Бекiтiп ұлан-ғайыр айналасын,
Бүгiнде болып отыр елге тұтқа. Ойланшы, кеше, қазақ, кiм едiң сен,
Құлпырып бүгiн қайта түледiң сен!
Ортаға Астанаңды орнатқаның –
Ғасырдың оқиғасы бiле-бiлсең. - қазақтың қазіргі келбеті Бүтiнге сызат түссе сынады оңай,
Бiрiңдi-бiрiң сыйла ғұламадай.
Бұйырды өз төрлерiң өздерiңе,
Баспалап босағадан сығаламай.
Салынып жатқан шаhар кең далаңа,- қазақтың қазіргі келбеті Сыйласын асыл мұрат әр балаңа.
Азаттық астанасы аталады
Қазақтың астанасы сонда ғана!
Бәйтерек – Астананың төрiндегi –.- ақынның мақтаныш сезімі Өресi биiктiктiң өмiрдегi. Аялы алақаны Елбасының
Секiлдi өшпейтұғын сенiм мөрi.
Самсаған қара орманым – байтақ елiм,- .- ақынның мақтаныш сезімі Сынға сап сан жақсыны байқап едiң.
Еңсесiн елдiгiңнiң биiктеткен,
Ортаңда бойлап өскен Бәйтерегiң!
Өтiнде арпалысқан өмiр-майдан,
Жайқалсын болашағың тамыр жайған.
Бәйтерек – Елбасының өр тұлғасы,
Әкелiп өз қолымен Тәңiр қойған!
Туыңдай қанат керген желдi күнгi,
Танытты кең әлемге теңдiгiңдi.- ақынның мақтаныш сезімі Тұрғанда Бәйтерегiң көкке шырқап,
Ұстай бiл асқақтатып Елдiгiңдi!..