Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы



бет63/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   104
құлақтық артқы нерв, n. auricularis posterior, құлақтың артқы және жоғарғы бұлшықеттерін, бассүйекүсті бұлшықетінің шүйделік қарыншасын нервтендіреді;

  • қос қарыншалық тармақ, ramus digastricus, қос қарыншалы бұлшықеттің артқы қарыншасын нервтендіреді;

  • біз–тіласты тармағы, ramus stylohyoideus, біз – тіласты бұлшықетін нервтендіреді.

    Сонан соң бет нерві шықшыт безінің ішіне еніп, тармақтарға бөлінеді де, шықшыт өрімін, plexus parotideus, түзеді. Бұл өрімнен қозғалтқыш тармақтар жоғары, алдыға және төмен қарай шашырай таралады:

    1. самайлық тармақтар, rami temporalеs, бассүйекүсті бұлшықетінің маңдайлық қарыншасын, құлақтың алдыңғы және жоғарғы бұлшықеттері мен көздің дөңгелек бұлшықетін нервтендіреді;

    2. бетсүйектік тармақтар, rami zуgomatici, көздің дөңгелек бұлшықетін және бетсүйектік үлкен бұлшықетті нервтендіреді;

    3. ұрттық тармақтар, rami buccales, – бетсүйектік үлкен және кіші бұлшықеттерді, жоғарғы ерінді көтеретін бұлшықетті, ұрт бұлшықетін, езуді көтеретін бұлшықетті, күлкі, мұрын бұлшықеттерін және ауыздың дөңгелек бұлшықетін нервтендіреді;

    4. төменгі жақсүйектің жиектік тармағы, ramus marginalis mandibulaе, езуді түсіретін бұлшықетті, төменгі ерінді түсіретін бұлшықетті, иек бұлшықетін нервтендіреді;

    5. мойындық тармақ, ramus colli, – төменгі жақсүйек бұрышының артқы жағымен мойынға өтіп, мойынның теріастылық бұлшықетін нервтендіреді.

    Сонымен, бет нерві барлық мимикалық бұлшықеттер мен мойынның кейбір бұлшықеттерін, үзеңгі бұлшықетін, тілдің алдыңғы үштен екі бөлігіндегі дәм сезу бүртіктерін, төменгі жақсүйекасты және тіласты сілекей бездерін, мұрын қуысының және таңдайдың шырышты бездері мен көзжас безін нервтендіреді.


    Кіреберіс– ұлу нерві (VІІІ)


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   104




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет