Май организмде түзілетін судьщ көзі, 100 г май тотыққанда 107 г
су бөлінеді. Бұл құбылыстьщ шөлді өңірді мекендейгін, құмда тіршілік
ететін жануарлар үшін маңызы зор. Кейбір қанықпаған май қыш-
қылдары (линол, линолен, арахидин) организмде түзілмейді, сон-
дықтан олар қорекпен міндетгі түрде қабылдануы керек. Бұл қы ш қ-
ылдарды
алмастырылмайтын май қышқылдары деп атайды. Олар ра
цион құрамында болмаса, майлардың алмасуы, өсу,
көбею процестері
бұзыльш тері ауруға шалдығады. Сонымен қатар майлар организмнің
осу факторы болып табылатын линол қышқылының, биологиялық
белсенді затгардың (простагландиндер, стероидты гормондар, холин)
көзі. Олар майда еритін А,Д,Е дөрмендөрілерінің ішектен сорылуы-
на мүмкіндік туғызады, қой шайырының, құстардың тері майының
құрамына енеді.
Денедегі май протоплазмалық жөне қордағы болып екіге бөлінеді.
Протоплазма майына торша мембранасының, митохондрияньщ, мик-
росоманың қүрамына енетін майлар жатады. Оның құрамы мен
мөлшері айтарлықтай түрақты, көп ауытқымайды. Май ми торшала-
ры, жыныс бездері жөне шөует қүрамында едәуір көп болады.
Қордағы майға тері шелінің, шарбының майы, бүйрек, жүрек сияқ-
ты ағзалардың маңында жиналған майлар жатады. Май торшалары -
адипоциттер - альвеолалы үлпалар мен ет талшықтары арасында да
орналасады. Адипоциттер құрамындағы майлар ұлпаларда энергия
жинақтаудың ерекше түрі.
Достарыңызбен бөлісу: