Иық өрімінің ұзын тармақтары Иық өрімінің ұзын тармақтары иық өрімінің латералды, медиалды және артқы будаларынан кетеді.
1.Бұлшықет-терілік нерв, n. musculocutaneus (CV-CVIII), иық өрімінің латералды будасынан кетеді, құстұмсық-иық бұлшықетін, m.coracobrachialis, тесіп өтіп, иық бұлшықеті,m. brachialis, пен иықтың екібасты бұлшықеті, m. biceps brachii,аралығында орналасады.Ол осы бұлшықеттерді және шынтақ буынының қапшығын нервтендіреді. Нерв иықтың төменгі латералды бөлігінің шандырын тесіп шығады да білекке өтіп,білектің латералды терілік нервісіне, n.cutaneus antebrachii lateralis, жалғасады (54-сурет). Нерв білек пен бас бармақтың алдыңғы латералды бетінің терісін нервтендіреді.
55 – сурет. Білектің алдыңғы жағының нервтері.
1 – ортаңғы нерв; 2 – шынтақ жілік нерві; 3 – кәрі жілік нервінің беткей тамағы; 4 – кәрі жілік нервінің терең тармағы; 5 – кәрі жілік нерві; 6 – иық артериясы.
54 – сурет. Қолдың алдыңғы бетінің терілік нервтері
1 – иықтың терілік медиалды нерві; 2 – білектің терілік медиалды нерві; 3 – шынтақ жілік нервінің беткей тармағы; 4 – саусақтардың алақандық меншікті нервтері (шынтақ жілік нервінен ); 5 - саусақтардың алақандық меншікті нервтері ( ортаңғы нервтен ); 6 – кәрі жілік нервінің беткей тармағы; 7 – білектің терілік латералды нерві ( бұлшықет – терілік нервтің жалғасы); 8 – иықтың терілік жоғарғы латералды нерві (қолтық нервінен).
2.Ортаңғы нерв, n.medianus, (СV -СVIII,-thI), медиалды және латералды будалардан кететін, қолтық артериясын екі жағынан айналып өтіп, оның алдыңғы бетінде қосылатын медиалды және латералды түбіршіктерден құралған. Қолтық шұңқырынан төмен жүріп, иықтың медиалды жүлгесінде, иық артериясының латералды жағында орналасады. Иықтың ортаңғы бөлігінде нерв, иық артериясының медиалды жағына өтеді. Иықта n.medianus, тармақтар бермейді. Шынтақ шұңқырында нерв, иық артериясымен бірге, иықтың екібасты бұлшықетінің апоневрозының астымен өтеді (55-сурет). Білекте, орталық нерв саусақтарды бүгетін беткей бұлшықет,m. flexor digitorum superficialis, пен саусақтарды бүгетін терең бұлшықет, m. flexor digitorum profundus, екеуініңаралығындаорналасады. Білектің төменгі бөлігінде нерв ортаңғы жүлге,sulcus medianus,арқылы жүреді де алақанға өтеді. Білекте ол өзінің бұлщықеттік тармақтары, rr.musculares, арқылы білектің алдыңғы бетінде орналасқан білезікті бүгетін шынтақ жіліктік бұлшықет, m.flexor carpi ulnaris, пен саусақтарды бүгетін терең бұлшықеттің, m. flexor digitorum profundus, медиалды бөлігінен басқа бұлшықеттерді нервтендіреді. Атап айтқанда, пронаторлық дөңгелек бұлшықетті, m.pronator teres;саусақтарды бүгетін беткей бұлшықетті, m.flexor digitorum superficialis; саусақтарды бүгетін терең бұлщықеттің, m.flexor digitorum profundus, латералды бөлігін; білезікті бүгетін кәрі жіліктік бұлщықетті, m.flexor capi radialis; білезікті бүгетін шынтақ жіліктік бұлшықетті, m.flexor carpi ulnaris; алақандық ұзын бұлщықетті, m.palmaris longus;бас бармақтыбүгетін ұзын бұлшықетті, m.flexor