Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы



бет85/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   104
Терең тармақ, r. profundus, табандық aртериялық доғаның, arcus plantaris, қасында жатып, барлық сүйекаралық табандық және артқы бұлшықеттерді, mm. Interossei plantares et dorsales, үшінші және төртінші құрттәрізді бұлшықеттерді, mm. lumbricales, үлкен бақайды әкелетін бұлшықетті, m. adductor hallucis, және үлкен бақайды бүгетін қысқа бұлшықеттің латералды басын, caput laterale m. flexor hallucis brevis, нервтендіреді. Табандық медиалды және латералды нервтерінен аяқ басының буындары мен сүйектеріне тармақтар кетеді.


65-сурет . Табан нервтері мен артериялары.



1-бақайлық жалпы нервтер; 2- табан сүйектерінің табандық артериялары; 3- табандық медиалды нерв; 4- табандық латералды нерв ; 5- табандық медиалды артерия; 6-асықты жіліктік артқы артерия; 7-өкшелік тармақ; 8- табандық латералды артерия; 9-табандық артериялық доға; 10 - бақайлардың меншікті нервтері.


Кіші жіліктік жалпы нерв, n. peroneus (fibularis) communis, санның екі басты бұлшықетінің медиалды жиегінің астымен төмен түседі де, осы бұлшықеттің сіңірі мен балтыр бұлшықетінің латералды басының аралығында орналасады. Одан кейін кіші жіліктің (шыбықтың) басын айналып өтеді. Бұл жерде ол шандыр және терімен ғана жабылып, тізе буынына тармақтар береді. Кіші жіліктік ұзын бұлшықеттің, m. peroneus (fibularis) longus, бас жағында оның ішіне кіреді де, кіші жіліктік беткей және терең нервтерге бөлінеді. Тақымда кіші жіліктік жалпы нерв сирақтың латералды жағының терісін нервтендіретін балтырдың латералды терілік нервін, n. cutaneus surae lateralіs, береді. Ол, сирақтың төменгі бөлігінде балтырдың медиалды терілік нервісімен қосылып, жоғарыда аталғандай балтыр нервін, n.suralis, құрайды. Бұл нерв латералды толарсақты артқы жағынан айналып өтіп, өкшенің латералды бөлігінің терісін өкшелік латералды тармақтар, rr.calcanei laterales, арқылы нервтендіреді де, аяқ басының латералды жиегін бойлай орналасады. Бұл жерде ол аяқ басының және кіші бақайдың сыртқы латералды бетінің терісін нервтендіріп терілік cыртқы латералды нерв, n.cutaneus dorsalis lateralis, деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет