Модульдік оқыту — оқу ақпаратын блокты-модульді негізде ұсынып, оқу үдерісін ұйымдастыру тәсілі I модуль – Негізгі сұрақтар мен ұғымдарды мұғалімнің ауызша баяндауы; II модуль – өзіндік және тәжірибелік жұмыстар. Оқушылар әр түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасау арқылы тақырыпты ашады. Сабақтың бұл кезеңінде -практикумдар, семинарлар, ойындар өткізіледі; III модуль – тақырыпты қайталау және қорытындылау; IV модуль- тақырып бойынша оқушының білімін бақылау. Ойын арқылы оқыту — бұл білім, білік, дағды, іс-әрекетті эмоциялық бағалау сияқты қоғамдық тәжірибені меңгеру және қалпына келтіруге бағытталған шартты жағдайларда құрастырылған оқыту түрі: Ойын оқытады, дамытады, тәрбиелейді, әлеуметтендіреді, қызықтырады және демалуға мүмкіндік береді. Бірақ оның тарихи мәселесі — оқыту. терапиялығы Ойын Эмоционалды диагностикалық рақаттандырады коммуникативтілігі өзін-өзі жетілдіру Мәдени-әлеуметтілігі сюжет шарттар қатысушылар хронотоп деректемелер Ойын нәтижесі Ойын технологиясының функционалдығы мен құрылымы Кейс-технологиясы білім алушыға оқу-әдістемелік кешен түрінде берілген ақпараттық білім ресурстарын әр түрлі ақпарат тасымалдауыштарды қолданып өз бетімен (кейстер) пайдалана алуға мүмкіндік береді. Телекоммуникациялық құралдар білім алушы, оқытушы және топ мүшелерінің байланысын, сондай-ақ оларды қосымша ақпараттық ресурстармен қамтамассыз ету үшін қолданады. Жеке және топ ішінде өткізілетін ашық сабақтарға (консультацияларға) елеулі рөл беріледі, оларды арнайы дайындалған оқытушы өткізеді. Сабақтағы Кейс-технологиялардың негізгі кезеңдері : 1) Мұғалім әр оқушыға оқытылатын тақырып бойынша оқу-тәрбие материалын жеке дайындап, ұсынады; 2) Тақырыпқа байланысты әрбір сұрақты оқушылар жоспарлы және дәйекті түрде талқылайды, кейбір мәселелерді жеке, кейбіреуін топпен орындайды, жеке көмек көрсетіледі;