Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы



бет65/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   104
Байланысты:
БШ Нерв жүйесі.Соңғы түрі,2018.

Тілжұтқыншақ нерві (ІХ)
Тілжұтқыншақ нерві, n.glossopharyngeus – сезімтал, қозғалтқыш және парасимпатикалық (секреттік) талшықтардан құралған аралас нерв. Осыған сәйкес, нервтің сопақша мида үш :
1) сезімтал VІІ және Х жұп нервтермен ортақ жеке ядросы, nucleus solitarius;
2) қозғалтқыш Х жұп нервпен ортақ қос ядросы, nucleus ambiguus;
3) парасимпатикалық төменгі сілекей бөлетін ядросы, nucleus solivatorius inferior, орналасады.
Тіл жұтқыншақ нерві 5-6 түбіршіктер түрінде сопақша мидан - оливаның артында, кезбе және қосымша нервтердің үстіңгі жағынан шығады (50-сурет). Аталған нервтермен бірге латералды жаққа жүріп, мойындырық тесіктен, foramen jugulare, шығады. Осы аймақта тіл-жұтқыншақ нервінің сезімтал нейрондардан түзілген жоғарғы және төменгі екі түйіні бар. Жоғарғы түйіні, ganglion superius, мойындырық тесіктің ішінде, төменгі түйіні, ganglion inferius, тесіктен шыққаннан кейін самай сүйек пирамидасының астында орналасады.



50- сурет. Тіл – жұтқыншақ, кезбе және қосымша нервтер.


1 – үштік нервтің түйіні; 2 – тіл – жұтқыншақ нерві; 3 - қосымша нерв; 4 – кезбе нерв; 5 – мойындық жоғарғы түйін; 6 – мойын өрімі; 7 – көмейлі төменгі нерв; 8 – мойын ілмегі; 9 – көмейлік жоғарғы нерв; 10 – тіласты нерві; 11 – тіл нерві.
Тіл - жұтқыншақ нерві мойындырық тесігінен шыққаннан кейін ішкі ұйқы артериясының артқы жағымен, одан кейін осы артерия мен ішкі мойындырық венаның арасымен төмен жүреді. Сонан соң, доғатәрізді иіліп, алдыға жүріп, біз-тіласты және біз-жұтқыншақ бұлшықеттері арасымен өтіп, тіл түбіріне кіреді де, соңғы тілдік тармақтарына,rami lingualеs, бөлінеді. Бұл тармақтар тілдің артқы үштен бір бөлігінің шырышты қабығын нервтендіріп, оның жалпы және дәм сезімталдықтарын қамтамасыз етеді. Дәм сезу талшықтары науатәрізді бүртіктерде аяқталады. Тілжұтқыншақ нервінің тармақтары:

  1. Дабыл нерві, n.tympanicus, сезімтал және парасимпатикалық талшықтардан тұратын аралас нерв, ол тілжұтқыншақ нервінің төменгі түйінінен басталып, самай сүйектің дабыл өзекшесі арқылы дабыл қуысына кіріп, шырышты қабықта дабыл өрімін, plexus tympanicus,түзеді. Бұл өрімге ішкі ұйқы өрімінен симпатикалық ұйқы – дабыл нервтері, nn.caroticotympanici, қосылады. Дабыл өрімінің сезімтал талшықтары дабыл қуысы мен есту түтігінің шырышты қабықтарын нервтендіреді. Төменгі сілекей бөлетін ядродан шығатын парасимпатикалық талшықтар, дабыл өрімінен шығатын тастық кіші нервті, n.petrosus minor, түзеді. Ол дабыл қуысынан аттас саңылау арқылы шығып, самай сүйегі пирамидасының алдыңғы бетіндегі аттас жүлгемен жүреді. Одан кейін, тастық кіші нерв сына-тастық саңылау, fissura sphenopetrosa, арқылы бассүйек негізінің сыртқы бетіне шығып, екінші парасимпатикалық нейрондардан түзілген құлақ түйінінде, ganglion oticum, аяқталады. Түйіннен кететін тармақтар құлақ-самай нервінің, n.auriculotemporalis, құрамында, шықшыт безін нервтендіреді.



  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет