3) Мұғалім оқытылатын тақырыпты міндетті түрде қорытады, кемшіліктерді анықтайды, зерделейді, түсініңксіз сұрақтарға жауап береді, жояды; 4) Өтілген бөлім, не тақырыпқа диагностика жасалады. Кейс-технологиясының артықшылықтары:
тіпті ауырған жағдайда оқушы босатылған сұрақтарды көріп олармен өз еркімен жұмыс жасай алады;
оқушы берілген тақырыпқа байланысты уақытты жоспарлай алады;
Мұғаліммен сөзсіз бағаланатын, сыныптастар алдында кеңесші ретінде сөз сөйлейтін кейбір оқушының қорытынды сабаққа неғұрлым жақсы дайындалуға деген ынтасы туады;
Жыл соңында оқушыда барлық оқылған тақырыптар бойынша оқу-әдістемелік кешені жиналып тұрады, оларды ол емтихан кезінде қайталау ретінде пайдалана алады.
Интернет – технология ғаламдық және жергілікті компьютерлік желілерді қолданып білім алушылардың ақпараттық білім беру ресурстарына қол жеткізу, әдістемелік, ұйымдастырушылық, техникалық және бағдарламалық құралдарды қалыптастыру және оқу үдерісінің субьектілерін оның орналасқан жеріне қарамастан басқару. Интернет-технологияны іске асырудың басты кезеңі болып қашықтағы оқу-әдістемелік материалдарымен қамтамассыз ету үшін, оқу үдерісінің ағымдағы ақпаратын алу (off - line) оқытушы – кеңесшілермен қарым-қатынас жасау және т.б. үшін автоматтандырылған электрондық қызмет көрсету. Дальтон-технологиясы еркіндік, дербестік, ынтымақтастыққа негізделеді. Бұл технология шығармашылық тапсырмалар жүйесі (дальтон - тапсырма), зертханалық жұмыстар (жеке және ұжымдық оқу-танымдық өзіндік жұмыс), сенім атмосферасын құру, жауапкершілік, сәттілік.