс тілді 

мектептерде  оқушылар  мәтінмен  жұмыстарға,  теориялық  тестерге  жақсы 

қалыптасқан,  ал  еркін  сөйлесуге,  өзіндік  пікірін  қазақ  тілінде  жеткізуге 

ұмтылыстары аз.  

Сыни тұрғыдан ойлау бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың 

нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге 

бағытталады [1].  

 Сабағымда  оқушының  оқу  сауаттылығын  сыни  тұрғыдан  ойлау  арқылы  

«ой  шақыру»,  «мағынаны  ашу»,  «ой  қорыту»  сатыларында  «Талдау», 


634 

 

«Синтездеу»,  «Бағалау»,  «Модельдеу»,  «Салыстыру»,  «Дамыту»    сияқты    



әдістер мен тәсілдер ойластырылды.   

«Диалог-ертегі»  Ойынның  шарты:  мұғалім  не  бір  оқушы    кез-келген 

әңгіме немесе ертегіні бастап кетеді. Ал қалған оқушылар бір-бір сөйлемнен әрі 

қарай  жалғастырады.  Оқушылар  бұл  қай  ертегі  екендігін  анықтаулары  керек  

және  ертегіні  өздерінше  аяқтайды.  Бұндай  тапсырма  оқушының  тілдік 

байланыс дағдысын дамытады, қызыға отырып, өз-өзін жетілдіреді, сенімділік 

пайда болады. 

 Оқушыларға  «Оқушы  мұғалім  ретінде»  деген  тапсырма  ойластыру 

арқылы  оның  сабақ  бойынша  алған  білімін  оқудың  түрлі  тәсілдерін  қалай 

меңгергендігін анықтауға бағыттала ұйымдастырылады.   

 Сабақтарда  оқушының  қиялын  кеңейтуге,  өмірмен  байланыстыруға, 

айналаға деген  көзқарасын  жаңа  заман талабына сай қалыптастыруға  «Егер  ... 

болмаса,  онда  ...»  деген  шығармашылық    болжам  жасауға  тапсырма  беремін. 

Олар  аяқталмаған  ойды  жалғастыру  арқылы    ойлауға,  керектіні  табуға, 

жүйелеуге үйренді.   

Оқу сауаттылығын дамыту үшін жасалатын рефлексия 

   


Сабақта айнаға қарап отырған қызды байқадым. Оны сабаққа жұмылдыру 

үшін  мына  тәсілді  қолдандым:  «осы  айнаға  қарап  отырып,  бүгінгі  оқыған 

сабақтың  мазмұнын  керісінше  жазып  шық».  Оқушы  мұндай  тапсырманы 

орындау  үшін  алдымен  сабақта  не  өткенін  түгел  еске  түсіріп  отырып,  жазу 

керек.  Содан  соң  оны  керісінше  жазу  керек.  Әрине  ол  үшін  адамның  ойлау 

логикасы дамыған, білімі бар және тыңдап отырған  адам ғана орындай алады. 

Бұл тапсырма оқушыны сабақта зейінмен тыңдауға, ойды жүйелей баяндауына, 

жазабаша монологтық жауап беру дағдысы дамиды.  

Жоғарғы  сынып  оқушылары  сабақта  партаның  үстіне  ұялы  телефон 

қойып қоятын әдеттері бар. Мұндай жағдайда оқушының бұл әрекетін пайдалы 

жағдайға  айналдыруды  ойластырамын.  Оқушыға  тақырып  бойынша 

интернеттен  қосымша  мәлімет  алып,  оны  аударып,  сабақтың  қорытынды 

бөлігіне  қосуды  ұсынамын.  Немесе  сабақ  бойынша  естіген,  білгеніңді  СМС 

арқылы нөмірге жіберуді ұсынамын. Оның бағаланатынын ескертемін. Оқушы 

бұндай  тапсырмаға  қызыға  ұмтылады  және  бұл  тапсырма  арқылы  мен 

оқушының  сауаттылығын,  алған  білімін  тексеруге  мүмкіндік  алсам,  ауызша 

жауап беруге қорғанған бала өз білімін көрсете алады, сөйтіп оқушы жазбаша 

сауаттылығын көрсете алады. 



Білім  беру  үшін  бағалау  және  оқуды  бағалау  арқылы  оқушының 

функционалдық сауаттылығын дамыту 

Жаңа  курс  бағдарламасы  мұғалімге  еш  уақытта  дайын  тапсырманы 

беруге,  оның  шешімін  дайын  ұсынуға,  немесе  тақырыпты  дайын  қалпында 

ұсынуға  болмайтындығын  үйретті.  Сондықтан,  қазіргі  сабақтарды  даярлаған 

кезде  әрбір  тақырыпты  «қалай  оқушыны  ойлантсам  екен?  Нені  ойластырсам, 

оқушы  білімді  өздігінен  алады?»  деген  сауал  күнделікті    тұрады.  Қазақ  тілі 

сабақтарында 

оқушының 

сауаттылығын 

дамыту 


тапсырмаларын 

635 

 

ойластырғанда, алдымен, тапсырманың ең биік шыңы қандай болуы керектігін 



критериалды бағалау өлшемдерімен құрастырамын.  

