Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы


Сонымен бұл жүйе барлық ішкі ағзалардың қызметін басқарып (реттеп және үйлестіріп) отырады



бет88/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   104
Байланысты:
БШ Нерв жүйесі.Соңғы түрі,2018.

Сонымен бұл жүйе барлық ішкі ағзалардың қызметін басқарып (реттеп және үйлестіріп) отырады.
Вегетативтік нерв жүйесі қызметіне және ядроларының орналасуына байланысты симпатикалық және парасимпатикалық бөліктерге бөлінеді.
Вегетативтік нерв жүйесінің орталық және шеткі бөлімдері ажыратылады. Орталық бөлімі мидың үш және жұлынның екі бөлігінде орналасады. Сонымен, сомалық нервтер орталық нерв жүйесінен сегментті түрде шықса, вегетативтік нервтер ми мен жұлынның белгілі бір бөліктерінен ғана шығады.
Мида тек парасимпатикалық орталық орналасады, олар:
1. Ортаңғы мида бассүйек нервтерінің III жұбы көзқозғалтқыш нервтің қосымша ядросы;
2. Көпірде бассүйек нервтерінің VІІ жұбы бет нервінің жоғарғы сілекей бөлетін ядросы;
3. Сопақша мида ІХ жұп тіл-жұтқыншақ нервінің төменгі сілекей бөлетін ядросы және Х жұп кезбе нервтің артқы ядросы.
Симпатикалық орталық тек жұлында жатады, сонымен қатар жұлында аз көлемде парсимпатикалық ядролар да орналасады.
Симпатикалық және парасимпатикалық орталықтардың (ядролардың) қызметтерін басқарып, үйлестіріп отыратын жоғары вегетативтік орталықтар бар. Оларға гипоталамус, мишық, торлы құрылым, лимбикалық жүйе, негіздік(базалды) ядролар және үлкен ми қыртысы жатады. Осылардың ішіндегі ең көлемді және маңызды қызметті гипоталамус атқарады. Ол симпатикалық және парасимпатикалық бөліктерді үйлестіреді, эндокриндік бездердің қызметін реттеп, олар арқылы организмдегі зат алмасу үдерісін басқарады.
Мишық, торлы құрылым, лимбикалық жүйе және ми қыртысы сомалық және вегетативтік қызметтерді өзара үйлестіре отырып,ішкі орта тұрақтылығын (гомеостазды) қамтамасыз етеді.
Вегетативтік нерв жүйесінің шеткі бөлігіне бассүйек және жұлын нервтерінің құрамында шығатын вегетативтік нервтер және олар түзетін вегетативтік өрімдер жатады.
Вегетативтік нерв жүйесінің рефлекстік доғасының құрылымы.
Сезімтал (бірінші) нейронның денесі жұлын түйіні мен бассүйек нервтерінің сезімтал түйіндерінде орналасады. Бұл сезімтал нейрондар сомалық және вегетативтік нерв жүйесіне ортақ болып, нервтік импулсті сомалық (көлденең жолақты бұлшықеттер,тері) және вегетативтік (ішкі) ағзалардан қабылдайды.
Аралық (екінші) нейронның денесі жұлынның бүйір мүйіздеріндегі симпатикалық ядроларда, сегізкөздік ІІ - ІV сегменттердегі парасимпатикалық ядроларда және мидағы парасимпатикалық ядроларда жатады.
Қозғалтқыш (үшінші) нейронның денесі әрқашан орталық нерв жүйесінен тыс орналасады. Олар бастағы парасимпатикалық түйіндерді, симпатикалық діңнің түйіндерін, вегетативтік өрімдердің симпатикалық түйіндерін және ішкі ағзалардың қабырғасының ішінде (интрамуралды) орналасқан парсимпатикалық түйіндерді түзеді. Осы түйіндерде орналасқан эфферентті нейрондардың өсінділері (аксондары) ішкі ағзаларда аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет