Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы



бет84/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   104
Табандық медиалды нерв, n.plantaris medialis, (65-сурет) асықты жілік нервінің соңғы екі тармағының бірі болып табылады, аттас артерия және венамен бірге бақайларды бүгетін қысқа бұлшықет сіңірінің медиалды жиегін бойлай табандық медиалды жүлгеде,sulcus plantaris medialis, орналасады. Нерв табанның медиалды тобының бұлшықеттерін: бақайларды бүгетін қысқа бұлшықетті, m.flexus digitorum brevis, үлкен бақайды әкететін бұлшықетті, m.abductor hallucis, үлкен бақайды бүгетін қысқа бұлшықеттің медиалды басын, caput mediale, m.flexos hallucis brevis, нервтендіреді. Табан сүйектерінің негізінде, табандық медиалды нерв үлкен бақайдың медиалды бетінің терісін нервтендіретін, бірінші бақайдың табандық меншікті нервін, n.digitalis plantaris proprius, береді. Одан алдыға жүріп, табандық медиалды нерв, үш - бақайлардың табандық жалпы нервтерін, nn. digitales plantares communes, береді. Бұл нервтер табан сүйектерінің табандық артерияларымен, aa. metatarsals plantares, бірге жүріп, бірінші және екінші (кейде үшінші) құрттәрізді бұлшықеттерді, mm. lumricales, нервтендіреді де, әрқайсысы бақайлар негіздерінің деңгейінде бақайлардың табандық меншікті нервтеріне, nn. digitales plantares poprii, бөлінеді. Осы алты нерв I-IY бақайлардың бір-біріне қараған беттерінің терілерін нервтендіреді.
Табандық латералды нерв, n. plantaris lateralis, аттас артерия және венамен бірге табандық латералды жүлгеде, sulcus plantaris lateralis, орналасады. Нерв табанның шаршы бұлшықетін, m. quadratus plantae, және табанның латералды тобының бұлшықеттерін: кіші бақайды әкететін бұлшықетті, m. abductor digiti minimi, кіші бақайды бүгетін қысқа бұлшықетті, m. flexor digiti minimi brevis, кіші бақайды қарама-қарсы қоятын бұлшықетті, m. opponens digiti minimi, нервтендіреді. Нерв алдыға жүріп IY табан сүйектің проксималды шетінде беткей және терең тармақтарға бөлінеді. Беткей тармақ, r. superficialis, Y бақайдың табандық және латералды бетінің терісін нервтендіретін, бақайдың табандық меншікті нервін, n. digitalis plantaris proprius, береді. Беткей тармақтан сонымен қатар, бақайдың табандық жалпы нерві, n. digitalis plantaris communis, кетеді. Ол табан сүйектің табандық артериясымен, a.metatarsalis plantaris, бірге жүріп, екі - бақайдың табандық меншікті нервтеріне, n. digitales plantares proprii бөлініп, IY және Y бақайлардың бір-біріне қараған беттерінің терісін нервтендіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет