Нормaтивті сілтемелер


Жоғaры оқу орындaрының оқу үрдісінде болашақ биология мұғалімдерінің инновaциялық ойлауын қалыптастыру жолдaры



бет24/78
Дата06.01.2022
өлшемі13,49 Mb.
#13763
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   78

Жоғaры оқу орындaрының оқу үрдісінде болашақ биология мұғалімдерінің инновaциялық ойлауын қалыптастыру жолдaры


Ойлау процесі объект пен субъектінің өзара әрекеті ретінде жүзеге асады. Ойлауды психологиялық тұрғыдан зерттеу дегеніміз - ойлаудың ішкі, танымдық құпия мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету. Ол ойлаудың мәнін зерттейді, әрбір адамның өзіндік ойлау ерекшеліктерін дамытып отыруға баса мән береді.

Оқыту процесінде студенттердің ойлауын дамыту дегенде ойлаудың барлық түрлері, формалары мен амалдарын қалыптастыру және жетілдіруді танымдық және оқу іс-әрекетінде тәсілдерінің білімінің бір облысынан екіншісіне көшіруді жүзеге асыра білуді түсінеміз.

Ойлау амалдарын қалыптастыру және жетілдіру арқылы біз студенттердің ойлауын дамытамыз. Ойлауды дамыту критерийлері ретінде студенттердің ойлауын дамытудың қандай да бір деңгейінің жетістігін көрсететін көрсеткішті түсіндіреді. Деңгей – ойлауды дамытудың дәрежесі, критерий – деңгейдің өлшемі.

Студенттердің ойлауын қалыптастыру деңгейлерін анықтау үшін, психологтар ойлауды дамытудың келесідей шартын тұжырымдайды:



  1. Ойлаудың әртүрлі түрлерінің қалыптасу дәрежесі;

  2. Студенттер логикалық ой қорытуды меңгеру мен оларды іс-әрекетінде қолдана білу дәрежесі;

  3. Операцияларды түсіну және ойлау тәсілдерін басқа жағдайларға ауыстыруды жүзеге асыра білу дәрежесі;

  4. Ойлау операцияларын түсіну дәрежесі – ойлаудың маңызды сипаттаушысы;

  5. Білім қорының, олардың жүйелілігінің, білімді меңгерудің жаңа тәсілдерін білу дәрежесі;

  6. Мидың әртүрлі сапаларының динамикалық дәрежесі: тереңдігі, икемділігі, тізбектілігі, шапшаңдылығы;

  7. Іс-әрекеттегі ықшамдылық дәрежесі: шығармашылықпен жұмыс, жаңа жағдайларға бейімделе білу;

  8. Операцияларды меңгеру дәрежесі анализ, синтез, салыстыру, жалпылау, классификациялау, нақтылаужәне т.б. оларды барлық танымдық процестерде қолдана білу оқу, оқудан тыс.

Оқытушы студенттің танымдық әрекетін мақсатты түрде басқару нәтижесінде студенттерде белгілі бір анық білім қоры, дағдылар мен біліктер қалыптасады. К.Н.Волков адам ойының, ойлаудың дамуы нәтижесінде бірқатар құнды ойлар білдірді. Бұл процесте оқытудың жетекші рөл атқаратынын ерекше көрсете отырып, К.Н.Волков: оқыту процесі студенттің кешегі өткен даму жасына емес, болашақтағы даму жасына қарай бағыт-бағдар алуы тиіс, оқытуды аяқталған бір даму кезеңі немесе деңгейі ретінде қарастыруға болмайды. Өзіндік жұмыстар арқылы студенттерді оқытудың әдістері мен психологтар мен дидактиктер жасаған студентті ойлау әрекетіне меңгерту тәсілдері тығыз байланысты. Сондықтан бұл тәсілдер де студенттердің өзіндік жұмыстарын жүргізу тәсілдерімен байланыста қаралады. Ойлау қабілетін дамытуды

қарастырғанда, оның жүйелі ұйымдастырылған оқыту процесінде жүзеге асатынын ескеру керек болады. Ойлауды ұйымдастырылған оқыту процесінде дамыту жағдайында жүзеге асырудың өзіндік мәні бар басты ерекшелігін көрсету қажет, ол студенттердің теориялық ойлауының қалыптасуына қарай бағдарланады. Әлеуметтік тәжірибенің барлық құндылығы қандай да бір ғылыми сала арқылы жеткізіледі. Оқыту процесінде ойлауды дамыту әлеуметтік, қоғамдық тапсырыстардың педагогикалық үлгісі ретінде білімнің мазмұны арқылы, түптеп келгенде, белгілі бір нақты ұғымдар мен түсініктерді, біліктер мен тәжірибелерді студенттерге меңгерту арқылы жүзеге асырылады [99].





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет