Несіпбаев Т., Исхан Қ. Ж., Несіпбаева А.Қ. ҚҰс физиологиясы


Б 3-сурет. Тауықтың ас қорыту жолының схемасы



бет24/103
Дата25.11.2023
өлшемі0,92 Mb.
#126940
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   103
Б
3-сурет. Тауықтың ас қорыту жолының схемасы.

1-өңеш; 2-бөтеге; 3-безді қарын; 4-етті қарын; 5-көк бауыр; 6-өт қапшығы; 7-бауыр; 8-өт өзектері; 9-ұйқы безі; 10-жіңішке (12 елі) ішек; 11-аш ішек; 12-тұйық өсінді; 13-тоқ ішек; 14-саңғуыр (клоака).

өтегеде ас қорыту.
Тауықтарда, күрке тауықтарда, мысыр тауғында (цесарка), кептерлерде өңештің бойында ерекше қалта болады, оны бөтеге (жемсау) дейді (3-сурет). Үйрек пен қаздарда бөтегенің орнында өңеште ұршық тәрізді аз ғана кеңейген құрылым болады. Бөтеге көкіректің алдында томпайып шығыңқырап тұрады. Оның алдыңғы беткейі теріасты еттерімен тұтасып кетеді де, бұл азық келіп түскенде бөтегенің кеңеюіне ықпал етеді. Бөтегеге азықтың кіріп-шығуын арнаулы қысқыштар реттеп отырады. Сфинктерлер аралығында бөтеге жолы орналасады, ол арқылы аш құстарда азық пен су бөтегеге түспей, өңештің төменгі бөлігі мен қарынға бірден өтеді. Тауық бөтегесінің сиымдылығы 100-120 г шамасында болады.

Бөтегеде рН шамамен 4,5-5,8 деңгейінде қалыптасады. Мұнда азық жұмсарады, бөрітеді, араласады, азықпен түскен ферменттер мен бактериялар әсерімен үстіртін қорытылады. Дегенмен, бөтегені алып тастағанда қоректің ас асқорыту жолынан өтуі шапшаңдап, сіңімділігі төмендейеді, құс салмағын жағалтады.


Бөтегеде азықтың бөгелу ұзақтығы қарынның толу дәрежесі мен ас қорыту процестерінің жылдамдығына, сонымен қатар азық сапасы мен құрғақтығына байланысты болады. Жұмсақ және дымқыл азыққа қарағанда қатты және құрғақ азық бөтегеде ұзақ бөгеледі. Азық сапасына қарай оның бөтегеде аялдау мерзімі 3-4 сағаттан 14-18 сағатқа жетеді.
Бөтеге кезеген жүйкемен жүйкеленеді. Жүйкені екі жақтан қиып тастаса, өңеш пен бөтегенің жиырылуы тиылады. Кезеген жүйкені тітіркендіргенде бөтегенің жиырылуы жиілейді әрі күшейеді. Симпатикалық жүйкені тітіркендіргенде кері әсер байқалады: бөтегенің жиырылуы сиреп, әлсірейді, одан шығар тұстағы сфинктер қысылады.
Тауықтарда бөтеге азықтандырған соң 1-2 сағаттан соң әр 15-20 минут сайын 3-4 қимылдан құралатын серия түрінде жиырыла басталады. Азықтандырудан 15-20 сағат өткен соң бұл сериялар 10-30 мин қайталанады. Аш тауықтарда бөтеге сағатына 8-16 рет жиырылып тұрады. Тауықтарда бөтеге жиырылғанда оның қуысындағы қысым 718 см дейін көтеріледі.
Аталық және аналық кептерлер балапандаған кезеңде бөтегеден ақ түсті майлы масса – «бөтеге сүті» бөлінеді. Онымен олар алғашқы 10-16 күндері балапандарын қоректендіреді. «Бөтеге сүтінің» құрамында 16% белок, 11% липидтер, 3,3% минералды заттар, А және В тобындағы дәрмендәрілер (витаминдер) болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет