Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы


Кіші жіліктік беткей нерв



бет86/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   104
Байланысты:
БШ Нерв жүйесі.Соңғы түрі,2018.

Кіші жіліктік беткей нерв, n. peroneus superficialis, төмен жүріп жоғарғы бұлшықет - кіші жіліктік өзекке, canalis musculoperoneus superior, өтеді. Бұл өзек кіші жіліктің, fibula, жоғарғы бөлігі мен кіші жіліктік ұзын бұлшықеттің, m. peroneus longus, аралығында орналасады. Өзекте нерв кіші жіліктік ұзын, m. peroneus longus және кіші жіліктік қысқа бұлшықеттерге, m. peroneus brevis, тармақтар береді. Одан кейін сирақтың төменгі бөлігінде ( кіші жіліктік қысқа бұлшықеттің алдыңғы жағында) нерв өзектен шығып, сирақтың шандырын тесіп өтеді де аяқ басының сыртына келіп, сезімтал екі тармаққа бөлінеді: 1) терілік сыртқы медиалды нерв, n. cutaneus dorsalis medialis, аяқ басының және үлкен бақайдың сыртқы және медиалды бетінің терісін нервтендіреді. Осы нервтің бір тармағы кіші жіліктік терең нервтің тармақтарымен қосылып II және III бақайлардың бір-біріне қараған беттерінің терісін нервтендіреді. 2) терілік сыртқы аралық нерв, n. cutanеus dorsalis intermedius, аяқ басының сыртқы латералды бетімен төмен түседі де бақайлардың сыртқы нервтеріне, n. digitales dorsales pedis, бөлінеді. Бұл нервтер III, IY және Y бақайлардың бір-біріне қараған беттерінің терісін нервтендіреді.
Кіші жіліктік терең нерв, n. peroneus profundus, алдыға жүріп, кіші жіліктік ұзын бұлшықетті, сирақтың алдыңғы бұлшықетаралық қалқасын және бақайларды жазатын ұзын бұлшықетті тесіп өтеді де, асықты жіліктік алдыңғы артерия және веналармен бірге сирақтың сүйекаралық жарғағының алдыңғы бетімен төмен түседі. Сирақтың жоғарғы бөлігінде ол тамырлардың латералды жағында, ал төменгі бөлігінде олардың медиалды жағында орналасады. Сирақта кіші жіліктік терең нерв : асықты жіліктік алдыңғы бұлшықетті, m.tibialis anterior, бақайларды жазатын ұзын бұлшықетті, m.extensor digitorum longus, үлкен бақайды жазатын ұзын бұлшықетті, m.extensor hallicus longus, және r.articularis, арқылы асық-сирақ буынын нервтендіреді.
Сирақтың төменгі бөлігінде кіші жіліктік терең нерв жазғыштардың төменгі ұстағышының, retinaculum extensorum inferius, астынан өтіп аяқ басына шығады. Бұл жерде бақайларды жазатын қысқа бұлшықетке, m. extensor digitorum brevis, үлкен бақайды жазатын қысқа бұлшықетке, m. extensor hallucis brevis, бұлшықеттік тармақтар, rr. musculares, береді. Нерв алға жүріп, бірінші табан сүйектер аралығының дисталды шетінде екі бақайлардың сыртқы нервтеріне, nn.digitales dorsales, бөлінеді. Бұл нервтер I және II бақайлардың бір-біріне қараған беттерінің терісін нервтендіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет