Нәруыздар.Құнды және құнсыз нәруыздар туралы түсінік. Нәруыздардың атқаратын қызметтері. Нәруыздардың жіктелуі Жай нәруыздар (альбуминдер, глобулиндер, протаминдер, гистондар және склеропротеиндер) құрылысы және қасиеттері туралы түсінік



бет7/72
Дата28.11.2023
өлшемі485,23 Kb.
#130509
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   72
Байланысты:
áõ ýêç (1)-5

Генетикалык кодтың қасиеттері
1. Триплеттілігі.ДНҚ тізбегіндегі қатар тұрған үш нуклеотид -триплет бір амин қышқылын анықтайды.Триплет-генетикалық кодтың бірлігі.
2. Арнайлығы. Әр амин кышкылы белгілі бip кодпен шифрланады.
3. Артықшылығы.Генетикалық кодта 61 кодон бар,ал амин қышқылдарының саны 20.Сонымен бір аминқышқылы 2 немесе оданда көп триплеттермен анықталады,тек метионин мен триптофан ғана бір триплетпен кодталады.
4. Әмбебаптылығы. Барлык вирустарда, өсімдіктер мен жануарларда 6ip амин кышкылы бірдей триплетпен шифрланады.
5.Қайта жабылмайтындығы.Қатар орналасқан нуклеотидтер бір ғана кадонға кіреді.
6.Колинеарлығы.Кодондардың реті аминқышқылдарының ретіне үйлесімді болады.
7. Үздіксіздігі.Ешкандай тыныс белгілер болмайды, триплеттер бірінен соң бірі оқылады.



  1. Ферменттер.Ферменттердің жалпы қасиеттері. Ферменттердің белсенділігіне әсер ететін факторлар. Ферменттердің жіктелуі.

Ферменттер – табиғаты бойынша нәруыз болып келетін биологиялық катализаторлар. Ферменттер ағзадағы биохимиялық реакцияларды жылдамдатады. Олар энергетикалық мүмкіндігі бар реакцияларды тездетеді, қатысатын реакцияның бағытын, тепе-теңдігін өзгертпейді, реакция кезінде жұмсалмайды, және соңғы өнімдердің құрамына кірмейді.
Фермент әсер етуі үшән алдымен фермент-субстрат комплексін түзеді. Субстрат фермент молекуласына активті аймақ арқылы жалғасады. Одан кейін фермент-субстрат комплексі конфигурациясы өзгеріп, субстрат құрамындағы байланыстар созылады да үзіледі. Бірақ фермент-субсрат арасында байланыс сақталады. Сонында фермент-реакция өнімі комплексі түзіліп фермент пен өнімге ыдырайды.
Ферменттердің жалпы қасиеттері:

  1. Құрылысы жағынан өте күрделі болып келеді

  2. Табиғаты жағынан белок болғандықтан, белоктардың қасиеттерін көрсете алады

  3. Әсер ету арнайылықты және субстраттықты көрсетеді

  4. Өте жоғары биологиялық белсенділікті көрсетеді.

  5. Өте жайлы жағдай туғанда ғана әсер етеді.

  6. Активтілігін реттеуге болады.

Ферменттер құрылымы күрделі болып келеді. Олар бір компонентті және екі компонентті болып бөлінеді. Бір компонентті – фермент-протеин, алд екі компонентті – фермент-протеид деп аталады. Бір компонентті ферменттерде активті орталығы болады. Активті орталық – амин қышқылдарының функционалды топтарынан құралады. Бұл орталықта екі аймағы болады. Бірі – субстратпен байланысқа жауап берсе, екінші аймағы субсратты химиялық өзгеріске айналдыруға жауап береді.
Екі компонентті ферменттер – апофермент және коферменттен тұрады. Апофермент – белокты бөлігі. Ал кофермент металдардан, витаминдерден тұрады. Апофермент субстратпен байланысты қамтамасыз етсе, кофермент реакция түрін анықтап, ферменттің әсер еті арнайлығын қамтамасыз етеді.
Ферменттерде сонымен қатар, аллостерикалық орталығы болады. Бұл орталық ферменттің активті орталығының қызметін реттейді. Бұл орталық 2 немесе одан да көп суббірліктерден тұрады.
ИЗОФЕРМЕНТ – бір ферменттің молекулалық түр өзгерісін айтады. Бұлардың коферменттері бірдей, бірақ апоферменттері әртүрлі болады. Бірдей субсратқа әсер еткенімен, әртүрлі жағдайларда, әртүрлі жылдамдықта әсер етеді. Мысал ретінде ЛДГ – ның 5 изоферменті бар:
ЛДГ1 – 4 Н тип тізбектен тұрады, жүректе кездеседі,
ЛДГ2 – 3Н, 1М тізбектен тұрады, жүректе, бүйректе кездеседі.
ЛДГ3 – 2Н, 2М тізбектен тұрады, өкпеде кездеседі.
ЛДГ4 – 1Н, 3М тізбектен тұрады, бауырда кездеседі,
ЛДГ5 – 4М тізбектен тұрады, бұлшықетте, бауырда кездеседі.

Ферменттер МУЛЬТИФЕРМЕНТТІК КОМПЛЕКС түзеді. Мультиферменттік комплекс – бір субстратқа әсер етіп, оны жүйелі түрде және бір уақытта бірнеше реакциялар түрінде өзгерістерге ұшырататын ферменттер жүйесі. Мысалы, перуватдегидрогеназдық ммултиферменттік комплекс – НАДФ, НSKoA,


ФЕРМЕНТТЕРДІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІНІҢ РЕТТЕЛУІНІҢ 5 ЖОЛЫ БАР:



  1. Ковалентті модификациялау жолы

  2. Ковалентсіз модификациялау жолы. Аллостерикалық орталығы бар ферменттерге тәуелді.

  3. Ингибирлену арқылы

  4. Гендерді репрессиялау н/е индукциялау. Белок биосинтезін өзгерту арқылы.

  5. Компартментализациялау.

Сонымен қатар, ферменттердің белсенділігіне тепература, ортаның рН, фермент пен субстраттың концентрациясы және эффекторлар әсер етеді.
Ферменттер температураға сезімтал болып келеді. Реакция кезінде 10 градусқа көтерген сайын реакция жылдамдығы 2 есе арта бастайды. Ал температура 60 градустан асқанда, реакция тежеледі. Себебі, фермент табиғаты бойынша белок, ол денатурацияға ұшырайды.
Көптеген ферменттерге ортаның оптималды рН – 4-7 құрайды. Осы рН аралығында ферменттің субстратқа ынтықтығы жоғары болады. Орта рН-ын өзгерте отырып реакция жылдамдығын өзгертуге болады.
Ферментативтік катализ жылдамдығына субстрат пен фермент концентрациясы әсер етеді. Субстраттың концентрациясының жоғарлауынан реакиця жылдамдығы басында артады. Ферменттің активті орталығы субстратпен толықтырылады.
Сонымен қатар, ферментке активаторлар мен ингибиторлар әсер етеді. Активаторлар фермент белсенділігін арттыратын болса, ингибиторлар тежейді.
Ферменттердің биосинтезін өзгерту арқылы реттеуге болады. Гормондар арқылы ДНҚ молекуласына әсер етіп, ферменттер синтезін күшейтуге немесе тежеуге болады. Ферменттің концентрациясы көп болатын болса реакция жылдамдығы күшейеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет