Аралас нерв.Көкет нерві, n.phrenicus (СIII-CIY, кейде СY) , алдыңғы сатылық бұлшықеттің алдыңғы бетін бойлай төмен түсіп, бұғанаасты артериясы мен венасының арасынан өтеді де кеуде қуысына енеді. Кеуде қуысында нерв жоғарғы көкірекаралыққа, одан соң ортанғы көкіреаралыққа өтеді. Бұл жерде ол өкпе түбірінің алдыңғы жағымен төмен түсіп, жүрекқаптың бүйірлік бетін бойлай көкетке келеді. Көкет нервінің қозғалтқыш талшықтары көкетті , сезімтал талшықтары өкпеқап пен жүрекқапты нервтендіреді. Бұл нервтің сезімтал көкет - ішастарлық тармақтары rr.phrenicoabdominales,көкетті тесіп, іш қуысына өтеді де
көкетті және бауырды, сонымен қатар оны жауып жатқан ішастарды нервтендіреді. Оң жақтағы көкет нервісінің тармақтары құрсақ өрімі арқылы өтіп, бауырды, асқазанды нервтендіреді, сондықтан кейбір бауыр ауруларында «френикус – симптом» деп аталатын ауру белгісі пайда болады.
ИЫҚ ӨРІМІ
Иық өрімін, plexus brachialis, төменгі 4 мойын нервтерінің (СY-CYII), алдыңғы тармақтары, I кеуде нервінің (ThI) басым бөлігі мен IV мойын нервінің (СIY ) алдыңғы тармағының бір бөлігі құрайды.
Сатыаралық кеңістікте нерв талшықтары жоғарғы діңді,truncus superior, ортаңғы діңді, truncus medius, және төменгі діңді, truncus inferior, түзеді.Бұл діңдер иық өрімінің бұғанаүстілік бөлігін құрайды. Бұл діңдер сатыаралық кеңістіктен шығады да латералды буда,fasciculus lateralis, медиалды буда, fasciculus medialis, жәнеартқы буда, fasciculus posterior, деп бөлінеді (53-сурет). Будалар иық өрімінің бұғанаастылық бөлігін түзеді.