policis longus, және пронаторлық шаршы бұлшықетті, m.pronator quadratus, нервтендіреді. Ортаңғы нервтен сүйекаралық жарғақтың алдыңғы бетінде, сүйекаралық алдыңғы артериямен бірге жүретін - сүйекаралық алдыңғынерв,n.interosseus anterior, кетеді. Бұл нерв білектің алдыңғы бетіндегі терең орналасқан саусақтарды бүгетін терең бұлшықеттің латералды бөлігін, бас бармақты бүгетін ұзын бұлшықетті және пронаторлық шаршы бұлшықетті нервтендіреді.Білектің төменгі бөлігінде ортаңғы нервтен жіңішке,алақандықтармақ, r.palmaris n.mediani, кетеді. Бұл тармақ, бас бармақ томпағының және алақанның терісін нервтендіреді. Ортаңғы нерв саусақтарды бүгетін бұлшықеттер сіңірлерімен бірге білезік өзегі, canalis carpalis, арқылы алақанға өтеді де үш саусақтардың алақандық жалпы нервтеріне,nn.digitales palmares communes, бөлінеді.Алақанда бұл нерв бірінші,екінші және үшінші алақан сүйектераралықтарын бойлай жүріп, алақанның беткей артериялық доғасының астында орналасады. Бірінші, саусақтардың алақандық жалпы нерві бас бармақ томпағындағы бас бармақты әкететін қысқабұлшықетті, m.abductor pollicis brevis; бас бармақты бүгетін бұлшықеттің, m.flexor pollicis brevis, беткей басын; бас бармақты қарама қарсы қоятынбұлшықетті, m.opponens pollicis, және бірінші құрттәрізді бұлшықетті,m.lumbricalis prima, нервтендіреді де, үш сезімтал тармаққа: саусақтардың алақандық меншіктінервтеріне, nn.digitales palmares proprii, бөлінеді. Олар бас бармақтың латералды, медиалды жақтарын және сұқ саусақтың латералды ( кәрі жіліктік) бетін нервтендіреді. Екінші және үшінші, саусақтардың алақандық жалпы нервтерінің әрқайсысы өз алдына екі саусақтардың алақандық меншікті нервтеріне бөлінеді (56-сурет). Олар сәйкес екінші, кейде үшінші құрттәрізді бұлшықеттерді, II,III және IV саусақтардың бір-біріне қараған беттерінің терісін, II және III саусақтардың дисталды және ортаңғы бунақтарының артқы беттерінің терісін нервтендіреді (57-сурет). Саусақтардың алақандық жалпы және меншікті нервтері сонымен қатар алақанның кәрі жіліктік бөлігінің терісін нервтендіреді. Сонымен, ортаңғы нерв үш жарым саусақтың терісін және шынтақ, кәрі жілік-білезік буындары мен I-IV саусақтардың буындарын нервтендіреді.
3. Шынтақ жілік нерві, n. ulnaris, иық өрімінің медиалды будасынан (СVII-ThI) шығып, иық артериясының медиалды жағымен жүреді. Иықта тармақтар бермейді. Иықтың ортасында, нерв медиалды жаққа жүріп, медиалды бұлшықетаралық қалқаны тесіп өтеді де, медиалды айдаршықүстінің артқы бетіндегі sulcus nervi ulnaris - те орналасады. Бұл жерде нерв тері астында беткей жатады, сондықтан осы аймақты жеңіл-желпі соғып алған кезде, жедел шаншу сезімі пайда болады. Одан кейін нерв білектің шынтақ жіліктікжүлгесіне, sulcus ulnaris, өтіп аттас артерия және веналармен қатар жүреді. Білекте шынтақ жілік нерві білезікті бүгетін шынтақ жіліктік бұлшықетті, m. flexor carpi ulnaris, және саусақтарды бүгетін терең бұлшықеттің, m.flexor digitorium profundus,медиалды бөлігін нервтендіреді.
