Несеп жїйесі


Жүрек етінің физиологиялық қасиеттері



бет3/11
Дата24.03.2023
өлшемі69,85 Kb.
#75857
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Жүрек етінің физиологиялық қасиеттері

Жүрек етінің негізгі қасиеттері – қозғыштық, қозуды өткізу, жиырылу, рефрактерлік. Жүрек етінің ерекшелігі – оның автоматиялық қасиеті.


Қозғыштық. Жүрек еті электрлік, механикалық, термиялық, химиялық тітіркендіргіштер әсерінен қоза алады. Электр тогымен жүректі қоздыру медицинада қолданылады(электростимулятор).
Қозуды өткізу. Қозуды өткізу жылдамдығы жүректің әр түрлі бөліктерінде бірдей емес. Жүрекшелер қабырғасынан ол секундына 0,8-1м, қарыншалар қабырғасымен 0,8-0,9м жылдамдықпен тарайды (қаңқа етінде- 4,7-5м/сек).
Жиырылу. Қозу толқынына жүрек еті жиырылумен жауап береді. Жиырылу деп ет талшықтарының ұзындығының қысқаруын немесе тонусының артуын айтады. Жүрек етіне тән жиырылу:

  1. баяу жиырылу

  2. жеке жиырылу – жүрекше мен қарынша бір мезетте жиырылмайды, алдымен жүрекшелер содан соң қарыншалар жиырылады.

Рефрактерлік – қозу кезінде жүрек етінің тосын
тітіркендіргішке жауап бермейтін қасиеті. Рефрактерлік кезең үш сатыға бөлінеді. Ол абсолюттік(толық), салыстырмалы және супернормальдық рефрактерлік сатылары. Систола кезінде жүрек етінің қозғыштық қасиетінің жойылуын абсолюттік рефрактерлік дейді. Бұл сатыда жүрек еті ешбір тітіркендіргішке жауап бермейді.Жүрек еті босаңсығанда оның қозғыштық қасиеті өзгеріп, күшті тосын тітіркендіргішке әлсіз жауап алынады. Бұл сатыны салыстырмалы рефрактерлік деп атайды.
Экстрасистола. Систола не диастола кезінде жүрекке түрлі тітіркендіргіштер әсер етсе, оның беретін жауабы әр түрлі болады. Систола кезінде тітіркендірсе жүрек жауап қайтармайды. Күшті тітіркендіргішпен диастола кезінде әсер етсе, жүрек кезектен тыс жиырылады, мұны экстрасистола дейді. Ол тітіркендіргіштің әсер еткен жеріне қарай синустық және жүрекше, қарынша экстрасистолалары болып көрінеді. Қарынша экстрасистоласынан соң кезекті бір систола түсіп қалады, оның орнына ұзақ компенсаторлық үзіліс пайда болады(жүрек еті дем алады). Қалыпты жағдайда экстрасистола эмоция кезінде кездесуі мүмкін.
Автоматиялық қасиеті. Жүрек еті екі түрлі ет талшықтарынан құралады. Оның бірі жүректің жиырылып, босаңсуын қамтамасыз ететін миоцит жасушалар, ал екіншісі – жүрекше мен қарынша еттерінің үйлесімді жиырылуын қамтамасыз ететін атипті миоцит жасушалары. Осы атиптік жасушалар жүректің белгілі бір бөліктерінде түйіндер құрып, жүректің өткізгіш жүйесін түзеді. Өткізгіш жүйені құрайды:

  1. Оң жүрекшенің қабырғасында, жоғарғы қуыс вена мен оң құлақша аралығында – синоатриалды немесе Кис-Флек түйіні;

  2. Оң жүрекше мен оң қарынша аралығында – атриовентриқулярлық немесе Ашофф-Тавар түйіні.

Осы екі түйінді бір-бірімен жалғастыратын жіпшелер – Бахман талшықтары;

  1. Қарыншалардың пердеге жақын жерінде – Гис шоғыры басталады, одан оң және сол аяқшалар төмен қарай тарайды;

  2. Пуркинье талшықтары.

Өткізгіш жүйе жүректің автоматия қасиетін қамтамасыз етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет