Нақтылау – бұл жалпыға сәйкес келетін жалпыдан жалқыға ойша көшу. Нақтылау – бұл ойлау тәсілі, оны іске асыру барысында белгілі абстракциялық, жалпылық ойлауға заттың көрнекілік сипат беруін айтады. Нақтылау деп абстракциядан және жалпылаудан кері заттар мен құбылыстарға көшуді айтады. Оқу процесінде де нақтылаудың атқаратын қызметі ерекше. Оқу процесінде нақтылау дегеніміз – мысал келтіру, оқу процесінде нақты мәселелер бойынша көрнекі құралдарды, нақты деректерді, ережелерді, зандарды пайдалану. Мәселен, биологиялық, педагогикалық ережелерді, қағидаларды, тарихи құжаттарды оқу процесінде пайдалану. Ойлаудың негізгі үш түрі кездеседі: ұғым, пікір, ой қорытындысы (кесте 2).
Ұғым – заттар мен құбылыстардың жалпы және маңызды қасиеттерін бейнелейтін ойлаудың түрі. Ұғым бір-бірімен байланысты зат туралы түсініктерден – оның қасиеттері, жағдайлары, байланыстары және қатынастарынан тұрады. Әрбір зат, әрбір құбылыс әртүрлі көптеген қасиеттерді, белгілерді иеленеді. Түсініктердің жиынтығы ұғымды ашып көрсетеді және осы ұғымның мазмұнын құрайды. Неғұрлым заттың маңызды белгілері осы түсініктерде байқалса, соғұрлым мазмұны жағынан ұғым терең болады. Екі түрлі ұғымның түрі кезедеседі заттық немесе нақтылы және дерексіз (абстрактылы).
Пікір – бұл қандай да болсын ережені бекіту немесе жоққа шығару түрінде іске асатын ойлаудың түрі. Мұнда қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың арасындағы байланыстар мен қатынастар және олардың қасиеттері мен белгілері бейнеленеді. Пікірде біз заттың шын болуы туралы, заттарда белгілердің, қасиеттердің және қатынастардың болуын қолдаймыз немесе жоққа шығарамыз. Пікір сөздерде және сөйлемдерде байқалады. Тілдік материалсыз біз бірде-бір ойымызды құрастыра және айта алмаймыз. Пікірлерде ойлау үрдістерінің нәтижелері орындалады, бірақ сол уақытта пікір ойлау түрлері болып табылады.
Пiкiрлер eкi түрлi тәсiлмен құралады:
а) тiкелей қабылдау арқылы құралатын пiкiрлер. Мысалы, биология сабағына Мадина нашар даярланды;
б) жанама жолмен қабылдау арқылы құралатын пікірлер немесе ой қорытындысы, ой талқысы арқылы жасалатын пікірлер. Логика ғылымында пікірлер бұдан басқа да негіздерге сүйене отырып, түрлі-түрлі болып бөлінеді.
Ой қорытындысы – бар деректер негізінде жасалған тұжырымдар. Олар индуктивті, дедуктивті, традуктивті болады. Индуктивті – бірнеше жеке жағдайдан шығатын ой қорытындысы. Дедуктивті - жалпы заң ережеден және жағдайға ауысатын ой қорытындысы. Традуктивті (аналогиялық) – жекеден жекеге немесе жалпыдан жалпыға ұқсастықтарына қарай ой қорытындылары. Адамның мәселе шешудегі жеке тәсілі, ой әрекеті ой операциялары немесе ой процесстері деп аталады. Талдау (анализ), біріктіру (синтез), салыстыру, жалпылау, нақтылау т.б. [99, 112].
Кесте 2 – Инновациялық ойлаудың түрлері
-
Түрлері
|
Сипаттамасы
|
Құрамы
|
1
|
2
|
3
|
Ұғым
|
Елеулі белгілердің бір тектестігі жағынан біріккен заттарды жалпылама білу.
Заттар мен құбылыстардың жалпы және маңызды қасиеттерін бейнелейтін ойлаудың түрі.
|
Зат туралы
түсініктерден – оның қасиеттері, жағдайлары, байланыстары және қатынастарынан
тұрады.
|
Пікір (жеке, жалпы, ақиқат, жаңсақ және қате)
|
Құбылыстар арасында байланыс орнату немесе белгілі бір зат, құбылыс туралы ойын айту, қатынасын білдіру.
Қандай болса да ережені бекіту я жою түрінде іске асатын ойлаудың түрі.
|
Сөздерде, сөйлемдерде байқалады.
|
Ой қорытынды (индукция, дедукция және
ұқсастық (аналогия)
|
Тарихи қалыптасқан ойлаудың логикалық түрі.
|
Бір немесе бірнеше белгілі пікірлерден жаңа пікір туады.
|
Логикалық ғылымда, логикалық ерекшелігі мен өңдеуіндегі жетістік пен тәуелсіздікке қарамастан өзіндік ойлау заңы қалыптасады. Көп уақыт бойы ойлау процесінің мазмұны, динамикасы, нақты ерекшелігі зерттелмеген.
Әлемдік педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде адамның ойлауын дамыту мәселесін А.Н.Леонтьев [106], С.Л.Рубинштейн [107], А.И. Санников
[108] т.б. атақты ғалымдар теориялық тұрғыда қалыптастырған. Сонымен қатар
«Логикалық ойлау» ұғымына нақты анықтама берген Ю.А.Петров [109], И.А.Гибш [110] сияқты авторлардың пікірлерін жүйелесек, логикалық ойлау
дегеніміз – логика заңдылықтарын пайдалана отырып ұғымдарды, ой-пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі [111].
Инновациялық ойлау оқыту практикасында бір бөлек дидактикалық мәселені құрайды. Әлемдік педагогикалық практикада мәселені шешудің басты тенденцияларының бірі – оқыту процесінде формальды аспектіге назар аудару.
Инновациялық ойлаудың басты белгісі оның тап сол объективті болмысты жанамалап, яғни құралдардың көмегімен бейнелеуінен тұрады. Инновациялық ойлау құралдары ретінде алдыңғы ойлау процесінде пайда болып, сөз арқылы бекітілген қайсыбір жалпыланған түсінік түріндегі ұғымдарды атауға болады.
Біз «инновациялық ойлау» ұғымын жалпы ойлаудың төрт ерекшелігімен сипаттаймыз:
|