Нәруыздар.Құнды және құнсыз нәруыздар туралы түсінік. Нәруыздардың атқаратын қызметтері. Нәруыздардың жіктелуі Жай нәруыздар (альбуминдер, глобулиндер, протаминдер, гистондар және склеропротеиндер) құрылысы және қасиеттері туралы түсінік



бет13/72
Дата28.11.2023
өлшемі485,23 Kb.
#130509
түріҚұрамы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   72
Байланысты:
áõ ýêç (1)-5

Флавиндік ферменттер коферменттері ФМН (флавинмононуклеотид) және ФАД (флавинадениндинуклеотид), eкi компонетті ферменттер. Коферменттерінің құрамына В2 витамині (рибофлавин) кіреді. Пиридиндік ферменттер сиякты флавиндік ферменттер де тотыккан жзне тотыксызданган күйде болады. Коферменті ФМН құрамы: рибофлавин (В2 витамині); фосфор қышқылы.Коферменті ФМН флавиндік ферменттер БТ тізбегіне катысады, олар екіншілік дегидрогеназаларға жатады, ce6e6i сутек атомдарын біріншілік пиридиндік дегидрогеназалардан алады. Субстратпен тікелей әрекеттеспейді, сутегін тотықсызданған ПФ-нен (ПФ-НАДН2) қосып алады. БТ-ға қатысады. Коферменті ФАД флавиндік ферменттер сутекті тікелей субстраттан бөліп алатындыктан біріншілк дегидрогеназаларга жатады.БТ-ға қатысады. Мысалы: сукцинатдегидрогеназа (СДГ) ферменті янтар қышқылын фумар қышқылына дейін тотықтырады, Ко ФАД ФАДН₂-ге тотықсызданады.
Флавиндік ферменттер-тотыққан күйінде сары түс береді, сондықтан оларды ХП-ге, соның ішінде тыныс алу ферменттеріне жатқызады. Тотықсызданған күйде түссізденеді. ФП-нің тотығу-тотықсыздану потенциалы (ТТП) жоғары, сондықтан олар ПФ-ны тотықтырады, өзі тотықсызданған формаға айналады.
ФП тотықсызданғанда диметилизоаллоксазин сақинасындағы 2 қос байланыстың орнына 1 қос байланыс түзіледі. Соның нәтижесінде 1ші және 10шы орындардағы азотқа (N1 және N10) сутек атомдары байланысады. Тотықсызданған ФП убихинон арқылы тотығады.
Кейбір ФП оттегімен тікелей әрекеттесіп, сутегінің асқын тотығын (Н2О2) түзеді. Реакцияның сипаты дегидрлену емес, оттегімен тотығу болғандықтан, оларды оксидазалар деп есептеуге болады. Мысалы, ксантиноксидаза, моноаминоксидаза (МАО), диаминоксидаза (ДАО).
Кофермент Q немесе убихинон тотыккан және тотыксызданган күйде болады. Химиялык табиғаты жағынан ол - изопреннің калдығымен байланыскан бензохинонның туындысы. Убихинон липофильдік касиет керсетеді, апоферменті жоқ. KoQ ФП-га қараганда күшті тотыктыргыш, сондыктан ФПН2-ні тотықтыра алады, ол уакытта өзі тотьқсызданады. Убихинондагы сутек атомдары 2 протонга және 2 электронга ыдырайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет