Нәруыздар.Құнды және құнсыз нәруыздар туралы түсінік. Нәруыздардың атқаратын қызметтері. Нәруыздардың жіктелуі Жай нәруыздар (альбуминдер, глобулиндер, протаминдер, гистондар және склеропротеиндер) құрылысы және қасиеттері туралы түсінік



бет11/72
Дата28.11.2023
өлшемі485,23 Kb.
#130509
түріҚұрамы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   72
Декарбоксилазалар өз кезегінде кето қышқылдарының декарбоксилазалары және амин қышқылдарының декарбоксилазалары болып бөлінеді. Екеуі де екі компонентті ферменттер болып келеді.
Кето қышқылдарының декарбоксилазаларының коферменті – тиаминдифосфат, ол В1 витамині мен 2 фосфор қышқылының қалдығынан тұрады. Олар тотығудан декарбоксилдену реакцияларын катализдейді. Негізгі өкілдеріне: пируватдекарбоксилаза және альфа-кетаглутаратдекарбоксилаза жатады.
Пируватдекарбоксилаза – мультиферменттік комплекстін құрамына кіреді. Ол ПЖҚ-ның тотығудан декарбоксилдену реакцияларын катализдейді.
Альфа-кетаглутаратдекарбоксилаза – альфа-КГДГ мультиферменттік комплексіне кіреді. Ол альфа-кетаглутараттың декарбоксилдену реакциясын катализдейді. Бұл фермент ҮКЦ – нің мағызды реакциясы.
Аминқышқылдарының декарбоксилазаларының коферменті – пиридоксальфосфат. Ол В6 витамині мен фосфор қышқылының қалдығынан тұрады. Бұл ферменттер декарбоксилдену реакцияларын катализдейді. Нәтижесінде биогенді аминдер түзіледі. Мысалы, триптофан декарбоксилденуі нәтижесінде серотонин түзіледі, гистидиннен гистамин түзіледі, аспаргин қышқылынан бета-аланин түзіледі т.б.
Бұл ферменттердің маңызы: инфекциялық аурулар мен шіру үдерістерінде маңызы зор, амин қышқылдарының аралық алмасуына қатысады.
Дегидратазалардың негізгі өкілдеріне карбангидраза мен фумаратгидраза жатады.
Карбангидраза – екікомпонентті, коферментінің құрамында мырыш болады. Оның маңызы: көмірқышқылының синтезіне қатысады, СО2 тіндерден өкпеге тасымалдауға қатысады. Негізінен эритроциттерде кездеседі.
ТРАНСФЕРАЗАЛАР – атомдарды бір топшадан екінші топшаға тасымалдайды. Тасымалдайтын топтарына қарай бірнеше топшаларға жіктеледі: аминотрансферазалар, метилтрансферазалар, ацилтрансферазалар, фосфотрансферазалар. Көбісі екікомпонентті болып келеді.
Аминотрансферазалар – коферменті – пиридоксальфосфат, ол В6 витамині мен фосфор қышқылының қалдығынан тұрады. Бұл ферменттер амин қышқылдарындағы амин тобын кета қышқылдарына тасымалдап, жаңа амин қышқылы мен кета қышқыл түзеді. Аминотрансферазалар катализдейтін реакцияларды аминдену деп атайды. Бұл ферменттердің негзіг 2 өкілі бар: АЛТ және АСТ. Бұл органдық арнайлылығы бар ферменттер. АЛТ – бауыр ауруларында қанда активтілігі артады. Ал АСТ миокард инфарктісі кезінде қанда активтілігі артады. Сол себептен бұл ферменттерді анықтау маңызды болып келеді. Олардың қанда пайда болуы осы органдардың патологиясын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет