Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы



бет87/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   104
Байланысты:
БШ Нерв жүйесі.Соңғы түрі,2018.

Құйымшақ өрімі.
Құйымшақ өрімі, plexus coccygeus, бесінші сегізкөз ( ) және бірінші құйымшақ ( ) нервтерінің алдыңғы тармақтарынан құралған . Бұл өрім құйымшақ бұлшықеті, m.coccygeus, мен сегізкөз-қылқан байламының,lig sacrospinale, жамбастық бетінде орналасқан. Өрімнен айналшық-құйымшақ нервтері, nn.anococcygei, кетеді. Олар айналшық пен құйымшақ аймағының терілерін нервтендіреді .

Вегетативтік (автономдық) нерв жүйесі
Вегетативтік (автономдық) нерв жүйесі, systema nervosum autonomicum, ішкі ағзаларды, тамырларды, бездерді және бірыңғай салалы бұлшықеттерді нервтендіретін нерв жүйесінің бір бөлігі.Сонымен, вегетативтік нерв жүйесі - қызметі адамның санасына бағынбайтын ағзаларды нервтендіреді. Мысалы: асқазанның, бауырдың, бүйректің және т.с.с. басқа да ішкі ағзалардың қызметі адам санасы арқылы басқарылмайды. Бірақ, бұл автономдық салыстырмалы түрде ғана болады, себебі олардың қызметі ми қыртысы арқылы реттеліп отырады. Оған дәлел, жоғарыда (нерв жүйесінің қызметі) аталып өткендей, адам ұялғанда - қызарады, қобалжығанда, уайымдағанда - тамыр соғысы жиілеп, қан қысымы көтеріледі және т.с.с. басқа да белгілер пайда болады.

66-сурет. Симпатикалық нерв жүйесінің рефлекстік доғасы.


1- жұлын нервінің артқы түбіршігі; 2 - жұлын түйіні; 3 - жұлынның бүйір мүйізінің аралық – латералды ядросы; 4 - аралық нейронның түйінгедейінгі талшықтары (жұлынның алдыңғы түбіршігінің құрамында өтеді); 5 - жұлын нерві; 6 – ақ дәнекер тармақ; 7 – симпатикалық діңнің түйіні; 8 – сұр дәнекер тармақ; 9 – қозғалтқыш нейронның түйінненкейінгі талшықтары (жұлын нервінің құрамында өтеді); 10 - қозғалтқыш нейронның түйінненкейінгі талшықтары (ішкі ағзалық нервтің құрамында өтеді); 11 – вегетативтік өрімнің нервтік түйіні; 12 - қозғалтқыш нейронның түйінненкейінгі талшықтары (ішкі ағзалық нервтердің және тамырлық өрімдердің құрамында өтеді); 13 – қан тамырына баратын түйінненкейінгі талшық; 14 – қан тамыры; 15 – терінің тер бездеріне, шаш бұлшықеттеріне және тамырларына баратын түйінненкейінгі нерв талшықтары.

Вегетативтік нерв жүйесі бейімділік – қоректік (адаптациялық -трофикалық) қызмет атқарады: сыртқы орта жағдайының өзгеруіне байланысты организмнің де зат алмасу үдерісін өзгертіп, реттеп отырады. Мысалы, күн ыстықта тер бездерінің қызметі күшейеді, дене қимылы күшейгенде зат алмасу ұлғаяды және т.с.с бейімделу үдерістері қамтамасыз етіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет