Веналық пульс Веналық пульс ірі және жүрекке жақын веналарда байқалады. Оны флебография әдісімен жазып алады.
Қанның микротамырларда ағу ерекшеліктері Қанның микротамырларда ағу ерекшеліктері гемомикроциркуляция деп аталады. Микроциркуляция өте ұсақ қан және лимфа тамырларындағы қан айналысы. Микроциркуляция тамырларына артериолалар, метаартериолалар, капиллярлар, посткапилларлар, венулалар және артериоловенулярлық анастомоздар жатады. Капиллярдың қабырғасы бірқабат эндотелийден және жұқа негізгі мембранадан тұрады. Капиллярдың 30% қалыпты жағдайда жабық, бос болады. Дене қимылдағанда қан ағысына қатысатын капиллярлардың саны көбейеді. Капиллярдың қабырғасы жұқа болғандықтан транскапиллярлық алмасу өтеді. Микроциркуляция жіңішке тамырлардағы қан мен лимфа ағысы ерекшеліктерін, қанның ұю заңдылықтарын, тамыр саңылауларының жүйкелік және гуморальдық реттелуін көрсетеді. Капиллярлар өздігінен кеңейіп-тарыла алмайды, өйткені оның қабырғасында ет талшықтары жоқ. Капиллярдағы қысымды капилляроскоппен өлшейді.
Қан айналымының реттелуі Ағзаның қызметі нәтижелі болу үшін қан айналымы қызмет қарқынына сәйкес болуы қажет.
І. Тамырлардың тонусына вегетативтік жүйке әсер етеді. Жүйкелер тамырларды тарылтатын – вазоконстрикторлар, ал кеңейтетін – вазодилататорлар болып екіге бөлінеді. Симпатикалық түйіннен кейінгі жүйкенің ұшынан медиатор – норадреналин не адреналин бөлінеді, ал түйінге дейінгі ұшынан ацетилхолин шығады. Осыған байланысты симпатикалық адренергилік жүйке тамырды тарылтса, холинергилік симпатикалық жүйкелер оны кеңейтеді.
Қан тамырларының жүйке арқылы реттелуін физиолог А.Вальтер, француз ғалымы Клод Бернар тәжірибе арқылы дәлелдеді.
Қан тамырларының тонусы 3 әдіспен зерттеледі:
Резистография – резистивтік тамырлардың кедергісін жазып алу.
Реография – ағзалардың қанға толуын, олардың электр кедергісін тіркеу арқылы анықтау.
Плетизмография – ағзалардың, аяқ-қол көлеміндегі өзгерістерді жазып алу.
Қан тамырын қозғалтатын орталық деп тамыр
түтігінің диаметрін өзгертетін орталықты айтады, ол үнемі қозуда болады. Тамыр қозғалтатын – вазомоторлық орталық бас ми жүйкелерінің ІХ,Х,ХІ,ХІІ жұптары арқылы да қан тамырларына әсер етеді. Қан тамырлардың айналасында – рефлексогендік алаңдар орналасқан. Қан тамырлардың кеңейіп-тарылуы рефлекстік қоздырғыштарға да байланысты болады.
ІІ. Қан тамырларының гуморальдық реттелуі. Қан арқылы әсер ететін заттарға гормондар, медиаторлар, метаболиттер жатады.
Адреналин – қан тамырларын кеңейтеді.
Норадреналин – тамырларды тарылтады.
Вазопрессин – антидиурездік гормон(АДГ)- артериолаларды тарылтады.
Ренин – судың сыртқа шығуын тежейді, қан тамырларда қанның мөлшері көбейеді, қан қысымы жоғарылайды.
Серотонин – медиатор ретінде бөлінеді, аз мөлшерде – қан тамырын тарылтады, көп бөлінсе – кеңейтеді.
Простагландиндер – артериолаларды кеңейтеді.
Ацетилхолин – парасимпатикалық жүйке ұшынан бөлінеді – тамырларды кеңейтеді.
Гистамин – аллергия кезінде көп бөлінеді, заттардың өтуін, алмасуын жеделдетеді.
Брадикинин – қандағы белоктардан пайда болады, адамға күн өткенде көп бөлінеді, тамырларды кеңейтеді.