Несіпбаев Т., Исхан Қ. Ж., Несіпбаева А.Қ. ҚҰс физиологиясы


Жүйке талшықтарының физиологиялық қасиеттері



бет77/103
Дата25.11.2023
өлшемі0,92 Mb.
#126940
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   103
Байланысты:
Ќан жїйесі физиологиясы-emirsaba.org

Жүйке талшықтарының физиологиялық қасиеттері. Жүйке талшықтарына қозғыштық, құбылмалылық, қозу толқынын даралап және қос бағытта өткізу тағы басқа қасиеттер тән.

Қозғыштық. Жүйке талшықтарының қозғыштығы өте жоғары. Миелинді талшықтар миелинсіз талшықтармен салыстырғанда қозғыш келеді.

Құбылмалылық. Жүйке талшықтарының функционалдық құбылмалығы да өте жоғары. Оларда қозу толқыны басқа ұлпалармен салыстырғанда шапшаң пайда болып, тез өшеді. Сондықтан жүйке талшықтары өте жиі тітіркендіру ырғағын игере алады. Жүйке торшалары үшін қозу толқынының максимальдық ырғағы секундына 100 тітіркеністен артпайды, ал оптимальдық ырғақ секундына 10–12 тітіркеніс. Осы торша аксоны үшін максимальдық ырғақ секундына 300–500 тітіркеніс болса, оптимальдық ырғақ 100–175 тітіркеніс шамасында. Миелинді жүйкелердің лабильділігі миелинсіз жүйкелерден жоғары. Мысалы, миелинді жүйке талшықтары секундына 500-ге дейін қозу толқынын тудыра алады.

Қозуды жеке-дара өткізу. Әрбір жүйке көптеген талшықтардан құралған, бірақ қозу импульсін әрбір талшық жеке-дара өткізеді, іргелес жатқан талшыққа таратпайды. Осымен байланысты жүйке импульсі тек қозған талшықпен түйісетін құрылымға ғана беріледі. Жүйкенің бұл қасиеті миелин қабығының болуымен байланысты. Жүйкенің өткізгіштігі неғұрлым жоғары болса, оның миелин қабығы соғұрлым қалың келеді. Оның себебі қозуды өткізу жылдамдығы жоғарылаған сайын, әрекет тогының күші арта түседі. Миелинсіз талшықтарда қозу толқыны баяу таралады, әрекет потенциалы әлсіз болады.

Тұтастық зандылығы. Қозу импульсі жүйке талшықтарымен оның анатомиялық тұтастығы сақталған жағдайда ғана өткізіледі. Жүйке талшықтарын механикалық жолмен зақымдау, немесе натрий арналарын арнаулы заттармен тығындау (блокадалау) жүйкенің өткізгіштік қасиетін жояды.

Қозуды қос бағытта өткізу. Қалыпты жағдайда жүйкенің қозған учаскесінде рефрактерлік құбылыстың дамуымен байланысты қозу толқыны кері бағытта таралмайды. Дегенмен, аксонның қозғыштығы жоғары (триггерлік) бастапқы сегменттерінде қозу толқыны қос бағытта - аксон ұшына және нейрон денесіне қарай таралады.

Жүйкедегі зат алмасу. Қозу үстіндегі талшықтар онша көп энергия шығындамайды. Ол энергияны тек натрий - калийлік сораптың жұмысын қамтамасыз ету үшін ғана пайдаланады.

Жүйкенің қажымауы. Жүйке қалыпты жағдайда қажымайды. Оның себебі зат алмасу процесі қарқынының төмен болуында және қайта синтездеу процестерінің шапшаң жүруінде. Жүйкенің қажымау себебінің бірі - оның лабильділігінің жоғарылығында. Қалыпты жағдайда жүйке торшалары секундына 50–100 импульс тудырып үлгерсе, жүйке талшықтары одан әлдеқайда көп импульстерді өткізіп үлгеруге бейімделген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет