Несіпбаев Т., Исхан Қ. Ж., Несіпбаева А.Қ. ҚҰс физиологиясы



бет85/103
Дата25.11.2023
өлшемі0,92 Mb.
#126940
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   103
Байланысты:
Ќан жїйесі физиологиясы-emirsaba.org

Мидың қызметі. Ми - орталық жүйке жүйесінің алдыңғы және ең маңызды бөлімі. Ол бассүйек қуысында - ми сауытында орналасады. Ми да ақ және сұр заттардан тұрады. Ақ зат өткізгіш жолдардан түзіледі, ол миды жұлынмен және ми бөлімдерін өзара байланыстырады. Сұр зат шоғырланып, ақ затта ядролар түрінде орналасады.
Мойын омыртқаның бассүйекпен жалғасқан жерінде жұлынның құрылысы өзгеріп, ол ми сабағына айналады. «Ми сабағы» деген атпен сопақша ми, көпір, ортаңғы ми және аралық ми құрылымдарын біріктіреді. Ми сабағының ішінде тармақталған тор түрінде торлы құрылым немесе ретикулярлы формация орналасады (21-сурет).

21- сурет. Қаз миы: А- үстінен,


Б-астынан, В-жанынан қарағандағы көріністер; г- парасагит талды кескін; 1-иістік жуашық; 2-маң дай бөлім; 3- төбе бөлімін маңдай және самай бөлімдерінен ажырататын сай; 4-сильвиев қатпары; 5-төбе бөлім; 6- самай бөлім; 7- мишық өскіні; 8-мишық;9-жұлын;10-көру нерві қиылы сы; 11- гипофиз; 12- көру нерві; 13- сопақша ми; 14-тіл асты, 15-тіл-жұтқыншақ, 16-кезеген, 17-қосымша, 18- әкеткіш, 19- беттік, 20-есту, 21- үшкүл, 22-шығыршық, 23- көз қимыл датқыш нервтер;24,25,26,37-жолақ дене;27-ми жарты шарлары, 28-комиссура;29-алдыңғы тамыр шумағы, 30-эпифиз;31-ортаңғы ми; 32-үшінші, 33-төртінші қарыншалар;35-суағар;36-алдыңғы комиссура;38-иістік аймақ

Анатомиялық тұрғыдан ми бірнеше бөлімдерге бөлінеді.




Сопақша мидың құрылысы мен қызметі. Барлық омыртқалы жануарларда сопақша ми жұлынның жалғасы болып табылады. Дегенмен, сопақша мида сұр және ақ заттардың орналасуындағы реттілік едәуір өзгереді. Филогенездік даму процесінде қалыптасқан құрылымдық және әрекеттік өзгерістер нәтижесінде жүйке торшалары шоғырланып, ерекше құрылым - ядролар пайда болған. Ядролар әртүрлі рефлекстік қызметтердің орталығы болып табылады. Олардың біраз бөлігі сопақша мидың торлы құрылымының құрамына енеді. Сопақша ми жұлын мен өзінде орналасқан ядролардан басталатын ми жүйкелері арқылы дененің барлық бөліктерімен жалғасады. Он екі жұп ми жүйкелерінің сегіз жұбы (V–XІІ) осы сопақша мидан басталады. Олар үштармақ (үшкүл), әкеткіш, беттік, есту, тіл-жұтқыншақтық, кезеген, қосымша және бұғақ (тіл асты) жүйкелері.
Сопақша миға да жұлын тәрізді рефлекстік және өткізгіштік қызмет тән. Сопақша мида тыныс алуды, тамыр арнасын, жүрек қызметін, көмірсулар алмасуын реттейтін орталықтар, шайнау, сілекей бөлу, жұту, дыбыс шығару, қарын сөлін, ұйқы безі сөлін бөлу орталықтары, жөтелу, түшкіру, көз қағу рефлекстерінің орталығы, Дейтерс ядросы орналасқан. Сонымен қатар сопақша мида бас еттерінің, көздің, ішкі құлақ шытырманының (лабиринттің) афференттік жүйкелерінің орталығы орналасады. Ол әртүрлі органдардың қызметін реттеу арқылы организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын қамтамасыз етеді, вегетативтік қызметтерді, қаңқа еттерінің тонусын реттейді, бұлшық еттің, ең алдымен жазғыш еттердің, тонустық жиырылуын қамтамасыз етіп, дене салмағын көтеруге, тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді.
Сопақша ми тонустық рефлекстерді реттей отырып, организмнің қимыл әрекетін (жүру, тұру, ұшу) қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Сопақша ми тонустық (дене қалпын сақтау) рефлекстерін реттеуге қатысады. Дене қалпын сақтау рефлекстері тепе-теңдік (статикалық) және қимыл-қозғалыс (статокинетикалық) рефлекстері болып бөлінеді. Тепе-теңдік рефлекстері тыныштық кезінде дененің қалыпты кейпін, тепе-теңдігін сақтауды қамтамасыз ететін қимыл әрекеттер. Статокинетикалық рефлекстер - дене қозғалысы кезінде байқалатын қимыл реакциялары. Олар кейіптену (дене қалпын сақтау) және тұлға түзеу (мақсаттық) болып екі топқа бөлінеді. Бұл рефлекстердің рефлекстік өрісі вестибулалық аппаратта, мойын еттері мен сіңірлерінде орналасады. Мойын қисайса сол беткейдегі еттер тонусы жоғарылап, қарсы беткейдегі еттер тонусы төмендейді. Бұл тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді.

Мишық - арнаулы жолдар арқылы мидың барлық бөлімдерімен байланысады. Мишық құрылысының күрделілігі, байланысының молдығы нәтижесінде дене қимылының үйлесімін, дене кейпі мен тепе-теңдігін сақтауда маңызды рөл атқарады. Оның қатысуымен бұлшық ет тонусы өзгеріп, қимыл әрекет кезінде жеке ет топтарының жиырылу күші реттелініп, орынсыз қимылдар байқалмайды.
Құстарда мишық өте жақсы жетілген, ол тепе-теңдікті сақтауда маңызды рөл атқарады. Мишықты алып тастаса алғашқыда құстар жүру және ұшу қабылетінен айырылады. Бірақ ол азық, су қабылдау қабілетін жоғалтпайды. Біраз уақыт өткен соң құс қиын болса да жүріп, ұша бастайды.
Мишық организмнің қимыл-әрекетімен қатар, оның вегетативтік қызметіне де әсер етеді. Мишықты тітіркендіргенде көздің қарашығы үлкейіп, артерия қысымы жоғарылайды, тамырдың соғуы жиілейді, қажыған еттің жұмыс қабілеті қалпына келеді, демек симпатикалық эффект байқалады. Мишықты алып тастағаннан соң ас қорыту жолының қимылы баяулап, қарын мен ішек сөлінің бөлінуі әлсірейді, қуат шығыны артады, бұлшық еттің қантты сіңіруі нашарлайды, еттің нәрленуінің бұзылуы салдарынан атрофия (сему) басталады. Баяндалған жайлар мишықта симпатикалық және парасимпатикалық жүйкелену орталығы орналасады деген болжам жасауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет