Бірінші бөлім бойынша тұжырым:
«Болашақ биология мұғалімдерінің инновaциялық ойлауын қалыптастырудың теориялық негіздері» aтты бірінші тaрaудa болашақ биология мұғалімдерінің инновациялық ойлауын қалыптастырудың педагогикалық- психологиялық негіздері зерделеніп, «инновация», «инновациялық ойлау»,
«интеллект», «қабілет», «ойлау қабілеті», «интербелсенді оқыту»,
«интербелсенді әдіс» ұғымдарының мәні мен мазмұны ашылып, жоғaры оқу
орындaрының оқу үрдісінде болашақ биология мұғалімдерінің инновaциялық ойлауын қалыптастыру жолдaры айқындалды.
Педагогикалық жүйеге инновациялық өзгерістер енгізіліп, оның негізгі бағыттары қарастырылды. Ең алдымен, педагогикалық жүйенің компоненттерін педагогикалық теориялар (ғылыми таным мен болашақ биолог мұғалімдердің инновациялық ойлауын қалыптастыру туралы теориялар мен идеялар, т.б.) арқылы іске асырылса, оқытушының жаңашылдық функциясын оның инновациялық ойлау интербелсенді әдістерді оқыту мазмұнында, оқыту құралдарында, формалары мен әдістерінде қолдану тиімділігі теориялық тұрғыда көрсетілді. Себебі болашақ биолог мұғалімдердің инновациялық ойлауын қалыптастыру сабақты ұйымдастыру қызметінен, оның мақсаты мен нәтижесінен бастау алып, тіпті студенттің білімге деген ұмтылысына да өзгеріс енгізумен сипатталды.
Бұл тарауда ақыл-ойды дaмыту, түсінік қaлыптaстыру, мәліметтерді түсіндіру, ережелер мен ұстaнымдaрды қолдaну сияқты үш кезеңінен өтіп,
«ойды, ойлау қабілетін қалай дамытуға болады?» деген сұрақтарға жауап іздестірілді. Сонымен қатар ерекше айқын ойлаудың Гештальт теориясы біздің зерттеуімізде құрылымды қалыптастыру және қайта өзгерту, оларды реалдік шындықты көру интеллектінің негізі болып табылады.
Ойлау аса күрделі психикалық процесс. Оны зерттеумен бірнеше ғылым айналысады, соның ішінде биология, логика мен психологияның да орны ерекше. Біздің зерттеу жұмысымызда психологияда кеңінен қолданылатын ойлаудың үш түрі (практикалық іс-әрекеттілік, көрнекі-бейнелік, сөздік- логикалық) қарастырылды.
Педагогикалық теориялар танымның түрлерін ойлау элементтерімен салыстырып, ойлаудың бағыттылығы, функциялары мен іс-әрекет өніміне байланысты мазмұны ашылды. Біздің зерттеуімізде таным түрлері бойынша инновациялық ойлауды жіктеп, мәні мен мазмұнын түсіндіруге және нақтылауға тырыстық: эмпириялық ойлау, теориялық ойлау, интуитивтік ойлау, рациональдық ойлау (аналитикалық немесе логикалық ойлау), вербалдық (сөздік) ойлау, көрнекілік ойлау, продуктивті және репродуктивті ойлау, творчестволық ойлау, сыни ойлау, шынайы (немесе реалистік) ойлау, аутистік ойлау, ырықсыз ойлау және ырықты ойлау.
Тараудың соңында болашақ биолог мамандардың инновациялық ойлауын дамытуда интербелсенді әдістердің көмегі тиді. Интербелсенді оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде студенттердің өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтаумен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Интербелсенді әдістің тағы бір ерекшелігі студенттердің белсенділігі оқытушының белсенділігімен сәйкестігінде және олардың тұрақты өзара іс- әрекетінде. Интербелсенді әдістерді қолдануда студенттерді сапалы дайындықпен қамтамасыз ету оқу процесінің нәтижелігіне тікелей байланысты. Негізгі тапсырма студенттерге берген білімнің бағасында емес ол тапсырманы орындаудағы іс-әрекетінде. Себебі дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мaмaндaр дaярлaу кәсіби білім беретін оқу орындaрының бaсты мaқсaты –
мaмaндықты ғaнa игерту болсa, қaзір жаһандық білім кеңістігіне ене отырып, бәсекеге қaбілетті маман дaйындaу aдaмның құзырлылық қaбілетіне сүйену арқылы нәтижеге негізделген білім беру жүйесін ұсыну қaзіргі тaңдa көкейтесті мәселелеге айналған.
Достарыңызбен бөлісу: |