Білектің төменгі үштен бірінде шынтақ нерві өзінің соңғы тармақтарына: артқы тармағы, r.dorsalis n.ulnaris, және алақандық тармағына, r.palmaris n.ulnaris, бөлінеді. Алақандық тармақ шынтақ жілік нервінің тікелей жалғасы болып табылады, ол шынтақ жілік артериясымен бірге жүріп бүккіштер ұстағышындағы, retinaculum flexorum, білезіктің шынтақ жіліктік өзегі, canalis carpi ulnaris (BNA), арқылы алақанға өтіп, алақандық қысқа бұлшықеттің астында беткей тармаққа, r.superficialis, және тереңтармаққа, r.profundus, бөлінеді. Беткей тармақ алақандық қысқа бұлшықетті, m.palmaris brevis, нервтендіреді. Одан саусақтың алақандық меншікті нерві, n.digitalis palmaris proprius, пен саусақтардың алақандық жалпы нерві, n.digitalis palmaris communis, кетеді.Олардың біріншісі шынашақтың медиалды жиегінің терісін нервтендіреді. Ал, екіншісі шынашақ пен IV (атаусыз) саусақтың бір-біріне қараған беттерінің терісін нервтендіретін екісаусақтардың алақандық меншікті нервтеріне, nn.digitalis palmares proprii, бөлінеді. Сонымен қатар бұл нерв IV саусақтың ортаңғы және дисталды бунақтарының артқы бетінің терісін нервтендіреді.
Шынтақ жілік нервінің терең тармағы алақандық артериялық терең доғаның қасында орналасып, гипотенардың барлық бұлшықеттерін : шынашақты әкететін бұлшықетті, m.abductor digiti minimi, шынашақты бүгетін қысқа бұлшықетті, m. flexor digiti minimi brevis, шынашақты қарсы қоятын бұлшықетті, m.opponeus digiti minimi, барлық сүйектераралық бұлшықеттерді, mm. interossei, үшінші, төртінші құрттәрізді бұлшықеттерді, mm. lumbricales, сонымен қатар бас бармақты әкелетін бұлшықет, m. adductor pollicis, пен бас бармақты бүгетін бұлшықеттің, m. flexor pollicis brevis, терең басын және қол басының буындарын нервтендіреді.
Шынтақ жілік нервінің артқы тармағы білезікті бүгетін шынтақ жіліктік бұлшықеттің, m. flexor carpi ulnaris, сіңірі мен шынтақ жіліктің арасынан өтіп, қол басының артына шығып, оның шынтақ жіліктік бөлігінің терісін және екі жарым саусақтың артқы бетінің терісін нервтендіреді. Олар саусақтардың артқы нервтері, nn. digitales dorsales, деп аталады да: III саусақтың проксималды бунағының терісінің медиалды жағын; IV саусақтың проксималды бунағының, ортаңғы және дисталды бунақтарының артқы бетінің медиалды жағын; V саусақтың артқы бетінің терісін түгел нервтендіреді.
57 – сурет. Қол басы терісін шынтақ жілік ( U ), ортаңғы ( M ) және кәрі жілік (R) нервтерінің нервтендіру аймақтары.
56 – сурет. Алақан нервтері.
1 – ортаңғы нерв; 2 – шынтақ жілік нерві; 3 – шынтақ жілік нервінің беткей тармағы; 4 - шынтақ жілік нервінің терең тармағы; 5 – саусақтардың алақандық жалпы нервтері; 6 - саусақтардың алақандық меншікті нервтері.
Иықтың медиалды терілік нерві,n.cutaneus brachii medialis, ( - ), иық өрімінің медиалды будасынан басталып, иық артериясының алдыңғы, одан кейін медиалды жағында орналасады. Ол, 2-3 тармақтарға бөлініп иық шандырын тесіп өтеді де иықтың медиалды бетінің терісін шынтақ буынына дейін нервтендіреді. Бұл нерв қолтықта, II кейде III қабырғааралық нервтердің латералды терілік тармақтарымен қосылып, қабырғааралық – иық нервтерін, nn. intercostobrachiales, құрайды. Олар қолтықтың терісін нервтендіреді.