Мысалы: 11 сыныпта өткен «Ұлттық тағамдар. Домбыра» тақырыптарын 

өткенде алдымен оқушылар өз білімдері арқылы мәтін құрастырды, содан соң 

берілген  дайын  материал  арқылы  өлшемдер  беріліп,  соған  бағыттап  мәтін 

құрастырады.   

 

Критерий  бойынша 



бағалау: 

«Өте жақсы» 

-

 

Тағамдар неше түрге бөлінеді? 



-

 

Ет тағамдары қандай болады? 



-

 

Сүт тағамдары қандай болады? 



-

 

Нан тағамдары қандай болады? 



-

 

Ең сыйлы тағам не? 



-

 

Қонақтарға не беріледі? 



-

 

Күйеу балаға, келінге қандай ет береді? 



-

 

Еттен кейін не береді? 



-

 

Тамақтан соң үлкендер дастарханға не береді? 



Критерий  бойынша 

бағалау: 

«Өте жақсы» 

-

 



 Домбыра қандай аспаптың түріне жатады? 

-

 



Домбырада неше ішегі болады? 

-

 



Домбыра арқылы нелер ойналады? 

-

 



Домбыраның қандай бөлшектері бар? 

-

 



Домбыраны неден жасайды? 

-

 



Домбыраны кімдер ойнайды? 

-

 



Домбыра қазақ отбасының несі? 

-

 



Домбыраның қандай түрлері болады? 

-

 



Қандай атақты домбырашы-күйшілерді білесің? 

 

Қазақ тілі сабақтарын грамматикалық талдауды жаттығулар орындағанда 



көпшілік  мамандар  Н.Оразақынқызының  «Сатылы  кешенді  талдау» 

технологиясы  бойынша  талдатуды  қолданып  жүр.  Бұл  әсіресе,  оқушыларды 

ҰБТ – ке даярлауда септігі көп технология. Сондықтан, мен осы технологияны 

өзімше  әдебиетте  және  қазақ  тілінде  мәтінмен  жұмыс  жүргізгенде,  оқушыны 

сабақта  зерттеу  жұмыстарына  жұмылдырғанда  қолданып  жүрмін.  Ол  үшін 

мәтінді  зерттеудің  критерийлерін  ойластырдым.  Мысалы:  Мәтінді  сатылы 

кешенді талдаудағы критериалды бағалау: 

 

  



Ұпайлар   

Өлшемдер   

«5» 

Барлығы 61- 65 



ұпай 

Сөйлем түрлері – 10 

Сөйлем мүшелері – 5 

Сөз тіркестері - 5 

Синтаксистік  талдау  талаптары  толық: 

сөйлем  түрлері,  сөйлем  мүшелері,  сөз 

тіркестері. 

Сөз құрамы – 8 

Сөз таптары – 10 

Күрделі сөздер - 5 

морфологиялық 

талдау 


талаптары 

толық: сөз құрамы, сөз таптары, күрделі 

сөздер  туралы толық талданған. 

Барлығы  - 6 

лексикалық  талдау  талаптары  толық: 

синонимдер,  антонимдер,  омонимдер, 

көп 

мағыналы 



сөздер, 

тұрақты 


636 

 

тіркестер, мақал-мәтелдер. 



Әріп, дыбыс -2 

Буын – 3 

Тасымал – 1 

Үндестік заңы – 4 

Айтылуы, жазылуы - 1 

фонетикалық  талдау  талаптары  толық: 

әріп,  дыбыс,  буын,  тасымал,  үндестік 

заңы (ықпалдар), айтылуы мен жазылуы 

әр түрлі сөздер. 

Грамматикалық сауаты - 5 

қатесіз  жазылса,  таза  жазылса,  1-2 

қатесі болса. 

 4 

3-5 қате, 1-2 түзетуі болса 



6-8 қате, 3-5 түзетулер болса. 

9-11 қате, 6-8 түзетулер болса 



12-15 қате, 9-10 түзету болса. 

