Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы



бет62/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   104
Байланысты:
БШ Нерв жүйесі.Соңғы түрі,2018.

Тастық үлкен нерв, n. petrosus major, парасимпатикалық нерв. Оны жоғарғы сілекей бөлетін ядроны түзетін бірінші парасимпатикалық нейрондардың аксондары түзеді. Тастық үлкен нерв, бет нервінің иіні тұсында басталып, тастық үлкен нерв өзегінің саңылауы, hiatus canalis nervi petrosi majoris, арқылы пирамиданың алдыңғы бетіне шығады. Одан әрі аттас жүлгеде, sulcus n. petrosi majoris, орналасып, жыртық тесік арқылы бассүйек негізінің астында (сыртында) орналасқан қанаттәрізді өзекке енеді. Өзекте ішкі ұйқы өрімінен, plexus caroticus internus, бөлінетін симпатикалық, тастық терең нервпен, n.petrosus profundus, қосылып, қанат-таңдай өзегінің нервін, n. canalis pterygoidei,түзеді. Бұл нерв қанат-таңдай шұңқырында орналасқан аттас түйінге енеді. Нервтің құрамындағы парасимпатикалық түйінгедейінгі тармақтар, түйінді түзетін парасимпатикалық екінші нейрондарға нервтік импулсті жеткізеді.

Қанат-таңдай түйіні жоғарғы жақсүйек нервімен түйіндік тармақтар, rami ganglionares, арқылы байланысады. Бұл тармақтар арқылы жоғарғы жақсүйек нервінен келетін сезімтал талшықтар түйін арқылы үзілмей өтіп, түйіннен кететін тармақтар құрамында жалғасады. Ал, қанат-таңдай түйінінде орналасқан екінші парасимпатикалық нейрондардың аксондарынан түзілген түйінненкейінгі тармақтардың бірінші бөлігі түйіндік тармақтар арқылы жоғарғы жақсүйек нервіне барып қосылады да, одан кейін бетсүйек нервісінің құрамында көзжас нервісіне қосылып, көзжас безін нервтендіреді. Екінші бөлігі таңдай және мұрын қуысының бездерін нервтендіреді.

  1. Дабыл ішегі, chorda tympani, дәм сезу және парасимпатикалық талшықтардан тұратын аралас нерв. Дабыл ішегі беттік өзектің төмендеген бөлігінде, бет нервінен бөлініп, дабыл қуысына енеді де, дабыл қуысынан тастық-дабыл саңылауы, fissurа petrotympanica, арқылы шығады. Дабыл ішегі төмен жүреді де тіл нервісіне қосылып (төменгі жақсүйек нервінің тармағы), оның құрамында тілдің алдыңғы үштен екі бөлігінен дәм сезімталдығын өткізеді, ал парасимпатикалық түйінгедейінгі тармақтары тіл нервінің түйіндік тармақтарының, rami ganglionares, құрамында төменгі жақсүйекасты және тұрақсыз тіласты түйіндеріне барады. Бұл түйіндерде орналасқан екінші парасимпатикалық нейрондардың түйінненкейінгі тармақтары - бездік тармақтар, rr.glandulares, түрінде төменгі жақсүйекасты және тіласты бездерін нервтендіреді.

3) Үзеңгі нерві, n.stapedius, қозғалтқыш, үзеңгі бұлшықетін нервтендіретін жіңішке нерв.
Бет нервінің беттік өзектен біз–емізіктәрізді тесік, foramen stylomastoideum, арқылы шығады. Оның бұл жердегі тармақтары:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет