Жеке практикамен айналысатын нотариустың жалдама қызметкер ретiнде еңбек
қатынастарында болуға құқығы жоқ.
Қазақстан Республикасының əкiмшiлiк-аймақтық бөлiнiсіне сəйкес бiр облыстың,
республикалық маңызы бар қаланың жəне астананың аумағы нотариаттық округ болып
танылады.
Нотариаттық округ шегiндегi мемлекеттiк нотариустың
қызмет ету аумағын
аумақтық əдiлет органы белгiлейдi.
Нотариаттық аумақ шегiндегі жекеше нотариустың қызмет ету аумағын
нотариаттық палатамен бiрлесе отырып, аумақтық əдiлет органы белгiлейдi. Аумақтық
əдiлет органы халыққа мемлекеттiк жəне жекеше нотариустардың қызмет ету аумағын
үнемi хабарлап отырады.
Нотариустың қызмет ету аумағы Заңның 34-бабы 1-тармағының 3, 4, 5-
тармақшаларында, сондай-ақ 54-бапта көзделген iс-əрекеттердi
жасаған жағдайда
сақталады. Басқа жағдайлардың бəрiнде жеке жəне заңды тұлғалардың нотариаттық iс-
əрекеттер жасату үшiн кез келген нотариусқа жүгiнуге құқығы бар.
Нотариаттық iс-əрекеттер жасауға арналған үй-жай 21-баптың 1 жəне 2-
тармақтарында көзделген тəртiп бойынша белгiленген аумақ шегiнде болуға тиiс.
Нотариаттық iс-əрекеттер мемлекеттiк нотариат кеңсесiнiң үй-жайынан тыс жəне жекеше
нотариустың
үй-жайынан
тыс
жерлерде
жасалуы
мүмкін.
Нотариустың өзiнiң тегi, аты, əкесiнiң аты, сондай-ақ мемлекеттiк нотариус
кеңсесiнiң атауы (мемлекеттiк нотариустың мөрi) не нотариус лицензиясының нөмiрi мен
берiлген күнi көрсетiлген (жекеше нотариустың мөрi)
жеке мөрi, куəландыру
жазбаларының мөртабандары мен жеке бланкiлерi болады.
Нотариаттық iс-əрекеттер жасау тəртiбi Нотариат туралы Заңмен, басқа да заң
актiлерiмен жəне Қазақстан Республикасының Əдiлет министрлiгi бекiтетiн
Нотариустардың нотариаттық iс-əрекеттер жасау тəртiбi
туралы нұсқаулықпен
белгiленедi. Нотариаттық iс-əрекеттер бұл үшiн барлық қажеттi құжаттар табыс етiлiп,
мемлекеттiк нотариус немесе осы Заң арқылы нотариаттық iс-əрекеттер жасауға уəкiлдiк
берiлген адамдар нотариаттық iс-əрекеттер жасаған жағдайда мемлекеттiк баж төлеген не
жекеше нотариустың нотариаттық iс-əрекеттерiне ақы төленген күнi жасалады.
Нотариаттық iс-əрекеттер жасау мынадай негiздер бойынша:
1) жеке жəне заңды тұлғалардан қосымша мəлiметтердi талап ету қажет болуына;
2) құжаттардың сараптамаға жiберiлуi негiзiнде кейiнге қалдырылуы мүмкiн.
Нотариаттық iс-əрекет жасауды кейiнге қалдыру мерзiмi нотариаттық iс-əрекет
жасауды кейiнге қалдыру туралы қаулы шығарылған күннен бастап бiр айдан аспауы
керек. Басқа бiр мүдделi адам куəландырмақшы болған құқықты немесе фактінi сотта
даулаушы мүдделi адамның өтiнiшi бойынша нотариаттық iс-əрекет жасау он күннен
аспайтын мерзiмге кейiнге қалдырылуы мүмкiн. Егер осы мерзiм iшiнде соттан өтiнiштiң
түскенi
туралы хабар алынбаса, нотариаттық iс-əрекет жасалуға тиiс. Басқа бiр мүдделi
адам куəландыруды өтiнген құқықпен фактiнi даулаушы мүдделi адамның өтiнiшi түскенi
туралы соттан хабар алынған жағдайда, нотариаттық iс-əрекет жасау сот iстi шешкенге
дейiн тоқтатыла тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: