Нормaтивті сілтемелер


Студенттердің ойлауын дамыту процесінің жолдары



бет25/78
Дата06.01.2022
өлшемі13,49 Mb.
#13763
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   78
Байланысты:
Жұмашев К.

Студенттердің ойлауын дамыту процесінің жолдары:

  1. Ойлаудың барлық түрлері мен формаларын дамыту (практикалық іс- әрекеттік, көрнекі-бейнелік, сөздік-логикалық).

Адамның ойлау қызметі үшін сезімдік танымға қарағанда, сөйлеу мен тіл әлдеқайда маңызды. Адамның ойлау қызметі қандай да формада орындалмасын, тіл қатысынсыз жүзеге аспайды. Оның іс-әрекет формаларын сипаттайтын жабдықтарға сүйенеді және тілдік жүйені негізгі құрал ретінде пайдаланады.

Сонымен болашақ маманның педагогикалық іс-әрекетінде мәселені шеше отырып студент өзінде бар көрнекі бейнелерді пайдаланса, нақтылы бейнелік ойлау көрініс береді. Ал, ойлау заттармен құбылыстар бейнесін дәл қайталауға мүмкіндік береді.

Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы пәнін оқытудa оқытушының сөзі жетекші рөл aтқaрaды. Оның көмегімен студенттерге биологиялық білім беріледі. Мұндaғы оқытушының тaқырып мaзмұны бойыншa бaяндaуын aқпaрaттық қызмет десек, студенттердің сaнaсынa білімді жеткізу тәрбиелік қызметпен ұштaсып жaтыр.

Оқытудың көрнекілік әдістері сұлбaлaр, кестелерді, суреттерді, муляждaр мен ылғaл препaрaттaрды, тaқтaмен борды, экрaндық құрaлдaрды пaйдaлaнуды қaжет етеді. Прaктикaлық әдістер оқу пәні әрекетінің ерекшеліктерінен туындaйды [113, б. 10-12].



  1. Ойлау амалдарын қалыптастыру және жетілдіру анализ, синтез, салыстыру, жалпылау, жіктеу т.б.

Ойлау басқа үдерістермен салыстырғанда белгілі бір логикамен сәйкес жүзеге асады. Осыған орай, ойлаудың құрамын мынадай логикалық операцияларға бөлуге болады: салыстыру, талдау, жалпылау, абстракция және ұсыну. Салыстыру заттардың айырмашылығын ажыратуға септігін тигізсе, нәтижесі жіктеу бола алады. Ойлаудың бұл амалы теориялық және практикалық танымның алғашқы формасы бола алады. Анализ – соңынан салыстыруға келетін элементтерден тұратын пәннің ойша немесе практикалық бөлшектерге бөлінуі. Синтез – аналитикалық бөліктердің біртұтастыққа бірігуі. Анализ және синтез, әдетте, бірге жүзеге асып, шындықты неғұрлым терең тануға септігін тигізеді. С.Л. Рубинштейннің пікірінше: «Анализ және синтез – барлық танымдық процестің ортақ белгілері. Олар тек ойлау амалына ғана емес таным мен қабылдауды сезінуге де жатады. Теориялық, практикалық, бейнелі және абстрактілі интеллект ойлау амалдарымен, әсіресе синтез және анализбен жүзеге асады».

  1. Заттың мәнді белгілерін ажырата білуін дамыту.

Белгілер дегеніміз – заттардың бір-біріне ұқсастықтары немесе айырмашылықтары, яғни олардың қасиеттері мен арақатынастары да белгілерге жатады. Біздің жағдайымызда ойлаудың сипатына, түріне қатысты айшықты белгілері жүйеленіп, болашақ маманның педагогикалық іс-әрекетінде қолданылу қабілетімен ерекшелінеді.

Болашақ биолог студенттерінің шығармашылық әрекетін жүзеге асыруда септігі тиетін белгілер – өсімдіктердің анатомиясы мен морфологиясын оқып- үйренуде дәрісте, семинарда және зертханалық сабақтарда қолданылатын білім алушылардың сыни ойлауын, өз бетімен жұмыс істеуіне септігін тигізетін әрекеттер мен қабілеттері дамытуға жатады. Сонымен қатар инновациялық ойлауда ой мен пікірдің өткір, әсерлі айтылуына әрі мағыналық өрістің кеңеюіне кең өріс ашады.



  1. Қоршаған орта құбылыстары мен заттары, қатынастары мен маңызды байланыстарын табу.

Ойлау амалдары арқылы қоршаған ортаны тану, құбылыстар мен заттардың өзара қатынастарын, өзара байланысын ажырата білу болашақ маманның инновациялық ойлауына септігін тигізетіні сөзсіз. Табиғатта өсімдіктің түрлерін, соның ішінде сояны тамшылатып суару арқылы анатомиясы мен морфологиясын танып білу де ойлау амалдарын жүзеге асыруға көмектеседі.

Қоршаған орта құбылыстары мен заттары туралы білім беру студенттің ақыл-ойын дамытуға бағытталған үлкен міндеттерді шешеді. Нақты обьектілер мен құбылыстарды оқып-үйрену кезінде оның бақылау қабілеті дамиды.

Байқағыштық – заттар мен құбылыстарды саналы түрде қабылдай білу, олардың өзіне тән және ортақ белгілерін табу, белгілі заңдылықтарды байқау, оларды талдап қорытынды жасай білу қабілеті. Байқағыштық жүйелі жаттығулардың барысында біртіндеп дамиды. Мұның бәрі студенттің ойлау қабілетін дамытуда, қоршаған ортаны танып білуінде маңызы зор. Жаратылыстану ғылымдары логикалық индукция және дедукция әдістерін үйретеді, құбылыстардың мәніне терең бойлау дағдысын қалыптастырады.

Логикалық ойлаудың дамуы бірнеше кезеңнен тұрады.



  1. Фактілер мен құбылыстарды бақылау;

  2. Жауапты іздеу үшін мәселе (шарт) қою;

  3. Бақыланып отырған нәрсе бойынша мүмкін болжамдар жасау;

  4. Болжамды зерттеу және дұрыс жауапты тәжірибе жүзінде тексеріп, логикалық тұрғыда талдап, тиянақты қорытындылай білу.

Қоршаған дүние объективті түрде өмір сүретін болғандықтан, ондағы заттар мен құбылыстары алдымен санада бейнеленеді. Көру, сезіну, түйсіну арқылы сезім мүшелерге материалдық түрде әсер етеді де біз оларды қабылдаймыз. Қабылдау барысында сыртқы сезім мен ішкі сезімдер біріге отырып танымды нақтылай түседі. Сезім арқылы таныған дүниені ғылыми біліммен байланыстырғанда ғана білім қалыптасады.

Студенттің оқу үдерісінде қызығушылығы – өздігінен үйрену, танып білу белсенділігін арттыру мақсатында жүргізілетін оқу жұмыс формаларын ұйымдастыруға үйретуде. Жаратылыстанудың жалпы әдістемесінің аса

маңызды міндеттерінің бірі – ғылым ретінде жаратылыс пен оқу пәні ретінде жаратылыстану арасындағы байланысты анықтап береді.

Қоршаған орта құбылыстары мен заттары туралы білім беру барысында үнемі бар заттар мен құбылыстарға, байқалатын байланыстар мен қатынастарға сүйеніп, студенттердің сенімін арттыру арқылы ғылыми ұғым беріп, соның нәтижесінде барып олардың ой қорытуына жағдай жасалады. «Студент бір затпен танысатын болса, сол зат туралы айтып қана қоймай, қолына алып көрсет, сол заттың суретін салдыр, суретпен ғана қанағаттанбай, студенттерге соя өсімдігін зертханалық жағдайға өсіріп, микроскоппен ішкі анатомиясын көрсет, сонда сабақтың әсері күшті болып, іскерлікке дамытудың бір шарты болады», - дейді М. Жұмабаев. Оның бұл пікірі осы кезге дейін құнын жоймай келеді.

Қазіргі таңда білім беруде, оқыту үрдісін қамтамасыз ету үшін студенттердің ойлау қабілетін, қиялын жетілдіру, шыңдау мақсаттары жүзеге асырылуда [114].


  1. Өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеу.

Пікірдің дұрыстығын дәлеледеу үшін болашақ маманның теориялық білім мен практикалық дағдысы болуы керек. Біздің зерттеу жұмысымызда өсімдіктің анатомиясы мен морфологиясын оқып үйренуде негізгі тұжырым жасап, дәл ойлауды талап ететін пікірдің құндылығы маңызды. Пікірдің дұрыстығын дәлелдеу үшін ойлаудың нақтылығы мен анықтығын, пікірдегі мұқияттылық пен зерделілікті сенімді өрнектеп, сөз құрау мен өз ойын шашыратпай, жинақтауға үйретеді.

Өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеу үшін білім алушыларға әңгіме, дебат семинар жүргізу әдістерінің пайдасы мол.

Әңгіме-дебат – әңгімелесу пікірталастары әдістерінің ішінде елеулі орын алады. Оның оқыту үдерісіндегі ең басты қызметі – танымдық қызығушылықты ынталандыру, студенттерді қандай да мәселе бойынша түрлі ғылыми көзқарастарды белсенді түрде талдауға қатыстыру, басқа жеке тұлғаның және өзінің көзқарастарының негіздерін түсінуге жағдай жасау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет