Көсеудiң екi басы бiрдей ыстық,
Қай ұшын ұстаса да қолы күйер. Бермесе пендесiне Алла сабыр,
Бәрi де арпалыстың далбаса құр.
Топалаң тыйылмайды тентектердi
Келтiрiп тәубасына алмаса бiр.
Адалдық арамдықтың қолын қағар,
Күн келер күткен үмiт орындалар.
Ұлтының табанынан ызғар өтсе,
Ұлтарақ, ұлтаны да болуға бар!
VI
Дүние келе бермес шыр айналып,
Бел буды тәуекелге мың ойланып.
Алдында болашақтың бетi жарық,
Еңбегi елiне – аян, құдайға – анық.
Шайқасып ата жаумен сан кезенген,
Бабалар кешiп өткен қанды өзеннен. Байқаса, шығатұғын жол бiреу-ақ
Бұралаң тайғақ кешу, тар кезеңнен.- Қазақ халқының өткені Ғасырда көтерiлген намыс тудай,
Алаштың бағы жанбас арыс тумай.
Орнықпас ел iргесi, астананы
Байтақтың ортасына ауыстырмай.
Мақсаттан көзi жеткен тартына ма,
Бiледi түсетiнiн талқыға да.
Басқалар түсiнбесе түсiнбесiн,
Түбiнде түсiнетiн халқы ғана.
Көңiлi тебiренсе домбырадай,
Төгiлмес құлақ күйiн оң бұрамай.
Атадан арыстан боп туғанменен,
Тұтқасын ұстата ма тағдыр оңай?
Кең дала қан жылаған қасiреттен,
Қазақтың қашан көзден жасы кепкен?
Байланып Бостандықтың қол-аяғы,
Кененiң қанжығада басы кеткен.- Қазақ халқының өткені Ту тiгiп Абылай аспас сары белге,
Кек қайтып, бастар ма екен елiн өрге?
Сарыарқа – айқастардың сахнасы,
Сенделтiп салған талай әбiгерге.
Алысса ауыздықпен арда көңiл,
Тартуға қайғы деген арба жеңiл.
Қобызға үнiн қосып күңiренедi
Ежелгi Қазтуғаннан қалған Едiл.
Созылып сор өзенi содан берi,
Арнасы аққан сайын тереңдедi.
Ойласа Орынборды опынатын
Алаштың арысы мен кемеңгерi.
Жер қайда қиып алып қылғытпаса,
Шындыққа шара бар ма шыр жұқпаса?
Қазақтың астанасын аярлықпен
Ақмешiт, Алматыға сырғытпаса?
Жендеттер жаралғалы кiмдi аяпты,
Көгендеп кәрi-жасты бiрдей атты.