«4» 

50 – 60 ұпай 



 

«3» 


39 – 49 ұпай 

 

«2» 



38-ден төмен 

 

 



Мұндай  тәсіл,  біріншіден,  мәтіннің  мағынасын  толық  ашуға,  екіншіден, 

үзіндіні  автордың  қандай  тәсілдермен  құрастырғанын  зерттеуге,  үшіншіден, 

грамматикалық  талдауды  жүйелі  меңгеруге,  төртіншіден,  ҰБТ-ге  сапалы 

даярлануға,  бесіншіден,  өзіңнің  нақты  еңбегің  бойынша  бағалануға, 

алтыншыдан,    өзіңді-өзің  жетілдіруге,  сапалы  жазуға,  сауаттылыққа  толық 

мүмкіндік береді.   



Оқушының  оқу сауаттылығын дамытуға   арналған жаттығулар. 

Оқушының  қабілет  деңгейін  байқауға  және  ойлауын  дамытуға  арналған 

мұндай  жаттығулардың  орны  ерекше.  Сабақта  тек  тақырыпқа  байланысты 

жаттығуларды  ғана  меңгертіп  қана  қоймай,  сонымен  қатар  оқи  отырып, 

ойлауын арттыратын жаттығуларды пайдаланған жөн. Мұндай тапсырмаларды 

жаңа  сабақты  сыныптастарынан  бұрын  игеріп  отырған  дарынды  балаларға  да 

беру  өте  қолайлы.  Қазақ    тілі  дұрыс  жазу,  сөйлеу  ережесі  үшін  ғана  емес, 

сонымен  бірге  логикалық  ойлауды  дамыту  үшін  де  қажет.  Өйткені  сөздердің 

өзара  байланысуы,  өрістеуі  оқушының  ойлау  логикасына  байланысты.  Өз 

заманында  «Логикалық  ойлау  –  логикалық  сөйлеудің  негізі,  ал  мұны  – 

логикалық сөйлеуді Отандық тіл ұстазы дамытуға тиіс»,-деп көрсеткен болатын 

К.Д.Ушинский. 

1. Барлық сөзі бірдей әріптен басталатын мақал-мәтел, нақыл сөздер жазу 

тапсырмасы. 

2. Сөз туынды шешу, артық сөзді алып таста. 

3. Буынды тап. 

4. Мағыналас сөздер.  

5. Сөз тізбектерін жазу (ассоциация) 

6. «Үзіп оқу», «Болжап оқу», «Ойды жалғастырып баянда». 

7. «Сөйлемді толықтыр» танымдық жаттығуы.     

8. «Сөйлем ойла, тез ойла» әдістемелік жаттығуы.   


637 

 

    Мұндай  сабақтарда  игерілген  білімдерінің  бала  бойында  75%      дейін 



қалатындығы,  оқу  белсенділігін  арттыруға,  білімді  игеруіне,  өз-өздерін 

жетілдіруге, дамытуға жұмыс атқаратындығы белгілі болды. 

     Қазақ  тілі  сабақтары  –  баланы  тілге  үйрету  мен  тәрбиелеуде  оның 

патриот тұлға ретінде  дамуына жағдай жасайтын негізгі сала. Қазіргі таңдағы 

мұғалім  оқушы  үшін  «дайын»  білім  көзі  болмай,  керісінше  мектеп 

оқушыларының танымдық іс-әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестірушісі 

бола  білуі  қажет.  Сондықтан,  ұсынылған  практикалық  жаттығулар    қазақ 

тіліміздің мемлекеттік мәртебе дәрежесінде үйретілуіне, өзге тілді мектептерде  

қазақ  тілінің  еркін  сөйлесу  тілі  деңгейіне  жеткізілуіне  септігі  тиер  деп 

ойлаймын.     

   Ұлттық  жоспарды  іске  асыруға  мен  өз  үлесімді  қоссам,    болашақта   

оқушылардың функционалдық сауаттылық моделін төмендегідей көре аламын:   

1. Әрбір түлек мемлекеттік тілді білетін

2. Халықтың салт-дәстүрін сыйлайтын; 

3. Білімді; 

4. Функционалды сауатты; 

5. Ақпараттық жағынан жетік білімді;  

6. Қазіргі заманға сай өзін қоғамда ұстай алатын; 

7. Өзін қоғамға пайдалы ете алатын

8. Өз  әрекеттеріне  сыни  қарай  алатын  азамат  болып  қалыптасады.  

  

Библиографиялық сілтемелер 



1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 48 бет, 2б. 

2. Карта 

разума, 

http://www.12manage.com/methods 

_mind_mapping_ru.html 

3. Сын  тұрғысынан  ойлау,  детальдау,  http://bcetyt.ru/house/family/home- 

life/tehnika-vizualizacii-kljuchik-k-ispolneniju-zhelanij.html  

4. Широкова  Т.В.  Топтық  жұмыстарды  ұйымдастыру  -  оқытудың 

белсенді әдіс-тәсілдерінің бірі. 

 

 



Балжан Сұлтанқызы Шумекеева 

№ 19 орта мектеп 

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет