өзіндік өзгешелігімен, жаңашылдығымен, айтылатын ойлардың ерекшелігімен, ойлау жаңашылдығына деген айқын байқалатын ұмтылысы;
семантикалық иілімділігімен, яғни нысананы жаңа көзқарас тұрғысынан көру, оның жаңа қолданысын таба білу, қызметтік қолданылуын тәжірибе жүзінде кеңейту қабілеті;
бейнелік дағдылану иілімділігімен, яғни нысананы қабылдауды оның жаңа, көрінбейтін жақтарын көретіндей етіп, өзгерту қабілеті;
семантикалық спонтандық иілімділігімен, яғни түрлі ойларды белгісіз жағдайларда, атап айтқанда, бұл ойларға арналған бағдары болмаған жағдайда өндіру қабілеті [112].
Ақыл-ой еңбегі мәдениеті – ойлау мәдениеті – сыншыл ойлау мәдениеті. Осылайша, оқу бағдарламаларына сәйкес білімді меңгеру студенттен күрделі ақыл-ой еңбегін, жақсы есті дамыған қиялды және оқуға шығармашылық тұрғыдан келуді талап етеді. Ойлау мәдениеті түсінігін А.Қасымжанов, А.Ж.Келбұғанов ойлау қабілеті дамуының белгілі бір дәрежесі ретінде түсінеді, яғни тар мағынасында «Ойлаудың қағидалық әдісі немесе ұғымдарға сүйеніп ойлау өнері». Бұл бәрін терең, әрі жан-жақты қарастыруға көмектесетін, сол арқылы мәңгі даму үстіндегі әлемді дұрыс қабылдайтын ойлаудың әдістері мен тәсілдерін меңгеру арқылы қол жеткізу. Сөз және ақыл-ой процестерінің сырттан басқарылуы мұғалім тарапынан, бағдарламалық оқулықтарымен оқытатын құралдар, электронды машиналар жөнінде ғана емес, оқу әрекеті барысында саналы түрде өзін-өзі басқару және өзін-өзі реттеу жөнінде де болады. Студенттерді керекті себептендіруді (мотивация) тудыру үшін оларда ойлау процесінің өзін саналандыруға (рационализация) қажеттілік пайда болуы, оны дамыту туралы неғұрлым кең мәселеге өсетін белгілі бір нақты әдіс қолданылады. Зерттеулер көрсеткендей, бұл қажеттілік оқыту барысында ақыл- ой әрекеті әдістерінің ұзақ уақыт қалыптасуы нәтижесінде пайда болады. Ойлауды саналандыруға қажеттілік ойлау мәдениеті әдістерін тиімді меңгерудегі қажетті алғы шарттардың бірі болып табылады. Жақсы өңделген және берік тұрақталған әдістердің қалыптасуына әкелетін ақыл-ой дамуының аса маңызды жағын құрайды. Бірақ бұл пікір жалпылама сипатта ғана, себебі нақты әдіс- тәсілдері сан алуан, әр текті болып келеді.
Оқытушы мен студенттерге жаппай бағдар беру мақсатында ойлаудың білік пен дағдыларының ортақ көрініс көрсету үшін ортақ үрдісіне мақсатты түрде
қалыптастырылуға тиіс осы ойлау машықтарының бірыңғай үлгісі жасалды. Ақыл-ой (интеллектуалдық) дағдыларының орталық тірегі, діңгегі болып ойлау белгіленеді. Ойлау мәдениеті үшін келесідей сапалар тән болуы тиіс:
айқындық;
қайшылықсыз;
бірізділік, негізділік;
дәйектілік, яғни ойлау тәртібін құрайтын заңдылықтар басшылыққа алынады.
Кесте - 3 Инновациялық ойлаудың негізгі аспектілері
-
Инновациялық
ойлаудың негізгі аспектілері
|
Мазмұны
|
1
|
2
|
Структуралық
(құрылымдық)
|
оқыту процесін жүзеге асыратын жүйенің құрылысы
жағынан
|
Функционалды (қызметтік)
|
оқыту процесін басқаратын негізгі бағыттың көрінісін анықтау тұрғысынан
|
Информативтік (ақпараттық)
|
осы жүйеде әрекет ететін білімдік, танымдық ақпараттар тұрғысынан
|
Адам өзінің және өзгенің ойларына қатаң баға беріп отырады, олардың күшті және әлсіз жақтарын көре біледі, кез келген болжамды ақиқат ретінде тани бермейді, оның ақиқаттығын дәлелдеуге ұмтылады. Ғылыми-техникалық даму жағдайында әр саладағы білімнің қажеттілігі мен адам әрекетінің сан алуан түрлерінің бөлініп шығу үрдісі, сонымен бірге әртүрлі мамандыққа ортақ болатын құраушы бөліктерінің көрініс беруі арқылы олардың бірігу үрдістері үнемі жүріп жатады. Бұл адам еңбегінің неғұрлым түсуінің нәтижесі болып табылады. Студенттердің ойлау әрекетін басқарудың маңыздылығы қазіргі заманғы оқыту процесін талдау барысында үш негізгі аспектіден ашылады [99].
Сонымен болашақ биология мұғалімдерінің инновациялық ойлауын қалыптастыру «ойлау» ұғымына түсінік берілуден басталып, ойлаудың түрлеріне, ойлау қабілеттілігіне, ойлау тәсілдерінің жіктелуіне берілген толық мәліметпен нақтыланды. Ойлауға берілген түсініктер философиялық, педагогикалық және психологиялық әдебиеттерде теориялық тұрғыда негізделіп, инновациялық ойлаудың маңызы, болашақ биолог мамандарды даярлаудағы рөлі көрсетілді.
Болашақ биолог мамандарының инновациялық ойлауы психологиялық процесс ретінде жалпы ойлаудың түрлерімен (продуктивті, репродуктивті, шығармашылық, эмпирикалық, интуитивті, рационалды және т.б.) кәсіби мәнді қабілеттердің бірі ретінде зерттеу жұмысымыздың келесі бөлімдерінде жан- жақты ашылады.
Достарыңызбен бөлісу: |