тізбек нуклеотидтерден түзіледі. Нуклеин қышқылдары молекулала-
ры құрамында нуклеотидтер саны өртүрлі. Тасымалдаушы РН К мо-
лекуласында олардың саны 80-ге жуық болса, Д Н К молекуласында
ондаған мыңға жетеді. Д Н К -ны ң кез келген нуклеотидінің қүрамы-
на аденин, гуанин, тимин, цитозин азотты негіздерінің бірі, дезокси-
рибоза жөне ф осф ор қы ш қы лы ны ң қалдығы енеді. Р Н К -н ы ң
нуклеотидтерінің құрамына азотты негіздер - аденин, гуанин, ура-
цил, цитозиннің бірі, рибоза жөне фосфор қыш қылының қалдығы
енеді. Демек, нуклеотидтер тек азотгы негіз сипатымен өзгешеленеді.
Цитозин, тимин, уроцил - пиримидин негіздеріне, ал аденин мен
гуанин - пурин негіздеріне жатады.
150-
сурақ. Д Н К мен РН К қурылысында, қурамында, қасиеттері
мен қызметтерінде қандай өзгешеліктер болады?
Д Н К мен РН К тек құрылысы, торшада орнығуы жағынан ғана
емес, қасиетгері мен атқаратын қызметгері жағынан да ерекшеленеді.
Д Н К молекуласы бір-біріне спираль түрінде бұрала орналасқан
қос полинуклеотидтік тізбекген құралса, РН К молекуласы жалғыз
полинуклеотидтік тізбекген құралады. Д Н К мономері - рибонукле-
отидгер. Дезоксинуклеотидтер құрамында азотгы негіз (аденин, гуа
нин, тимин, цитозин), дезоксирибоза жөне фосфор қышқылының
қалдығы болса, рибонуклеотид құрамына азотгы негіз (аденин, гуанин,
урацил, цитозин), рибоза жөне фосфор қьппқылыньщ қалдьпы енеді.
Д Н К нуклеотидтері аденилді (А), гуанилді (Г), тимидилді (Т),
цитқдильді, ал РН К нуклеотңдтері аденилді (А), гуанилді (Г), уридилді
(У) жөне цитидильді (Ц) типке жатады.
Д Н К молекуласы тұрақты жөне репликациялануға (еселенуге)
қабілетгі, ал РН К молекуласы өзгеріш (лабильді) және репликацияла-
нуға қабілетсіз. Д Н К торша ядросы мен митохондрияларда, ал РН К -
ядрода, цитоплазмада, рибосома мен митохондрияларда орналасады.
Д Н К гендік ақпаратты сақтап, ұрпаққа береді, ал РН К (ақпарат-
ты қ жөне тасымалдаушы РНК) белок биосинтезін қамтамасыз етеді.
Д Н К Р Н К -ны ң құрылымын, ал РН К түзілетін белок молекуласы-
ның құрылысын анықтайды.
151-
сурақ. Торша қурамында РНК-ның қандай турлері болады және
олар қандай қызмет атқарады?
Торша құрамында РНК-ның бірнеше түрі болады. Олар бір-бірінен
молекуласының мөлшерімен, құрылымымен, орнығу жағдайымен
жөне қызметімен ерекшеленеді. Торша құрамындағы РН К -ны ң ша-
мамен 10%-ын кіші молекулалы тасымалдаушы РН К (тРНК) күрай-
Ды. Генетикалық ақпаратқа сөйкес тР Н К белок түзілетін жерге —
138
рибосомаға белгілі бір амин қышқылын жеткізіп береді. Демек, тРНК-
ның жалпы саны жиырмадан асады. Олар бір-бірінен нуклеотидгердің
тізбектелу ретімен ерекшеленеді.
Торша РН К -сы ны ң 85%-на жуығын рибосомалық Р Н К (рРНК)
құрайды. Олар рибосомалар құрамы на енді де, құраушы қызмет
атқарады. Р Н К -ны ң бұл түрі белок биосинтезі барысында амин
қышқылдарын пептидтік тізбекке бірікгіретін рибосоманьщ белсенді
орталығын қүрауға қатысады.
РН К түрлерінің арасында маңызды орынды ақпараттық немесе
матрицалық Р Н К (иРН К) алады. РН К -ны ң жалпы мөлшерінің 5%
шамасында ғана болғанымен, олар белок синтезінің Д Н К кодына
сөйкес жүруін қамтамасыз етеді. Әр иРН К белоктың белгіпі бір түрінің
түзілуіне жауап береді. иРН К молекуласы Д Н К -н ы ң белгілі бір ген
орныққан бөлігінде түзіледі де, болашақ синтезделетін белоктың құры-
лымы жайлы ақпаратгы нуклеотидтердің тізбекгегі орналасу реті
түрінде қабылдап (көшіріп) алады. Олар осы ақпаратты рибосомаға
тасымалдап, белокты синтездеу кезінде оны жүзеге асырады.
Сонымен, торшада РН К -ны ң барлық тобы қызметі жағынан
бірлескен жүйе құрып, сол торшаға тән белоктардың синтезделу
процесін қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: