Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы



бет102/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   104
Байланысты:
БШ Нерв жүйесі.Соңғы түрі,2018.

4. Кезбе нервінің, n. vagus, парасимпатикалық артқы ядросы, nucleus dorsalis n. vagi, сопақша мидың артқы бөлігінде, ромбтәрізді шұңқырдың кезбе нервтік үшбұрышында орналасады. Ядрода орналасқан бірінші (орталық) нейрондардан шығатын түйінгедейінгі тармақтар ағза жанындағы және ағза ішіндегі вегетативтік өрімдердің құрамындағы екінші (шеткі) нейрондардан түзілген парасимпатиқалық түйіндерде аяқталады.
Кезбе нервтің құрамындағы парасимпатикалық талшықтар, сезімтал және қозғалтқыш талшықтарға қарағанда басым болып, нервтің негізгі бөлігін құрайды.
Кезбе нервтің бастық бөлігінен сезімтал нервтер кетеді, ал мойындық, кеуделік және іштік бөліктерінен құрамында парасимпатикалық талшықтары бар, аралас нервтер кетеді.
Кезбе нервтің мойындық бөлігінің тармақтары. Жұтқыншақтық тармақтар, rami pharyngei, аралас, құрамы сезімтал, қозғалтқыш, парасимпатикалық талшықтардан тұрады. Симпатикалық қөмей-жұтқыншақтық тармақтармен бірігіп, жұтқыншақ өрімін, plexus pharyngeus, түзеді.
Көмейлік жоғарғы нерв, n.laryngeus superior, аралас, сезімтал, қозғалтқыш, парасимпатикалық талшықтардан тұрады. Көмейдің дауыс саңылауынан жоғарғы бөлігінің шырышты қабығын нервтендіреді.
Жүректің мойындық жоғарғы тармақтары, rr. cardiacі cervicales superiores, саны 1-3-ке дейін, сезімтал және парасимпатикалық талшықтардан тұрады. Олар жүректің симпатикалық мойындық нервтерімен қосылып, жүрек өрімін, plexus cardiacus, түзуге қатысады.
Қайырылма көмейлік нерв, n.laryngeus reccurens, сезімтал, қозғалтқыш және парасимпатикалық талшықтардан тұратын аралас нерв. Оның соңғы тармағы, көмейлік төменгі нерв, n.laryngeus inferior, көмей қуысының шырышты қабығының, дауыс қатпарының астындағы бөлігін және жүзік-қалқанша бұлшықетінен, m.cricothyroideus, басқа - көмейдің барлық бұлшықеттерін нервтендіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет