Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы


Иық өрімінің қысқа тармақтары



бет74/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   104
Байланысты:
БШ Нерв жүйесі.Соңғы түрі,2018.

Иық өрімінің қысқа тармақтары.
1. Жауырынның артқы нерві, n.dorsalis scapulae, (СY), жауырынның медиалды жиегін бойлай түсіп, жаурынды көтеретін бұлшықетті, m.levator scapulae, және ромбтәрізді бұлшықеттерді, mm.rhomboidei, нервтендіреді.
2. Кеуделік ұзын нерв, n.thoracicus longus Y-CYI), алдыңғы тісті бұлшықетті, m.serratus anterior, нервтендіреді.
3. Бұғанаасты нерві, n.subclavius Y), бұғанаасты артериясының алдымен өтіп, бұғанаасты бұлшықетін, m.subclavius, нервтендіреді.
4. Жауырынүсті нерві, n.suprascapularis Y-CYII) , жауырын тілігі арқылы қылқанүсті шұңқырына шығады. Одан кейін қылқанасты шұңқырына түседі. Қылқанүсті, m.supraspinatus, қылқанасты бұлшықеттерін, m.infraspinatus, және иық буынының қапшығын нервтендіреді.
5. Жауырынасты нерві, n.subscapularis (СY-CYII), жауырынасты бұлшықетін, m.subscapularis, және үлкен дөңгелек бұлшықетті, m. teres major, нервтендіреді.
6. Кеудеарқа нерві, n.thoracodorsalis Y-CYII), арқаның аса жалпақ бұлшықетін, m.latissimus dorsi, нервтендіреді.
7. Кеуделік латералды және медиалды нервтер, nn.pectorales lateralis et medialis Y-Th), , өрімнің бұғанаастылық бөлігінен кетеді, бұғананың артқы жағымен өтіп, медиалды нерв - кеуделік үлкен бұлшықетті, m.pectoralis major, ал латералды нерв - кеуделік кіші бұлшықетті, m.pectoralis minor, нервтендіреді.
8. Қолтық нерві, n.axillaris ( - ) , қысқа тармақтардың арасындағы ең ірісі, жауырынасты бұлшықетінің алдыңғы бетімен жүріп, артқа қарай бұрылады да тоқпан жіліктің артқы айналма артериясымен, a.circumflexa humeri posterior, бірге төртжақты тесік, foramen quadrilaterium, арқылы тоқпан жіліктің хирургиялық мойнының артына шығады. Нерв делтатәрізді, m. deltoideus, және кіші дөңгелек бұлшықеттерді, m. teres minor, иық буынының қапшығын нервтендіреді. Қолтық нерві иықтың жоғарғы латералды терілік нервін, n. cutaneus brachi lateralis superior, береді, ол делтатәрізді бұлшықеттің артқы жиегінен шығады да, иықтың латералды бетінің жоғарғы бөлігінің терісін нервтендіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет