Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы



бет61/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   104
Бет нерві, n.facialis, аралас нерв (49-сурет), ол сезімтал, қозғалтқыш және парасимпатикалық талшықтардан тұрады. Осыған сәйкес бет нервінің көпірде орналасқан сезімтал, парасимпатикалық және қозғалтқыш үш ядросы бар. Сезімтал ядросы – жеке ядро, nucleus solitarius, парасимпатикалық ядросы – жоғарғы сілекей бөлетін ядро, nucleus salivatorius superior, және қозғалтқыш ядросы – бет нервінің ядросы, nucleus nervi facialis, деп аталады.

49 – сурет. Бет нерві және бас пен мойынның басқа нервтері.


1 – бет нервінің самайлық тармақтары; 2 – бет нервінің көзұяүстілік тармақтары ; 3 –бет нервінің бетсүйектік тармақтары; 4 – көзұяастылық нерв; 5 – бет нервінің ұрттық тармақтары; 6 – бет нерві; 7 – иек нерві; 8 – төменгі жақсүйектің жиектік тармағы; 9 – бет нервінің мойындық тармағы; 10 – мойынның көлденең нерві; 11 – бұғанаүстілік нервтер; 12 - қосымша нерв; 13 – құлақтық үлкен нерв; 14 - шүйделік кіші нерв; 15 – шүйделік үлкен нерв; 16 – құлақ-самайлық нерв.

Бет нервінің сезімтал талшықтары дәм сезу қызметін атқарады да, жеке ядрода аяқталады. Парасимпатикалық талшықтары жоғарғы сілекей бөлетін ядродан шығады. Сезімтал дәм сезу және парасимпатикалық талшықтары қосылып, бет нервінің бір бөлігі – аралық нервті, n. intermedius, түзеді. Ал, қозғалтқыш ядро нейрондарының аксондары меншікті бет нервін, n.facialis, құрайды.


Бет нерві, аралық нерв және кіреберіс - ұлу (VIII) нервтерімен бірге ми негізінен көпірдің артқы жиегінде, оливаның латералды жағынан (көпір- мишық бұрышы) шығады. Одан кейін олар ішкі есту өтісіне, meatus acusticus internus,енеді. Бұл жерде меншікті бет нерві мен аралық нерв өзара қосылып, беттік өзекке, canalis facialis, өтеді. Беттік өзектің иінінде, geniculum canalis facialis, бет нервінің иіні, geniculum n.facialis,жатады. Осы жерде сезімтал нейрондардан құралған иін түйіні, ganglion geniculi, орналасады.
Беттік өзекте бет нервінен үш тармақ шығады:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет