Несіпбаев Т., Исхан Қ. Ж., Несіпбаева А.Қ. ҚҰс физиологиясы



бет73/103
Дата25.11.2023
өлшемі0,92 Mb.
#126940
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   103
Байланысты:
Ќан жїйесі физиологиясы-emirsaba.org

Ет жиырылуының қуаттануы. Қуат көзі ретінде бұлшық ет АТФ-ті пайдаланады. Осы макроэргиялық қосылыс ыдыраған кезде бөлінген қуат торша мембранасының ішкі және сыртқы бетінде натрий мен калий иондары концентрациясының градиентін қамтамасыз ететін натрий-калийлік сораптың қызметі атқарылуы үшін, актин жіпшелерін миозин жіпшелерінің бойымен жылжытып, етті жиырылту үшін, кальций иондарын саркоплазмалық торға қайта айдайтын кальцийлік сорап қызметін қамтамасыз ету үшін жұмсалады.
Бұлшық етте АТФ қоры онша көп емес, 5 ммоль/л шамасында. Ет жиырылған кезде АТФ ыдырап, АДФ, анорганикалық фосфор және энергия бөлінеді. АТФ миозиннің АТФ-азалық белсенділігі арқасында ыдырайды. Бұл фермент әсерін актин мен магний иондары жандандырады. Демек, бұлшық ет жұмысы барысында АТФ қоры кеми түседі, сондықтан ет тек АТФ-тің қайта түзілуі (ресинтезі) толассыз жүріп отырғанда ғана дұрыс қызмет атқарады. АТФ ресинтезі креатинфосфаттың креатин мен фосфор қышқылына ыдырауы нәтижесінде жүреді. Одан әрі ферменттік жолмен фосфор қышқылының қалдығы АДФ-ке ауысады да, АТФ түзіледі.

Креатинфосфат + АДФ креатинкиназа АТФ + креатин


Бұлшық ет құрамында АТФ-пен салыстырғанда креатинфосфат әлдеқайда көп (30 ммоль/л шамасында). Бұл қосылыс та химиялық реакциялар нәтижесінде қайта синтезделіп отырады.
Креатин + Р + тотығу энергиясы Креатинфосфат
Бұлшық еттің ұзақ және қарқынды әрекеті кезінде креатинфосфат қоры да азаяды. Мұндай жағдайда АТФ гликолиз және ұлпалық тыныс реакциялары арқылы қайта синтезделеді.
АТФ-ті бұлшық етте қайта синтездеу үшін глюкоза мен гликогеннің қуаты пайдаланылады. Гликолиз реакциясына араласа отырып, глюкоза мен гликоген өз құрамдарындағы қуатты береді де, сүт қышқылына айналады. Глюкоза анаэробты тотыққан кезде АТФ-тің екі молекуласы түзіледі.

С6Н12О6 – 2СНз СНОН–СОО + 2 Н+ + 2 АТФ


глюкоза лактат
Бұлшық ет жұмысы кезінде гликогеннің мөлшері азайып, сүт қышқылы жиналады. Аэробты жағдайда сүт қышқылы Кребс айналымында тотығып, көміртегінің қос тотығы, су бөлінеді және АТФ түзіледі. Сүт қышқылының негізгі бөлігі гликонеогенез процесі арқылы қайтадан гликогенге айналады. Ауыр жұмыс кезінде АТФ-ті қайта синтездеу процесінде май қышқылдарының тотығуы нәтижесінде бөлінген қуат пайдаланылады.
Ұлпаларда АТФ негізінен көмірсулардың аэробты тотығуы кезінде түзіледі. Мысалы, бұлшық ет торшалары митохондрияларында тотыға фосфорлану нәтижесінде глюкозаның бір молекуласынан АТФ-тің 38 молекуласы синтезделеді.
С6Н12О6 + 6 О2 6 СО2 + 6 Н2О + 38 АТФ.
Сонымен, бұлшық ет жиырылуы үшін қуат көзі ретінде АТФ пайдаланылады. Қайта синтездеу процесі дұрыс жүрген жағдайда оның ет құрамындағы мөлшері өзгермейді, тек гликоген қоры ғана азаяды.
Бұлшық ет жиырылғанда көп мөлшерде жылу бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет