Нормативтік сілтемелер


ЖҰМБАҚТЫҢ БАСҚА ЖАНРЛАРМЕН АРА ҚАТЫНАСЫ



бет6/18
Дата08.05.2023
өлшемі133,61 Kb.
#91060
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Жанат Тұрсын диссер

2 ЖҰМБАҚТЫҢ БАСҚА ЖАНРЛАРМЕН АРА ҚАТЫНАСЫ
2.1 Жұмбақ және мақал-мәтелдер
Жұмбақтар поэтикалық құрылымы жағынан мақал-мәтелдерге ұқсас.
Американдық эгнограф Э.Тайлор жұмбақ ықылым дәуірлерде мақал-мәтелмен бір болған, кейінірек ажырап, екі жанр өз жолымен дамыған деген ой айтады [9].
Мәтелдер өзінің ой байламын тұспалмен астарлап білдіреді, осы жағынан алғанда жұмбаққа өте жақын. Мына төмендегі мәтелдер жұмбақ ретінде де жүреді: «Ел жатса да енекем жатпайды», «Ашылмаған сандықта пішілмеген құндыз бар», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аларсың», «Үй артында бәйтерек, күресуге кісі ке рек», «Сырты жылтырауық, іші қалтырауық екен».
Қазақ мақал-мәтелдерін зерттеген Б.Адамбаев пен Б.Абдуллина аралық жанр ретінде жұмсалатын жұмбақтар бар екендігіне тоқталады [10].
1993 жылы «Ана тілі» баспасынан шыққан «Қазақ мақал-мәтелдері» жинағынан:
«Көшерімді жел білсін,
Қонарымды сай білсін» (160-б.), -
дегенді оқи алсақ, бұл мәтел «Қарақалпақ фольклоры» (Нөкис, 1978, ІІІ-т, 95-б.) атты кітапта сәл фонетикалық өзгеріспен жұмбақпен берілген. Шешуі – қаңбақ.
Халқымызда:
«Күн бір жауса,
Терек екі жауады», - деген мақал бар.
Сонымен бірге теректі астарлай:
«Күн бір жауса,
Ол екі жауады», - деп жұмбақтайды.
Жұмбақ пен мақал-мәтелдің қарым-қатынасы екі жақты. Біріншіден, жұмбақтың мәтелге айналуы ықтимал, ол үшін жұмбақтың байламын табу шарты сақталмауы қажет, көбінесе байламы ұмтылған жұмбақ мақал-мәтел қорына қосылуы да мүмкін. Екіншіден, мақал-мәтел жұмбақ ретінде қолданылып, шешімін табуды тілейді. Мәселен, тіліміздегі: «ауру батпандап кіреді, мысқылдап шығады» - деген мәтелдің алғашқы «ауру» сөзі түсіріліп, жұмбаққа айналған, яғни шешімі – ауру.
Осы екі жанрдың бір-біріне оңай ауысып, көше алуы сыртқы тұрпатының ұқсас болуымен қатар мазмұны, сөз саптауының ұқсас болуымен іліктес. Мәтел де ойды астарлап, емеурінменбілдіреді, адамға екі ұшты ой тастайды, оның бүкпе ойын іштей ұғынып, сезінеміз.
Тілден тұрақты сөз тіркестері – фразалар мен идиомалардың да жұмбақка айнала алатынын мысалдар айғақтайды. Төменшіктеп, жасқаншактап, именіп жүруді білдіретін «жусаннан аласа, бетегеден биік» тіркесі қоянның жүріс-тұрысын, қасиетін дәл көрсететін жұмбақка айналған.
Жер астынан жік шықты,
Екі құлағы тік шықты - деген тіркес табан астынан бәле шықты, ойламаған жерден кісімсіп, ақылдысынып, қожасынып шыға келді деген мағынада айтылады. Қырғыз халқында осыған орай:
«Жерден жик чыгат,
Эки құлағы тик чыгат», - деген тышқан [12, 82] туралы жұмбақ бар.
Қазақта көңілі жарым, іші құса болып жүрген адамғабайланысты айтылатын «сырты бүтін, іші түтін» дейтін тіркес саңырау құлақ туралы жұмбақ ретінде де жұмсалады.
Тұрақты сөз тіркесі, мақал-мәтел сөйлеу кезінде әр түрлі мақсатта пайдаланылады, олардың ауыс, бейнелі мағынасын іштей ғана ұғынып, қабылдаймыз, шешімін табу шарттылыққа жатпайды.
Жұмбақтың кейде мақал ретінде қолданылуына тек қазақ емес, дүние жүзі халықтары фольклорынан көптеп табуға болады. Жұмбақ пен мақал-мәтелдердің жақындығын фин фольклоршысы М.Кусси, түрік ғалымы М.И.Башгез, орыс паремиологтары
В.В.Митрофанова мен Г.Пермяков атап көрсетеді [13, 315; 14, 116; 15, 93]. Паремиологиялық әдебиетте Riddle Proverds, яғни «жұмбақ-мақал» деген термин орныққан .




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет