Организмнен бөлініп ш ы ққан азот мөлшерінің қорекпен енген
азот мөлшерінен артып кеткен жағдайын
теріс азоттық теңдестік
деп атайды. Мұндай күй ашығу, ауру кездерінде, организм қартай-
ғанда байқалады. Ал, организмге енген азот пен одан бөлінген азот
мөлшері бірдей болса, онда
азоттық тепе-теңдік қалыптасқаны. Бұл
жағдай өсу процесі тоқтаған сақа организмде байқалады.
Азоттық тепе-тендік деңгейі ауытқып отырады. Қорек құрамын-
да белок көп болса, организмнен бөлінетін азот мөлшері өседі де,
тепе-тендік жоғары деңгейде қалыптасады. Қорек құрамында белок
мөлшері аз болса, организмнен бөлінетін азот мөлшері азайып, тепе-
тендік төменгі деңгейде қалыптасады. Демек, азоттық тепе-тендік
сақтау үшін организм белгілі бір мөлшерде белок қабылдауы керек.
Организмнің энергиялық мұқтаждыгы көмірсулар мен майлар есебінен
қамтамасыз етілген жағдайда азоттық тепе-тендікті сақтауға қажет
белоктың ең аз мөлшерін
белоктық минимум деп атайды. Ол жасқа,
о р га н и зм н ің ф и зи о л о ги я л ы қ к ү й ін е , ең б ек тү р ін е, малды ң
өнімділігіне, түлік түріне т.б. байланысты өзгеріп отырады.
154-сурақ. Комірсулардың қурылысы, қасиеттері және маңызы
жайлы не білесіз?
Көмірсулар немесе қантгар, - организмдегі органикалық қосылыс-
тардың негізгі тобының бірі. Олар барлық тірі
организмдер торшала-
рының қүрамына енеді. Ддам мен жануарлар торшаларында олардың
мөлшері 1-2%, ал өсімдікгер торшасы қүрғақ затының 85-90%-ы
көмірсулардан құралады.
Көмірсулар молекуласы көміртегінен, сутегінен, оттегінен кура-
лады. Олардың көпшілігінде сутегі мен оттегінің ара қатынасы су
құрамындағы деңгейде сақталады. Мысалы, глюкоза - С6 Н 120 6, са
хароза - С 12Н 22О п. Осыдан оларды
көмірсулар деп атайды.
Барлық көмірсулар қарапайым (моносахаридтер) жөне күрделі (по-
лисахаридтер) больш бөлінеді. Моносахаридтер қүрамыңдағы көміртегі
атомының санымен байланысты триозалар (ЗС), тетрозалар (4С), пен-
тозалар (5С), гексозалар (6С) жөне гептозалар (7С) болып жікгеледі.
Табиғатта пентозалар (рибоза, дезоксирибоза, рибулоза) жөне гексо
залар (глюкоза, фруктоза, галактоза) кең тараган. Рибоза мен дезок
сирибоза нуклеин қышқылдары мен АТФ-ты құруда маңызды рол
атқарады. Глюкоза торшаның негізгі қуат көзі больш табылады. Мо
носахаридтер тек қана қуат көзі ғана емес, көптеген органикалық
затгарды синтездеуде, организмге сырттан енген, немесе оның өзінде
түзілген улы заттарды (белокгың шіру өнімдері) зарарсыздандыруда
маңызды рөл атқарады.
142
Екі және одан да көп моносахаридтердің (глюкоза, галактоза, ман
ноза, арабиноза немесе ксилоза) қосылуы нөтижесінде ди- жөне по-
лисахаридтер түзіледі. Дисахаридтерге сахароза, мальтоза, лактоза (сүт
қанты) жатады. Дисахаридтер қасиеттері жағынан моносахаридтерге
үқсас: суда жақсы ериді, төтті дөмді келеді. Полисахаридтерге крах
мал, гликоген, целлюлоза, хитин, каллоза, инулин т.б. жатады. Қүра-
мында мономерлер саны өскен сайын полисахаридтердің ерігіштігі,
тәтті дөмі жойылады.
Көмірсулар организмде негізінен қуат көзі ретінде пайдаланыла-
ды (глюкоза) немесе энергия қорына айналады (гликоген), сонымен
қ а т а р олар к ү р д е л і қ о с ы л ы с т а р д ы ң (н у к л е п р о т е и д т е р д ің ,
гликопротеидтердің) құрамына кіреді.
Көмірсулар бүлшык, еттердегі биохимиялық процестер мен энер
гия алмасуында маңызды қызмет атқарады. Сол себепті қан құра-
мында глюкоза мөлшері азайса (гипогликемия) дене температурасы
төмендеп, организм өлсірейді, орталық нерв жүйесі мен бұлш ық ет
қызметі бүзылып, жүрек жұмысы нашарлайды, дене дірілдеп, тер
бөлінеді. Қандағы қант мөлшері күрт төмендесе, глипогликемиялық
талықсу (шок) туындап, тіршілік тоқтап та қалады.
Достарыңызбен бөлісу: