Рефлексивтік оқыту. Мұғалімдердің көпшілігі, білімдері мен кәсіби дайындықтарына сәйкес, өздерінің жұмыстары туралы толғаныста болатыны шындық, дегенмен бұл жердегі мақсат – үдерісті жарқын бейнелі, жүйелі және басқа адаммен ортақ ету. «Рефлексивті практик» деген ұғым философ, психолог және оқу реформаторы Джон Дьюи мен философ, индустриялық және технологиялық зерттеуші Дональд Шонның жұмыстарынан шығып отыр. Дьюидің «Біз қалай ойлаймыз?» деген кітабы рефлексивтік ойды шешуге жататын мәселелерді зияткерлендіру тұрғысынан қарастырып, іске асыра отырып оқытуға ерекше ықпал етті.
Үдерістің бұл мағынасы Шонның соңғы еңбектерінде рефлексивті тәжірибені оқытушылардың проблеманы анықтау және өз іс-әрекеттерінде эксперимент жүргізе отырып шешу әдісі ретінде қарастыратынына байланысты. Шонның «Рефлексивті практик: кәсіби іс-әрекетте қалайша ойланады» деген кітабының ықпалы күшті болды. Ол «техникалық ұтымдылық» ұғымын кәсіби білім негізі деп тануды жоққа шығара отырып, кәсіпқойлардың не істейтіндігін түсіну негізіне «ойлану» түсінігін қоюы бұл іске қосқан зор үлесі болып табылады. Техникалық ұтымдылық кәсібилікпен салыстырғанда негізгі парадигма бола алмады. Оның «іс-әрекеттегі толғаныс» деген ұғымы кейде «іс барысындағы толғаныс» ретінде де сипатталады. Бұл біздің тәжірибемізге, біздің сезімдерімізге байланысты және пайдаланудағы біздің теориямызға көңіл бөлуді қамтиды, ахуал өзгерген жағдайда біздің іс-әрекеттеріміз өзгеруі үшін жаңа ұғымды түзуге әкеледі. Бұл үдерістен кейін «іс-әрекеттен кейінгі толғаныс» жүреді.
Бұл үдеріс кейінірек, біз жазбаны аяқтап, оны әріптесімізбен немесе тәлімгермен талқылай бастағанда жүзеге асырылады. «Іс-әрекеттегі толғаныс»
актісі топта не болып жатқанын, өзіміздің белгілі бір жағдайда неге тап осындай іс-қимыл жасағанымызды зерттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар біз өзіміздің іс-әрекетіміз бен тәжірибемізге қатысты бірқатар ойлар мен сұрақтарды анықтаймыз.
Төмендегі дағдылардың кейбіреуі рефлексивтік оқыту тұрғысынан қолданылады:
мәселелерді мойындап, оларды шешудің тиімді құралдарын іздеу;
басымдылықты белгілеудің маңыздылығын және міндеттерді шешуде олардың басым мәнін түсіну;
релевантты ақпаратты жинақтау мен сұрыптау;
нақты және түсінікті сипаттама;
белгіленбеген жорамал мен құндылықтарды мойындау;
шешім қабылдап, дәлелдемелерді бағалау үшін нәтижелерді өз бетінше түсіндіру;
қол жеткізілген тұжырымдар мен жалпылауларды қуаттау;
алынған тәжірибенің негізінде ұстаным модельдерін түзету.
Кесте - 4 Білімгерлердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін қажет ететін негізгі ерекшеліктер
-
Ерекшеліктер
|
Мазмұны
|
1
|
2
|
Ұтқырлық
|
ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылу; үзілді-кесілді жауаптарды іздеудің орнына сұрақтар қою; дәлелдерді талап етіп, кез келген дәлелді есепке алып отыру; эмоцияға емес, себепке негізделу
|
Сыңар жақтылықтың болмауы
|
болжамды көзқарастар мен мүмкіндіктердің барлығын қарастыру; баламалы интерпретацияларға ашық болуға ұмтылу
|
Пайым
|
дәлелдердің деңгейі мен маңызын мойындау; балама жорамалдар мен мүмкіндіктердің орынды екендігін немесе артықшылығын мойындау
|
Тәртіп
|
тиянақты, нақты және жан-жақты болу
|
Өзіндік сана- сезім
|
өзіміздің эмоциямыз бен көзқарасымыздың, сеніміміз бен болжамдарымыздың субъективті екенін сезіну
|
Достарыңызбен бөлісу: |