Нұрсұлтан – арқа тiрек, алтын дiңгек,
Алыптың халқы ғана нарқын бiлмек.- Елбасы бейнесі Қарғаның қарқылдайтын әдетi ғой,
Қыранның аспандағы даңқын күндеп.
Жоқты бар, деумен азды көп етемiн,
Төгуден аянған жоқ қара терiн.
Жалғасы Күлтегiннiң жаныңда жүр,
Тұлғасы асқақтатқан дала төрiн.
Ту болып тiгiлгендей елдiгiңе,
Жасына пайғамбардың келдi, мiне!
Халқының баласы едi бұған дейiн,
Жарасқан бес қаруы белдiгiне.
Әрқашан орны бөлек, даңқы дара,
Ол – ендi қамқор әке, халқы – бала.- Елбасы бейнесі Әкесi өз парызын өтемесе,
Сәбидей шырылдамай ел тұра ма?
Яссауи Қожа Ахмет бұл жасында
Күн кешкен қылуеттегi құжырасында.
Өмiрдiң мақсат-мәнi жер бетiнде,
Жақсының жұртқа шашқан шұғыласында.
Сүйреткен көне тарих көн шарығын,
Түбiнде сықсияды қолшамының.
Тасыған мейманасы бұл ғасырда
Тағдыры қыл үстiнде Жер шарының.
Бетi аулақ соғыс деген пәтшағардың,
Тажалдың асау басын ноқталар кiм?
Тайғанақ тақтасында саясаттың
Ойлары шайқасуда патшалардың.
Құдайым бәрiн бермес сұрағанның,
Бақытын мыңға балар бiр адамның.
Iшiнде сайыпқыран көсемдердiң
Шоқтығы шоқ жұлдыздай Нұрағамның!
Тұлпардай алға түсiп жол қиында,
Сұңқардай суырылады топ жиында.- Елбасы бейнесі Жартысы ғұмырының аспанда өтiп,
Келедi самғауменен сан қиырға.
Ғаламның тыныштығын бұзды қайғы,
Қасiрет кеңiстiктi сызғылайды.
Алайда Еуропа-Азияны
Жалғаған алтын көпiр мызғымайды!
Шұлғытып ұлығын да, ұлысын да,
Баурады Батысын да, Шығысын да.
Оның да жүрегiнiң лүпiлi бар
Әлемнiң әрбiр алған тынысында!
Асылдың жарқылдамас бар ма күнi,
Әуелден түскен оған Алла нұры.
Сондықтан Нұр-Сұлтан деп атын қойған,
Ата-ана болжағандай алдағыны.
Тiл-көзден аман қылсын Тәңiр оны,
Бесiк боп берекеге қалың елi.
Арқасы ерендiк пен кемелдiктiң –
Тынысы Бостандықтың кеңiгенi.
Өткендер оба-қазық орнатып па,
Шекараң анық едi қай уақытта?