Неврология модуль


Көздің жарықты сындырушы орталары.Аккомодация



бет64/83
Дата15.11.2023
өлшемі0,56 Mb.
#122945
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   83
Байланысты:
Неврология модуль-emirsaba.org 2

6 Көздің жарықты сындырушы орталары.Аккомодация
Көздің көруі оның физиологиялық қасиеті. Көру актісі жарықтың көздің торлы қабығына өтіп, родопсин мен иодопсинді ыдыратуынан басталады. Осыдан пайда болған тітіркенулер жүйке торшалары арқылы көздің көру жүйкесіне беріледі. Одан әрі көру жүйкесі тітіркенуді мидың көру орталықтарына жеткізеді де мида көру сезімі пайда болады. Көз жарықтың тітіркендіруіне қалыптасып, оның шамасына қарай қозуы жоғарылап немесе төмендеп отырады. Осыған байланысты көз өте жарықтада, әлсіз жарықта да көре алады. Мұны көздің жарыққа бейімделуі – адаптациясы дейді. Зерттеулерге қарағанда өте жарықта (күндіз) торлы қабықтың сауытша тәрізді жүйке торшалары жұмыс істесе, әлсіз жарықта (кешкілік уақытта) таяқша тәрізді жүйке торшалары жұмыс істейді. Олар өзара байланыста бола отырып, бірінің қызметін бірі толықтырады. Олардың бұл жұмысын мидың көру орталығы реттеп отырады. Аккомодация - көздің әртүрлі қашықтықтағы заттарды анық көру мүмкіндігі, көздің ерекше физиологиялық қасиеті. Көз анық көру үшін көздің рефракциясы қалыпты болуы шарт. Сонда жануарлар жақынды да, алысты да жақсы көреді. Қалыпты жағдайда жануарлар әртүрлі қашықтықтардағы заттарды анық көре алады. Ол аккомодацияға байланысты. Аккомодация – негізінен көз бұршағының өз дөңестігін өзгерте алу қасиетіне байланысты жүзеге асады. Аккомодация механизмі көзді қозғалту жүйкесімен қамтылған цилиарлық бұлшық етің қызметіне байланысты. Бұлшық ет жиырылғанда қарашықты ұстап тұрған циннова байламы босаңсыды. Бұл кезде көз бұршағы өзінің серпімділік қасиетінің арқасында дөңестенеді, сөйтіп жарық сәулесін сындыру қасиеті артады. Ал жоғарыдағы бұлшық ет босаңсыса көз бұршағы бастапқы қалпына келеді де жарық сәулесін сындыру қасиеті төмендейді. Сонымен бірге аккомодацияға басқа да көздің құрылымдары қатысады: қарашық кішірейеді, көздің алдыңғы камерасының ортасы тығыздалып, дөңестенеді.



  1. Көз рефракциясының аномалиялары, оларды түзету.


Миопия- алыстан нашар көрушілік. Жақыннан көргіштік миопия кезінде көз алмасының тиісті орталарында жарық сәулелері тым қатты сынады. Бұл сынушы орталар қызметінің күщеюінен де, көз алмасы пішінінің тым сопақ болуынан да орын алуы мүмкін. Нәтижесінде көздің сындырушы жүйесінің фокустық арақашықтығы өзгереді, айқын бейне көздің тор қабығына жетпей, одан біршама қашықтықта пайда болады, ал тор қабыққа түсетін және миға берілетін бейне айқын болмай шығады.
Гиперметропия ( алыстан көргіштік) – бұл амитропияның жарықтың параллельді сәулелері көзге түсе отырып, торлы қабықтың артын орналасқан артқы басқы фокусқа жиналатын түрі.
Асигматизм – асигматизм кезінде көздік мүйізгек қабағының сфералылығы бұзылады, яғни әр түрлі меридиандарда әр түрлі сындырғыш күштер мен нысан бейнелері жарық сәулелерінің көздің мүйізгек қабағы арқылы өткенде нүкте түрінде емес, тік сызық қимасы түрінде пайда болады.Астигматизмнің өршу кезеңі үшке бөлінеді: әлсіз, орташа, жоғары. Әлсіз даму кезеңінде көздің бұзылуы бір диоптрияға дейін барады. Мұндай жағдайда көздің көруі нашарламайды және емді қажет етпейді. Ал орташа және жоғары даму кезеңінде дәрігерлердің көмегі қажет болады.Жақыннан көргіштік пен алыстан көргіштік – астигматизмнің «жолдастары». Әдетте астигматизммен бірге екі аурудың біреуі ере жүреді, алайда кейде екеуі де бірге кездеседі. Астигиматизімді түзету үшін көздің алдына арнайы цилиндрлік шынылар қояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет