Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы



бет83/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   104
Байланысты:
БШ Нерв жүйесі.Соңғы түрі,2018.

Асықты жілік нерві, n.tibialis,(LIV, LV, SI-SIII), тақым шұңқырының ортасында, тақым венасының артында және одан латералды орналасады. Тақым шұңқырынының төменгі бұрышында асықты жіліктік артқы артерия және венамен бірге сирақ тақым өзегі, canalis cruropopliteus, (Грубер өзегі) арқылы өтеді де медиалды толарсақтың артындағы, бүккіштер ұстағышының, retinaculum mn. flexorum, астында орналасады. Осы жерде n.tibialis өзінің соңғы тармақтарына: табандық медиалды және латералды нервтерге бөлінеді.
Асықты жілік нервінің тармақтары: тақым шұңқырында, 1) бұлшықеттік тармақтары, rr.musculares, сирақтың үшбасты бұлшықетіне, m.triceps surae;табандық, m. plantaris, және тақымдық бұлшықеттеріне, m.popliteus, кетеді және тізе буынын нервтендіреді .


63 – сурет. Аяқтың артқы бетінің терілік нервтері.
1 – бөксенің жоғарғы нервтері; 2 – бөксенің ортаңғы нервтері; 3 – бөксенің төменгі нервтері; 4 – санның артқы терілік нерві; 5 – сирақтың медиалды терілік нерві; 6 – сирақтың латералды терілік нерві; 7 – балтыр нерві, 8 – табандық латералды нерв; 9 – табандық медиалды нерв.
64 – сурет. Аяқтың артқы жағының нервтері.
1 – шонданай нерві; 2 – асықты жіліктік нерв; 3 – кіші жіліктік жалпы нерв; 4 – сирақтың медиалды терілік нерві; 5 – сирақтың латералды терілік нерві; 6 – балтыр нерві;

2) Балтырдың медиалды терілік нерві, n.cutanus surae medialis, теріастылық кіші венаның, v.saphena parva, қасында орналасып, балтыр (сирақтың артқы бетінің ) терісін нервтендіреді. Сирақтың төменгі үштен бірінде нерв шандырды тесіп өтіп, тері астына шығады да, балтырдың латералды терілік нервінен келетін дәнекер тармақпен қосылып балтыр нервісін n.suralis, түзеді.
Асықты жілік нервінің сирақтағы тармағы: 3) сирақтың сүйекаралық нерві, n.interosseus cruris, балтырдың терең бұлшықеттерін: асықты жіліктік артқы бұлщықетті,m.tibialis posterior, үлкен бақайды бүгетін ұзын бұлшықетті, m.flexor hallucis longus, және бақайларды бүгетін ұзын бұлшықетті, m.flexor digitorum longus, нервтендіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет