Нәруыздар.Құнды және құнсыз нәруыздар туралы түсінік. Нәруыздардың атқаратын қызметтері. Нәруыздардың жіктелуі Жай нәруыздар (альбуминдер, глобулиндер, протаминдер, гистондар және склеропротеиндер) құрылысы және қасиеттері туралы түсінік



бет4/72
Дата28.11.2023
өлшемі485,23 Kb.
#130509
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
Байланысты:
áõ ýêç (1)-5

Нуклеин қышқылдары Нуклеин қышқылдары − тірі организмдегі тұқым қуалайтын ақпараттарды сақтай отырып, оны келесі ұрпақтарға жеткізетін күрделі құрылысты молекула.1868 жылы швейцариялық биохимик Ф. Мишер жасуша ядросының құрамынан қышқылдық қасиеті бар затты бөліп алған. Оны алғаш рет ядродан тапқандықтан нуклеин қышқылы деп атады.Нуклеин қышқылдарының .мономері-нуклеотидтер.

  • Нуклеотидтер НҚң негізгі құрамдас бөлігі.

  • Кейбір ферменттердің коферменттерінің (АМФ) құрамына кіреді.

  • Энергияға бай ди- және трифосфор туындыларын түзуге қатысады. Мысалы, АМФ-тен АДФ, АТФ, т.с.с.

Нуклеин қышқылы мөлшеріне, физико- химиялық қасиеттеріне қарай,дезоксирибонуклеопротеин (ДНП) және рибонуклеопротеин (РНП) деп бөлінеді.
Нуклеин қышқылдарының химиялық құрамы: ДНҚ -(Н3РО4,дезоксирибоза,аденин,гуанин,цитозин,тимин) РНҚ- (Н3РО4,рибоза,аденин,гуанин,цитозин,урацил)
ДНҚ, РНҚ, құрылымдары, олардың құрылымын тұрақтандыратын байланыстар, нуклеотидтердің құрылысы.
ДНҚ ашылу тарихы.Джеймс Уотсон мен Френсис Крик 1953ж. ДНҚ моделін ұсынды.Аналитикалық және рентгеноқұрылымдық анализ мәліметтерінің негізінде ДНҚ молекуласының қос спиральды екендігі анықталды.Дж.Уотсон мен Ф.Крик моделі бойынша нуклеотидтердің құрамындағы дезоксирибоза және фосфор қышқылының қалдықтары спираль тәрізді ширатылған екі полинуклеотидтік тізбектердің бойында орналасқан, ал пуриндік және пиримидиндік негіздер тізбек осіне перпендикуляр орналасады.
ДНҚ-да генетикалық ақпарат сақталған, нуклеотидтердің белгілі бір ретпен орналасуы түрінде белок құрамы туралы ақпарат жазылған.ДНҚ белок синтезіне тікелей қатысады.
ДНК молекуласының құрамына пентозаның өкілі ретінде дезоксирибоза, ал пуриндік негіздерден аденин (А) ,гуанин (Г), пиримидиндік негіздерден - тимин (Т) ,цитозин (Ц) кіреді. ДНК құрамына кіретін пуриндік жэне пиримидиндік негіздердің сан жагынан белгілі бір заңдылыққа бағынатынын Э. Чаргафф (1949) ашты. Оны Э. Чаргафф ережесі деп атайды.
ДНҚ-ға 4 деңгейдегі реттік құрылым тән: бірінші реттік,екінші реттік,үшінші реттік,төртінші реттік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет