Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!


Гүлнаурыз: Дән тасқын - тасқын түсімге бай болсын! (ыдыстарға бидай, тары салады). Гүлнаурыз



бет2/5
Дата07.04.2023
өлшемі28,92 Kb.
#80258
1   2   3   4   5
Гүлнаурыз: Дән тасқын - тасқын түсімге бай болсын! (ыдыстарға бидай, тары салады).
Гүлнаурыз
Күттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы.
Елімнің дастарханына
Береке, ырыс сыйлашы.
Ата-бабам тойлаған
Наурызымыз армысың!

  • Анашым, Қыдыр атаны күту үшін көршілерді үйге шақырсақ. Бәріміз бірге күтсек.

  • Жарайды, жаным!

  • Жансерік әжесімен кіреді.

Мариям әжесі – Наурыз тойдың басталуына шашу шашайық , балам. Шашу – қуаныш айғағы ретінде жасалатын өте сұлу да салтанатты дәстүр.
Жансерік

  • Шашу, шашу шашайық,
    Ақ сандықты ашайық.
    Бұл мереке, бұл тойда,
    Керемет рәсім жасайық.

  • Әжесі шашу шашады.

Лаула әжесімен шығады.
-Әже, мереке құтты болсын.Неге ұлыстың ұлы күні деп аталады?

Әжесі: Ұлыстың ұлы күні


Наурызды не себепті Ұлыстың ұлы күні деп атағаны жөнінде мынадай аңыз бар: Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауына тоқғанда, жер бетін жайлаған топан су кері қайтады. Барлық тіршілік иелері көк аспаннан түскен қасиетті қазаннан бірге дәм татады. Содан бұл күнді – ұлыстың ұлы күні деп жариялайды, қызым. (тілек айтады) Ал, қызым екеуміз өлең айтып, тойымызды қыздырайық.
Ән:
Айлин
Тәуелсіз биік халқымның
Желбіреп туы шалқысын.
Әз Наурыз келіп еліме
Жер – Ана бойы балқысын.
Жаңғырар дәстүр-салтымның
Көзелсін бұлақ жылғасы
Қастерлі менің халқымның
Мереке Наурыз – жыл басы! –
-Анашым, неге Әз Наурыз деп аталады?
Қаламқас

Әз


Күн мен түн теңескен кезде жер-көкті жарып бір гуіл естіледі. Оны халық жан-жануар ішінде қой ғана сезеді деп есептеген. Сол үнді «әз» дейді. Халық арасында осы үннен кейін жер аяғы кеңіп, күн жылынады деген сенім бар. “Әз болмай, мәз болмайды” деген содан шыққан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет