Несіпбаев Т., Исхан Қ. Ж., Несіпбаева А.Қ. ҚҰс физиологиясы


– т а р а у. Жүйке (нерв) физиологиясы



бет76/103
Дата25.11.2023
өлшемі0,92 Mb.
#126940
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   103
Байланысты:
Ќан жїйесі физиологиясы-emirsaba.org

11– т а р а у. Жүйке (нерв) физиологиясы
Жүйкенің құрылысы және жіктелуі. Жүйке жүйесі организмнің жеке мүшелері қызметінің арасындағы үйлесімдікті, осыған байланысты организмнің біртұтастығын қамтамасыз ететін маңызды жүйе. Жүйке жүйесі жүйке ұлпасынан құралған. Ал, жүйке ұлпасы өз кезегінде жүйке торшаларынан - нейрондардан және жүйкелік глиядан (нейроглиядан) тұрады. Нейроглия торшалары нейрондар аралығында орналасады да, оларды біріктіре, дәнекерлей отырып, тіректік, қорғағыш және нәрлендіру (трофикалық) қызметін атқарады.
Жүйке организмдегі телефон кабелі іспеттес құрылым. Олардың негізгі қызметі - тітіркеністі (импульсті) өткізу. Тітіркеніс деп тітіркендіру нәтижесінде туған жүйкелік процесті айтады. Бір жүйке құрамында бірнеше мың немесе миллион талшықтар болады (16-сурет). Демек, жүйке - жүйке талшықтарының будасы болып табылады. Мысалы, тек көру жүйкесі құрамында 1 млн 200 мың жүйке талшықтары болатын көрінеді.

171

16-сурет. Жүйкенің көлденең кесіндісінің бейнесі:
1 – периневрий; 2 – эпиневрий»; 3 – эндоневрий 4 – жүйке талшықтары.

Қызметіне қарай жүйке сезімтал, қозғалтқыш және аралас болып үш топқа бөлінеді. Сезімтал жүйке тітіркеністі дененің шеткі аймақтарынан жүйке жүйесінің орталық бөліміне өткізеді, сондықтан оларды орталыққа тепкіш, немесе афференттік жүйкелер деп те атайды. Бұл жүйкелер тек сезімтал жүйке талшықтарынан құралады. Қозғалтқыш жүйке, керісінше, тітіркеністі орталықтан шетке, орындаушы мүшелерге қарай өткізеді. Оларды орталықтан тепкіш, немесе эффереттік жүйкелер дейді. Бұл жүйкелер қозғалтқыш жүйке талшықтарынан құралған. Ал, аралас жүйкелер құрамында тітіркеністі қарама-қарсы екі бағытта өткізетін орталыққа тепкіш және орталықтан тепкіш жүйке талшықтары болады.


Құрылысы жағынан жүйке паранхималық құрылым. Ол екі құрамадан - стромадан (төсеміктен) және паренхимадан (ішкі ұлпадан) тұрады. Жүйке паренхимасын оның құрамына енетін жүйке талшықтары құрайды. Ал, оларды бір-бірімен біріктіріп тұратын борпылдақ және дәнекер ұлпа жүйкенің стромасын түзеді. Жүйкені сыртынан қоршап тұратын дәнекер ұлпаны - эндоневрий, ал оларды бір-бірімен байланыстырып, талшықтар будасын құрайтын дәнекер ұлпаны - периневрий және осы талшықтар будаларын бір-бірімен байланыстырып, сыртынан қоршай келе жүйкеге айналдыратын дәнекер ұлпаны - эпиневрий деп атайды.
Құрылым ерекшеліктеріне қарай жүйкелер үлпекті (миелинді) және үлпексіз (миелинсіз) болып бөлінеді. Миелинді жүйке талшықтары жуандау, олардың диаметрі 1–25 мкм шамасында болады да, миеленсіз талшықтар жіңішке (0,5–2,0 мкм) келеді. Миелинді талшықтар миелин және шван қабықтарымен қапталған, ал миелинсіз талшықтарда тек шван қабығы болады.
Миелинді талшықтың ортаңғы цилиндрі - оқтығы болады да, оның айналасында миелин қабығы және тізбектеле Шван торшалары орналасады. Миелин қабығы электр изоляторы рөлін және нәрлендіру қызметін атқарады. Шван қабығы біртұтас құрылым емес, оның тіркес жатқан екі торшаларының арасы қылталана үзіліп, Ранвье үзілімін - қылтасын құрайды.
Орталық цилиндр ішінде өте жіңішке (диаметрі 10–40 нм) бойлай орналасқан нейрофибриллалар мен микротүтікшелер және аксоплазма болады. Аксоплазмада көп мөлшерде митохондриялар, микросомалар және тасымалдаушы филаменттер орналасады.

Жүйке талшықтарының құрамалары әртүрлі қызмет атқарады. Жүйке импульстерінің туындауы мен таралуын орталық цилиндрдің плазмалық мембранасы қамтамасыз етеді. Миелинді қабық электр изоляторының және нәр беру қызметін атқарады. Ол қозу толқынын орталық цилиндр мембранасының ұзына бойында туындатпай, тек Ранвье үзілімдерінде ғана тудырып отырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет