Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы



бет60/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   104
Байланысты:
БШ Нерв жүйесі.Соңғы түрі,2018.

Құлақ-самайлық нерв, n.auriculotemporalis, аралас нерв, төменгі жақсүйек нервінен екі тармақпен басталады, олар артқа жүріп ортаңғы қабықтық (менингеалдық) артерияны екі жағынан қоршап өтеді де, өзара қосылып бір тармақ түзеді. Құлақ-самай нерві төменгі жақсүйектің айдаршықтық өсіндісінің ішкі жағымен артқа және жоғары жүріп, шықшыт безін тесіп өтеді, одан кейін самайлық беткей артериямен қатар жүріп, сыртқы есту өтісінің алдында орналасады. Одан жоғары көтеріліп, өзінің соңғы тармақтары - самайлық беткей тармақтар, rr. temporales superficiales, түрінде самай аймағының терісін нервтендіреді.
Құлақ-самай нервісі құлақ қалқанының алдыңғы бетін, сыртқы есту жолын, дабыл жарғағын және шықшыт буынын нервтендіреді.
Төменгі жақсүйек нервінің медиалды жағында, сопақша тесіктің астында – парасимпатикалық құлақ түйіні, ganglion oticum, жатады. Бұл түйін екінші нейрондардан түзілген. Тіл-жұтқыншақ нервінің төменгі сілекей бөлетін ядросынан (бірінші нейрондар) шығатын түйінгедейінгі тармақтар алдымендабыл нервінің, n.tympanicus, одан кейін тастық кіші нервтің, n.petrosus minor, құрамында құлақ түйініне келеді. Құлақ түйінінен шығатын секрециялық түйінненкейінгі тармақтар, құлақ-самай нервінен кететін шықшыт бездік тармақтар, rr.parotidei, құрамында өтіп шықшыт безінің қызметін қамтамасыз етеді. Бұл тармақтардың құрамында сезімтал тармақтар да өтеді.


Әкететін нерв (VІ)
Әкететін нерв, n.abducens, қозғалтқыш, ол ми көпірінде орналасқан әкететін нерв ядросынның, nucleus n.abducentіs, нейрондарының аксондарынан түзілген. Нерв мидан көпір мен сопақша ми пирамидасының арасындағы көлденең жүлге арқылы шығады да алдыға жүріп, үңгірлі қойнау ішінде - ішкі ұйқы артериясының латералды жағында орналасады. Әкететін нерв көзұяға көзұяның жоғарғы саңылауы арқылы кіреді де, көз алманың латералды тік бұлшықетін невртендіреді.


Бет нерві (VІІ)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет