Цитохромдар- деп жасушада және микроорганизмдерде кездесетін, биологиялық тотығу (БТ) тізбегінде электрондарды тасымалдайтын бір топ ферменттерді айтады. Олар сіңіру спектрінің ерекшелігіне қарай бөлінеді:А,В,С,Д деп төрт топка бөлінеді. Адам ағзасында Д цитохромы кездеспейді.Әр топтьщ цитохромдары бір-бірімен коферменттерімен ерекшелінеді, ал әр топшаның цитохромдары бір-бірнен апоферменттерімен ерекшеленеді.
Цитохромдар (Цх) – екікомпонентті, Ко – гем және оның туындылары. Гемнің құрамындағы темір ионы ауыспалы валентті, сондықтан олар электронды қосып алып, тотықсызданған күйге (Fe2+) және электронды жоғалтып, тотыққан күйге (Fe3+) айналады.
Цитохром В, негізгі өкілдеріне цхв жэне цхв₅. Цхв₅ ксенобиотиктердің метаболизмне қатысады, ал цхв БТ тізбегіне тікелей катысады. Цхв коферменті гем, екі компонентті фермент. Гемнің құрылысы гемоглобин мен миоглобин- дікіндей. Рационалды аталуы: -1,3,5,8- тетраметил, -2,4-дивинил, -6,7- дипропион кышкылының темір (ІІ) порфині.
Цхв-ның биологиялык рөлі ол электрондарды тотыксызданган KoQ-дан алып цхс-ге береді. KoQ тотығады да, цхв тотыксызданады.
ЦXB(Fe₃₊)--------ЦХВ(Fe₂₊)
ЦитохромА, өкілдері цха жзне цха₃. Коферменттері бірдей, апоферменттері әр-түрлі. Гемнің құрылысы: l-ші,3-ші орындарда метил тобы, 2-ші орында 15 көміртек атомдарынан тұратын радикал, 8-ші орында формил гобы,4-пп кеміртекте винил тобы, 6-шы жэне 7-ші орындарда пропион кышкылынын калдыктары орналаскан. Цха электрондарды тотыксызданған цхс -дан алып тотыксызданады, ал цхс тотыгады. Цха(Fe₃₊) —>цха(Fe₂₊) Цха электрондарды цха₃-ке 6epin тотығады, ал цха₃ тотыксызданады. Цха₃(Fe₃₊) —>ЦХа₃(Fe₃₊)
ЦитохромС, өкілдері цхс жэне цхс₁.Коферменттері гем турінде бірдей, апоферменттері әр-түрлі екі компонентті фермент. Гемнің аталуы: -1,3,5,8- тетраметил, -2,4-диэтил, -6,7- дипропион кышкылыныц темір порфині. цхс₁-дің биологиялык рөлі ол цхв- ны тотықтыру аркылы одан электрондарды алып өзі тотықсызданады, одан кейш цхс цхс₁-ді тотыктырып, өзi тотыксызданады.
Достарыңызбен бөлісу: |